Театр • 28 Наурыз, 2018
Театр туралы жинақ жарық көрді
Халықаралық театр күніне орай Алматыдағы Ұлттық кітапханада М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімі биыл жарыққа шығарған бес кітабының тұсаукесері өтті.
Театр • 28 Наурыз, 2018
Өскеменде «Жандауа» психологиялық драмасы сахналанды
Өскемендегі облыстық драма театрда «Жандауа» психологиялық драмасы сахналанды. Қойылымға ауылдан қалаға оқуға келіп, нашақорлық дертіне шалдыққан қазақ жігітінің өксікті өмірі өзек етілген.
Өнер • 28 Наурыз, 2018
Нәрік тағы шошып оянды... Бастығырылып қалған алпамса денесі өзінікі емес сияқты. Ұйып қалған қолдарын икемге келтіріп көрді. Баяғыдан қалып қойған әдеті ме екен, Нәрік ондайда салалы саусақтарымен саз балшық илегендей жай икем жасамайды.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
Ақтөбеде «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» атты дөңгелек үстел өтті
Жуырда С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдарын нығайту және жауапты мекеме қызметкерлерімен аталған мәселенің күрделі түйткілдерін талқылау мақсатында «Жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Білім • 28 Наурыз, 2018
«Көркем еңбек» пәнінде түйткілдер бар
Ғылым мен білім өркендеген заманда өнердің түрлері де көбейіп, тармақталып жатыр. Солардың бірі әрі бірегейі – бейнелеу өнері.
Білім • 28 Наурыз, 2018
Зияткерлік мектептерге Израиль технологиялары енгізіле бастады
Еліміздегі зияткерлік мектептерге израильдік стартап технологиялар енгізіле бастады. Кәсіпкерлік білім негіздері жөніндегі жаңа курс «Моментум» зияткерлік мектептері мен Тель-Авив университетіндегі достар қауымдастығының бірлескен жобасы. Аталған қауымдастық әлемнің академиялық орталықтарын Израильдің басты жоғары оқу орындарымен біріктіретін ерекше ұйым. Бұл стартап индустрияны қалыптастыруға және инновациялардың экожүйесіне арналған.
Тарих • 28 Наурыз, 2018
Ортағасырлық Тараз қаласының шығысында 40 шақырымдай қашықтықта, Талас өзенінің арғы бетінде орналасқан, іргесі мен қабырғасы тастан қаланған Ақыртас қамалы ежелден саяхатшылар мен зерттеушілер назарын өзіне аударып келеді. Оның басты себебі – бұл құрылыс адамзат тарихындағы тастан қаланған байырғы ескерткіштер арасында өзіндік ерекшеліктерімен көзге түседі.
Аймақтар • 28 Наурыз, 2018
БҚО-да тасқынның алдын алуға дайындық жүргізілуде
Батыс Қазақстан облысында сәуір айының ортасында ауа температурасы +20 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, төтенше қызмет өкілдері биылғы топырақ қабатындағы тоңның қалыңдығынан қауіптеніп отыр. Күн күрт жылынып, жауын-шашынға ұласса, қар суы жерге сіңе алмай, өзендер арнасынан асуы әбден мүмкін.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2018
Павлодарда мультибрендтік «ҚазӨнер» орталығы ашылды
Облыс орталығында ұлттық нақыш өрнектерімен ерекшеленетін мультибрендтік «ҚазӨнер» орталығы ашылды. Сауда орнының ашылуына әнші Роза Әлқожа қатысты. Еліміздің 100 бренді қатарынан орын алған «Мен сыйға тартқан орамал» сауда белгісінің бұйымдары «Халық маркасы» тұтыну белгісіне де ие.
Қазақстан • 28 Наурыз, 2018
Жаңашылдық жаршысы: Дрондар дәуірі
Төрт жыл бұрын шығыс өңіріне жасаған жұмыс сапары аясында Елбасына өскемендік дарынды оқушылар өздері жасаған мультикоптерге қондырылған смартфон камерасы арқылы өрт, су тасқыны сияқты қауіпті аймақтардағы жағдайды зерделеуге мүмкіндік беретін жобаларын таныстырған болатын.