Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Сегіз серінің туғанына – 200 жыл: «Ажарың ашық екен атқан таңдай»
1958 жылы Қазақ телевизиясы жарыққа шықты. Теледидардан күнде 20 минуттық бір-ақ концерт көрсететін. Күнде тыңдаған соң, әрине, сол концертті толайым жатқа білетінбіз. Сол бейнематериалдағы ән-би ансамблінің ерлер тобы тізерлеп отырып «Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін» деп ән салғаны әлі көз алдымда. Кейін музыка мектебінің бастауыш класында оқып жүргенде папам Латиф Хамиди нотаға түсірген «Илигай» мен «Ақбақайды» сыйлады. Үйге келген қонақтар «Ғайни», «Қарғаш», «Алқоңыр» әндерін қосылып айтатын. Тек қана «Гауһартасты» Бибігүл апайдан басқаның айтқанын жаратпайтынмын. Барлық қазақ білетін бұл әндердің авторы бір жарым ғасыр бойы жалпы жұртшылыққа беймәлім еді, ал нақтылы білетіндер үндемеді. Неге екенін уақыт өте түсіндік.
Парламент • 09 Сәуір, 2018
Кооперативтер туралы заң талабы орындалмауда
Жеке шаруашылықтар қолдауға зәру.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің көктемгі дала жұмыстары қарсаңында жанар-жағармай материалдары, атап айтқанда, дизель отыны бағаларының жыл сайын өсуі алаңдаушылық тудырады. Үкімет басшысы Б.Сағынтаевтың атына жолданған депутаттық сауалымыз осы өзекті мәселеге арналып отыр.
Парламент • 09 Сәуір, 2018
Сенат депутаты: Ақылды жастан айырылып қалмайық
«Егемен Қазақстан» газетінің үстіміздегі жылғы 26 қаңтардағы санында «Ақыл-ой көші ары асып бара ма?» деген тақырыппен жарияланған мақалада аса өзекті мәселелер көтерілді. Онда соңғы жылдары теріскей өңірлердің шекаралық елді мекендерде туып-өсіп, білім алған балаларымыздың көрші елдің орта және жоғары оқу орындарына құжат тапсыруы жиі көрініс бере бастағаны баяндалған.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Талғат Мұсабаев ғарыш саласындағы маңызды мәселелерді көтерді
Еліміздің ғарыш саласындағы төмендегідей өзекті мәселелерді айтып, Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа депутаттық сауалмен ұсыныстар жолдадық.
Әлем • 09 Сәуір, 2018
Сайлау – елдің тұрақтылығы үшін қажет
Жыл басынан бері бірқатар елде – Ресейде, Египетте, Арменияда президенттік сайлау өтті. Енді сәрсенбінің сәті, 11 сәуір күні Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлау өткелі отыр. Бұл жолғы сайлаудың ең басты ерекшелігі – президент бұрынғыдай бес жыл мерзімге емес, жеті жыл мерзімге сайланады. Өйткені 2016 жылдың күзінде өткізілген ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты жалпыхалықтық референдумда әзербайжандықтар сайланатын президенттің өкілеттік мерзімін жеті жылға ұзартуды қолдап, дауыс берді.
Бағдарламалар • 09 Сәуір, 2018
Паскаль Лоро: Бес әлеуметтік бастама – кемел келешекке бастар жол
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасында елдегі газдандыру жүйелерін дамыту туралы айтылды.
Бизнес • 09 Сәуір, 2018
Мемлекет басшысының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында ауылдағы кәсіпкерлікті дамытудағы мәселелер Үкіметтегі баспасөз мәслихатында толығырақ айтылды. Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті тұлғаларға биылғы жылы да берілер мүмкіндік мол.
Бағдарламалар • 09 Сәуір, 2018
Биылғы Жолдау – ауылды дамытуды көздейтін аграрлық саясат
Елбасымыз өзінің биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуына тың серпін беретін, аса маңызды 10 міндетті белгілеп берді. Оның ішіндегі үшінші міндет – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі аясында тиімді өндірісті қамтамасыз етуі және тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруы үшін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге айрықша елеулі қолдау болады деп күтілуде.
Қазақстан • 09 Сәуір, 2018
Агроөнеркәсіптік кешен цифрлы жүйеге қадам басады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында еліміздегі экономикалық және технологиялық салалардың қарқынды дамуына айрықша мән берілген. Осы мақсатта «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылып, сандық жүйе экономиканың күре тамыры саналатын барлық бағыттарға жаппай енгізіліп жатыр.