Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Қырғыз президенті Сооронбай Жээнбеков Халықаралық Түркі академиясының басшысын қабылдады
Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесті, деп хабарлайды president.kg.
Медицина • 04 Шілде, 2018
Курчатов қаласына Бауыржан Момышұлының келіні келді
Курчатовта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» жобасына орай қала әкімі Алмас Оңдақановтың ұсынысымен Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова Алматыдан арнайы келді. Курчатовта Зейнеп апамен кездесуге келген халықтың санында шек болмады. Бір қарағанда, халық саны аз болып көрінетін қала туған тіл мен дінге, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген сағынышын, ең бастысы Зейнеп Ахметоваға деген ыстық ықыласын бірден аңғартты. Кеш «Бабамнан қалған мұра ізеттілік,арымды қойғам соған күзеттіріп» деп аталды.
Әдебиет • 04 Шілде, 2018
Бішкекте «Айтматов империяның соңғы жазушысы» атты кітаптың таныстырылымы өтті
Бішкектегі Қырғыз Ұлттық ғылым академиясында қырғыз елінің қоғам қайраткері, көрнекті қаламгер Османақун Ибраимовтың орыс тілінде жарық көрген «Айтматов империяның соңғы жазушысы» атты су жаңа кітабының таныстырылымы өтті. «Адамзаттың Айтматовы» атанған заңғар жазушы Шыңғыс Төреқұлұлының шығармашылық қыры мен өмір сырынан хабар беретін айтулы еңбек Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен жарық көріп отыр.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Сырдария ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендейді
Сырдария ауданында 2018 жылы 725 жаңа жұмыс орны ашылу керек болатын. Аудан әкімі Ғанибек Қазантаев қазір 283-інің ашылғанын, жыл соңына дейін 423 жұмыс орнын күтіп отырғандығын айтады. Сонда ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайыздан 4,9 пайызға төмендейді екен.
Үкімет • 04 Шілде, 2018
Б.Сағынтаев Татарстан президентімен инвестициялық ынтымақтастықтың келешегін талқылады
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының таныстырылымына және Қазақстан елордасының 20 жылдығын мерекелуге қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен келген Татарстан Республикасының президенті Рустам Миннихановпен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.
Бизнес • 04 Шілде, 2018
Қызылордада шағын және орта бизнеске қолдау көп
Қазалы ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтардың қатары жылдағыдан анағұрлым көбейіп келеді.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Ақтөбеде тұрғындар үшін қолжетімді коттедждер салынды
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты – тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар мен тұрғындардың санын азайту екені белгілі. Яғни аталған бағдарлама аясында баспаналы болғысы келгендер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ желісі арқылы өз мақсаттарына қол жеткізе алады. «Нұрлы жер» қатып-семіп қалған емес, керісінше тұрғындардың мүмкіндігі мен ыңғайына және әр түрлі талап-тілектері мен сұраныстарына қарай икемделе алатын жанды бағдарлама. Осы орайда соңғы жылдары Ақтөбе аймағында тұрғызылған тұрғын үйлер мен коттедждердің елімізде ешқандай баламасы болмай отыр.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Қостанай облысында бірнеше аудандар мен Арқалық қаласында әкімдер ауысты
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов аудандық және қалалық мәслихаттар депутаттарымен келісе отырып, жаңа әкімдер тағайындады. Сарыкөл ауданына Амантай Балғарин тағайындалды, ол осыған дейін Арқалық қаласын басқарған болатын.
Әдебиет • 04 Шілде, 2018
Есбол Нұрахмет. Табақ бет, таңқы танау (новелла)
Жиырма алты жасқа толған күні таңертең дел-сал күйде шаршап ояндым. Оянсам үй ішіне мол жарық тарап, ауа сәл салқын тартыпты. Маңдай алдымда тұрған қабырға сағат төрт жарымды көрсетіп қатып қалған. Басым сынып кетердей мең-зең, таң атқанша шым-шытырық түс көрдім, енді бірі де есімде жоқ. Бетімді уқалап, мойнымды айналдырып, керіліп, бойымды жинауға тырыстым.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018