Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қоғам • 27 Қараша, 2018

Қазақстанда 23 жылда 16 100 «түтіктегі бала» дүниеге келді

Мына өмірде өзекті емес жайт жоқ десек те, перзентсіздіктен өткен қасірет жоқ. Кейбір дерек көздері бойынша бедеуліктің 7 түрлі себебі бар. Ал мамандар оның 14 түрін алға тартады. Қалай десек те бедеулік бұрынғыға қарағанда белең алды. Әлемде әрбір алтыншы жұп әлдидің үніне зар. Халықаралық зерттеулер жер бетінде 70 миллиондай отбасы бала сүйе алмай отырғандығын айтады. Бұл көрсеткіш әр мемлекетте әрқилы. Сол сияқты алғашқы бедеулікке қарағанда, бір перзенттен кейін көтере алмай қалған екінші бедеулік мәселесі де талай ерлі-зайыптыны тығырыққа тіреп отыр.  

Қоғам • 27 Қараша, 2018

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ана мен бала өмірін жақсартуға арналған шеберлік сабағын өткізді

Астана қаласында жүкті әйелдерге арналған «Бала – өмірдің гүлі» атты шеберлік сабағы өтті. 

Қоғам • 27 Қараша, 2018

Қант диабеті бүкіл дүние жүзін қусырып барады

Қарыштап дамыған технологиялар заманы қолмен атқарылатын жұмыстарды азайтып, адам еңбегін алмастырды. Осының салдарынан қозғалыс аз, адам бір жерде отырып жұмыс істейді, артық тамақ жейді, жаяу жүрмейді. Мәселен, дүние жүзі бо­йынша 1980 жылы қант диабетімен ауыратындар саны 108 миллион болса, 2014 жылы 422 миллионға жеткен.

Әлем • 27 Қараша, 2018

Қазақстан - алманың отаны

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында асқақ Алатаудың баурайы алманың «тарихи отаны» екенін атап өткен болатын. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының бағзы тұқымы – Сиверс алмасының отаны саналады. Елбасы мәуелі жемістің Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта  теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралғаны туралы айтқаннан кейін көп ұзамай ұлыбританиялық BBC арнасы осыған орайластырып, көлемді мақала жариялады. «Саяхат» айдарында шыққан «Заманауи алманың отаны» деп аталатын осы мақаланы аударып, оқырман назарына ұсынып отырмыз. 

Аймақтар • 26 Қараша, 2018

Қостанайлық полицей өрт кезінде төрт адамды аман алып қалды

Полиция лейтенанты Т.Шүлембаев жанып жатқан үйден төрт адамды алып шықты

Әдебиет • 26 Қараша, 2018

«Нұр Отан» партиясы  «Ұлы дала» шығармашылық байқауын жариялады

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында тарихи сананы жаңғыртудың негізгі басымдықтары көрсетілген. Бүгінде еліміз бойынша осы игі бастамаларды жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл ретте, Елбасының сенімді тірегі ретінде «Нұр Отан» партиясы да белсенді әрекет етіп, нақты істерді қолға алды. Атап айтқанда, партия жас ақын-жазушылар арасында «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізбек. Бұл жөнінде бүгін партия Төрағасының Бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы брифингте мәлімдеді.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мүшелігіне арналған марка айналымға енгізілді

Сыртқы істер министрлігінде   «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» тақырыбында «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясынан пошталық марканы өшірудің салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев және «Қазпошта» АҚ Басқарушы директоры Бауыржан Айнабеков қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Жерлестері Жәмиляға құрмет көрсетті

Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасында Румынияның бас шаһары – Бухаресте өткен әлем біріншілігінде 72 кило салмақ дәрежесінде қола медальді иеленген Жәмила Бақбергенованы жерлестері құшақ жая қарсы алды.  

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Зейнетақы қоры жастармен белсенді жұмыс істеуге көшті

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі шаралар легін жалғастыруда.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Елбасы Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжановты қабылдады

Кездесу кезінде Мемлекет басшысына өңірдің экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері, сондай-ақ облыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы есеп берілді.