Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Тарих • 21 Желтоқсан, 2018

«Алтын адамның әлем му­зейлеріне шеруі» атты шара ұйым­дастырылды

Ұлы даланың рухани мұрагері – қазіргі қазақтың жазирасы. Сондықтан да болар бұл дала жәдігерге толы. Атап айтсақ, соңғы жылдары отандық археология жарты ғасырға жуық уақыт (1969-2017 ж.ж) аралығында даламыздан бірнеше «Алтын адам» тапты. Бұлардың алғашқысы, Есік қорғанынан табылған құнды жәдігер алтын сауытты сақ көсемі болса, одан кейін Атырау облысы, Жылыой ауданы Аралтөбе қорғанынан шыққан алтын адам, сондай-ақ Шілікті және Талды-2 қорымдарынан табылған алтын тонды билеушілер мен «Тақсай», «Үржар» алтын ханшайымдары, осылардың соңғысы – өткен жылы анықталған Шығыс Қазақстандағы Елеке сазында сақталған алтын адам.

Тарих • 21 Желтоқсан, 2018

Мәңгілік сарын – Қорқыт Ата мұрасы

Қорқыт есімімен байланысты аңыздар түрік тектес халықтар арасында әр алуан түрде әңгімеленеді. Академик Ә.Марғұлан: «Ол кісі туралы айтылатын қария сөз Орта Азиядағы түрік тілдес елдердің көбінде бар. Бірақ қазақ халқы ескі оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихи қонысына мирас болған, олардың түбегейлі ұрпағы болғандықтан, Қорқыт туралы айтылатын тарихи жырлар, аңыздар, ән-күйлер қазақ пен түрікпендерде көбірек жолығады» дейді. Қорқыт жайындағы деректердің белгілі бола бастауы XII-XIII ғасырлардан бермен қарай. Атақты тарихшы Рашидеддин қыр сахарасында Қорқыт пен «Оғыз-наманың» қатар хикаяланатынын жазған.

Тарих • 21 Желтоқсан, 2018

Қазақстанның танымал тұлғалары

 «ТАӨ» сериясынан «Абай», «Нұр­сұл­тан Назарбаев» және «Шо­қан Уә­ли­ханов» кітаптары кіретін «Қазақ­­­­­­стан­­ның ұлы адамдары» үш­том­­­дығы Тәуелсіздік күніне орай Қазақ­стан Республикасының Пре­зи­­дентіне сыйға тартылған болатын.

Қазақстан • 21 Желтоқсан, 2018

Кәсіпкерлер бес бастама ұсынды

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер ассоциациясының «Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы Кәсіпкерлер ассоциациясының 5 бастамасы» атты форумы өтті.    

Экономика • 21 Желтоқсан, 2018

Коммуналдық қызметтер бағасы арзандайды

Мемлекет басшысы қарашада өткен Қауіпсіздік кеңесінде елдегі электр, жылу, газ, сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша тапсырма берген болатын. Осыған орай кеше Үкіметтің баспасөз алаңында Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин БАҚ өкілдерімен кездесіп, аталған салада атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.     

Парламент • 21 Желтоқсан, 2018

Заң сапасына оны қарау мерзімі де әсер етеді­

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен болған палатаның кезекті отырысында тоғыз мәселе қаралды.  

Білім • 21 Желтоқсан, 2018

Мектеп асханасындағы тағам сапасы әркелкі

Мектеп оқушысын сапалы әрі арзан тамақпен қамтамасыз ету мә­се­лесі  талай рет көтерілді. Оқу жылы бас­тал­­ғалы бері Алматы мектептерінде тамақ беруді ұйым­дас­тыру­­да оңды өзгерістер бар ма? Осы сауалға «Аман-саулық» қоғам­­дық қоры мен «Ұлағатты жанұя» қоры жауап беруге күш салды.  

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2018

«Шығыста күнде жиын» азаймай тұр

Жұрт­тың алтын уақытын ала­тын, орынды-орынсыз жи­на­­лыстың тым көбейіп кет­кені Елбасымыздың қазан айын­­дағы халыққа арнаған Жол­дауы кезінде де сөз болған еді. Ақи­қаты сол, еліміздің қаласы да,­ даласы да жиналыстан көз ашпай тұр. Әйтеуір, тау­сылмайтын жиналыс.  

Аймақтар • 21 Желтоқсан, 2018

Жайық шаһары қайта жаңғырады

Еуропада тарихы талай ғасырға кететін ғимараттар жетерлік. Тіпті Түркияның өзінде діні мен ділі мұсылмандыққа жат ескерткіштердің өзі сол күйінде сақталған. Бүгінде сол нысандар әлем туристерінің темірқазығы, көзінің құртына айналып, мемлекет қазынасына миллиондап қаржы құйып жатыр. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Ұлы даланың ұлы есімдерін ұлықтау, «Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құру тапсырмасы тарихи сананы жаңғыртумен қатар, оны бүгінгі күн талабына сай қалыпта көпшілікке ұсына білуді де көздегені анық. Соған сәйкес қарт Жайықтың жағасындағы ортағасырлық көне шаһар да шаңын сілкіп, жаңа өмірін бастағалы тұрғандай.  

Қазақстан • 20 Желтоқсан, 2018

«Қазақ ПЕН клубының» жаңа лауреаттары белгілі болды

Жыл соңында шығармашылық ұжымның жылды қорытындылаған жалпы жиналысы болып өтті.