Ұлттық экономика министрлігінің №246-2017ж және Ішкі істер министрлігінің №307-2017ж. бірлескен бұйрығымен бекітілген Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік бақылау тізімінің талап тізбесі мен ІІМ №34-15 бұйрығымен бекітілген судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.
ІІМ, ТЖК басшылығы мен Маңғыстау облысы әкімінің тапсырмасын жүзеге асыру және адамдардың суда қаза болуын болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың 19 мамыры күні Каспий теңізінің «Фетисово» шығанағындағы «Кендірлі» демалыс орнында нысанды жаттығу өтті. Қатысушылар өздерінің үйлестірілген жұмыстары мен дайындықтарын көрсетті.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы