Аймақтар • 23 Мамыр, 2018
Қ.Тоқаев: Атырау облысы – ел экономикасының флагманы
Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді. Өңір активімен және жұртшылығымен кездесу барысында Қ.Тоқаев Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту, әлемнің барлық мемлекеттерімен достық қарым-қатынасты сақтау бағытын дәйекті жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Жаңаөзенде судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүзу маусымының қарсаңында алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатымен Маңғыстау облысының ТЖ департаменті Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Ғ. Байжановтың төрағалығымен және Каспий теңізінің жағалауында орналасқан демалыс орындарының басшыларының қатысуымен отырыс өткізді.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Маңғыстауда өрт қауіпсіздігі бойынша 77 бекет орнатылды
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.Кездесу барысында қаралған мәселенің бірі - Орман және дала өрттерінің алдын алу және оларды жоюға даярлық туралы болды.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Маңғыстаулық полицейлер мұқтаж отбасыларға көмек берді
Ақпараттық-аналитикалық орталықтың бастамасымен Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінде Балаларды қорғау күніне орай мұқтаж жандарға қамқорлық жасау мақсатында қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі С.Шойгумен кездесті
Кездесу барысында тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың және Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы аясындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Менингиттен қалай қорғану керек?
Алматыдағы менингококк инфекциясына шалдығу оқиғалары қоғамда белсенді талқыланды. Бұл тұрғындардың алаңдаушылығын тудырғаны жасырын емес. Менингококк инфекциясына қарсы екпе әзірге Қазақстанның ұлттық екпе күнтізбесіне кірмегендіктен, бұл ауру туралы барлығы біле бермейді. Негізі, аталған екпе Мекке мен Мединаға қажылыққа барушы адамдардан міндетті түрде талап етіледі. Сондықтан менингококкқа қарсы екпені қажет ететін адамдар ел ішінде әлдеқайда көбірек екені жасырын емес. С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры, Тұрғындарды иммундау жөніндегі консультативтік комиссиясы төрағасының орынбасары Ләззат ЕРАЛИЕВА аталған аурудың белгілері мен одан қорғанудың жолдары туралы әңгімелеген еді.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
«Баян сұлу» жобасының жеңімпазы анықталды
Халықтық дауыс беру арқылы ең үздік Баян Сұлу образын таңдау шарасы басталған-ды. «BAYAN SULU-2018» Халықтық бейне – Халық таңдауы» бастамасының демеушісі қостанайлық «Баян Сұлу» кондитерлік фабрикасы болатын.
• 23 Мамыр, 2018
Қазақ әдебиеті әлем тілдерінде сөйлейді
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі саналатын «Жаһандағы заманауи Қазақстандық мәдениет» жобасының маңызы зор. Жоба аясында әдебиет пен мәдениет жауһарларын әлемге танытуға бағытталған ауқымды жұмыстар жоспарланған. Соның бірі қазіргі қазақ прозасы мен поэзиясы антологиясын құрастырып әлем тілдеріне аудару ісі.
Видео • 23 Мамыр, 2018
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Л.Гирш көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды
Ақын, жазушы, ІІ Дүниежүзлік соғыстың ардагері Л.Ю.Гирш есімі оқырмандар ортасына жақсы таныс. Он жеті жасында қолына қару алып, 1941 жылы еріктілер қатарында өзі туып-өскен Украина жерінен майданға аттанған, бүгінде запастағы полковник, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, Леонид Юзефович Гирш Достық үйінде жиналған қалың көпшілікке «Стихи о войне и мире» өлеңдер жинағын таныстырды.