Тарих • 01 Ақпан, 2019
Сәкеннің Сталинге хат жазғаны рас па?
Тарих ғылымдарының кандидаты Жұмажан Сүлейменнің «Сәкеннің Сталинге хаты» атты мақаласы «Ақиқат» журналында (№10, 2018 ж.) үш айдан бері «салтанат» құрып тұр. Автор: «Ерте ме, кеш пе жарияланбай қалмайтын бұл хат төл тарихымыздың бір қызық дерегі. Төменде алғаш рет баспа бетін көргелі отырған Сәкен Сейфуллиннің Сталинге жазған бізге белгілі жалғыз хаты» деп бастайды. Неге алғаш рет? Бұл хат бұдан он бір жыл бұрын 2007 жылы «Алаш қозғалысы» деген кітапқа енген еді ғой. Содан бері неше мәрте талданған. Сонда ғалымдар құрастырған кітапты ғалым оқымаған ба?
• 01 Ақпан, 2019
Бизнес • 01 Ақпан, 2019
Кәсіпкер экономиканың тірегі болуы тиіс
Шағын және орта кәсіпкерлік дамыған елдерде экономиканың драйвері ретінде айрықша маңызды рөл атқарады. Кәсіпкерлік өркендесе, халық жеке іспен айналысуға бейім болса, мемлекеттің мұртын балта шаппайтынын олар әлдеқашан түсінген. Күні кеше Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының кәсіпкерлік саласына кезекті рет тоқталғаны бекер емес.
Экономика • 31 Қаңтар, 2019
Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық нығая береді
Қазақстан мен Еуропалық Одақ жаһандық күн тәртібінің негізгі тармақтары бойынша, оның ішінде терроризмге қарсы күрес, жаһандық және өңірлік қауіпсіздік, климаттың өзгеруі, адам құқықтары мен басқа да мәселелер бойынша ұқсас ұстанымдарына ие және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі. Мұндай қорытындылар Брюссельде «Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ» ынтымақтастық комитетінің 17-ші отырысы барысында жасалды.
Әлем • 31 Қаңтар, 2019
ВВС Еуроодақ аумағында штаб-пәтерін ашады
Ұлыбританияға тиесілі ВВС корпорациясы «Брекситтен» кейін Брюссель немесе Амстердам қаласында штаб-пәтерін ашатынын мәлімдеді. Бұл туралы The Times газеті хабарлады.
Өнер • 31 Қаңтар, 2019
Домбыраны қалай үйренуге болады?
Шетелден шақырту алып, қызмет бабымен көшіп бара жатқан бір бауырымыз Қазақстаннан аттанарда: «Әттеген-ай, домыра үйренсем деген арманымды орындамай кетіп бара жатқаныма өкінемін...», деп жазды. Осындай өкініш, байқасаңыз, көбіне тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінен кейін, не сәл бұрын туғандар, яғни қазіргі ата-аналарда кездеседі. Олар арасында өзінде кеткен олқылықтың орнын толтырғысы кеп, балаларын мүмкіндігінше домбыра үйірмесіне беруі байқалады. Бұл туралы балаларға домбырадан сабақ беретін мұғалім Еңглік Тілеулі айтты.
Аймақтар • 31 Қаңтар, 2019
2019 жылы Тарбағатай ауданының 5 ауылына ауыз су келеді
Жақында Тарбағатай ауданына жасаған жұмыс сапарымызда күре жолдың бойындағы Тәуке ауылына жолымыз түскен еді. Елуге жуық үйі бар елді мекенге екі жыл бұрын ауыз су павильионы орнатылыпты.
Парламент • 31 Қаңтар, 2019
Парламент Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Парламент Сенатының отырысында Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция ратификацияланды.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Қазақстан мен Оңтүстік Корея екі ел азаматтарының өзара сапарлары мәселелерін талқылады
Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы Сыртқы саяси ведомстволары арасында Консулдық мәселелер жөніндегі консультацияларының 5-ші отырысы өтті.
Қазақстан • 31 Қаңтар, 2019
Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысы тұрғындарымен кездесті
Бүгін Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барды. Онда кәсіпорындардағы еңбек ұжымдары мен тұрғылықты халықпен және жастармен кездесті.