Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
61075 материал табылды

15 Қаңтар, 2019

Фото арқылы диагноз қою: нейросеть генетикалық ауруларды анықтайды

Америкалық DNA компаниясы DeepGestalt бағдарламасын жасап шығарды. Ол жүйе «терең оқыту» алгоритмін пайдалана отырып, фото арқылы генетикалық ауруларды анықтай алады. FDNA-ның бұл зерттеуі Nature Medicine журналында жарияланды. Бұл туралы BBC хабарлады.

14 Қаңтар, 2019

Каршеринг: кімге пайда, кімге зиян?

Өткен жылдың қазан айынан бастап Алматыда автокөліктерді жалға алуға арналған «Anytime» каршеринг жүйесі  іске қосылған болатын. Жоба жүзеге асқалы бері жүз мыңға жуық азамат бұл жүйенің мобилді қосымшасына тіркеліп, 60 мың адам жалға берілетін автокөліктердің қызметін пайдаланып үлгеріпті. Теп-тегіс көшелерінен кептеліс үзілмейтін алып шаһар тұрғындары үшін бұл жаңашылдықтың тиімді және тиімсіз тұстары қандай?

14 Қаңтар, 2019

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құрылғанына 25 жыл толды

1994 жылдың 14 қаңтарында Президент Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің құрылғанына бүгін 25 жыл толып отыр. Сондықтан бұл атаулы күннің архив ісі саласындағы ғана емес, сонымен қатар тәуелсіз елдің саяси тарихындағы іргелі оқиға ретінде қабылдануына толық негіз бар.

14 Қаңтар, 2019

Хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан Түркияны жеңді

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионатында (1 дивизион, іріктеу) Қазақстан Түркияны тас-талқан етіп жеңді. 

14 Қаңтар, 2019

Алматыда биатлоннан Қазақстан кубогі бәсекесі өтеді

Алматыда биатлоннан Қазақстан кубогі сарапқа салынады деп хабарлайды Olympic.kz. 

13 Қаңтар, 2019

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандар марапатталды

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін «Біз біргеміз!» атты дәстүрлі салтанатты шара өтті. Осы жылы бұл шара мүгедектігі бар адамдар арасында белсенді өмір сүру салтын насихаттауға бағытталды.  

13 Қаңтар, 2019

ШҚО Батыс Алтай қорығының қысқы көріністері

Риддер қаласы аумағындағы Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері қорықтағы қыс кезіндегі табиғат көріністерін жұртшылық назарына ұсынды. 

13 Қаңтар, 2019

ШҚО-да кәсіпкер имамға көлік мінгізді

Өскемен қаласының тұрғыны, кәсіпкер Қайнар Дүйсенұлы қалалық «Защита» мешітінің бас имамы Алмас Кенжеғұловқа су жаңа көліктің кілтін жұма намазында жамағат алдында табыс етті.   

13 Қаңтар, 2019

Париждегі жарылыстан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ

Франциядағы Қазақстан Елшілігінің мәліметіне сай, Париждегі наубайханалардың бірінде болған жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы «Хабар 24» арнасы xабарлады. 

12 Қаңтар, 2019

Павлодар облысында 155 Үкіметтік емес ұйым жұмыс істемейді

Өңірімізде Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын қолдауға көңіл бөлінуде. Үкіметтік емес ұйымдар  әрқайсысы түрлі бағытта  спорт, жастар ісі, экология және басқа да салада жұмыс істеуде.