Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Орал қаласында теннистен республикалық турнир өтті

Орал қаласында теннистен 14 жасқа дейінгі ұл-қыздар арасында «Uralsk Gold 14&under» республикалық рейтингтік турнир өтті.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін барлық инвестициялық бағдарламалар қайта қаралып жатыр — ЭМ

Бүгін ҚР Үкіметі отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз конференциясының барысында энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов электр энергиясына тарифтерді 25%-ға дейін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

БАҚ өкілдері Маңғыстаудағы мемлекеттік қолдауға ие кәсіпорындар жұмысымен танысты

Бүгінгі күнде бизнеске мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік сектордың рөлін арттырып, ынталандырып жатқаны жасырын емес. Бұған аймақтық және республикалық БАҚ өкілдері «Даму» қорының Маңғыстау филиалының ұйымдастыруымен өткен баспасөз-турында көз жеткізді. 

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Дэвис кубогының иегері анықталды

Теннистен Дэвис кубогының иегері анықталды. Финалдық сайыста Франция құрамасын 3:1 есебімен ұтқан хорваттар өз тарихында екінші мәрте айтулы жарыстың бас жүлдесін иеленді. 

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Асқар Мамин БАӘ-інде келіссөздер жүргізді

25 қарашада Әбу-Дабиде Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Маминнің Премьер-Министрдің Орынбасары, БАӘ Президентінің істері жөніндегі Министр шейх Масур бен Заид әл Нахаянмен келіссөздері өтті.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Жарты жылда оқу орталықтарында 42 мыңнан астам адам тіл курстарынан өтті — Мәдениет министрлігі

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында білім және ғылым министрі Е. Сағадиев пен мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысы туралы баяндады.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Алматыда Мыңжасар Маңғытаевқа арналған ескерткіш тақта орнатылды

Алматыда әйгілі композитор Мыңжасар Маңғытаевқа арналған мемориалды тақта ашылды. Ескерткіш тақта композитордың ширек ғасырдан астам өзі тұрған үйінің қабырғасынан орын алған.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Қазақстанның 2019-2023 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы қаралды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында Қазақстан Республикасының 2019-2023 жж. арналған жаңартылған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мақұлданды.

Аймақтар • 26 Қараша, 2018

Үкіметте оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру туралы заң жобасы мақұлданды

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысы барысында «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Өнер оқу орнының басшылары Ынтымақтастық Меморандумына қол қойды

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясында үш жоғары өнер оқу орнының  басшылары –  Академияның ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD докторы Асхат Маемиров, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры,  Қазақстанның халық әртісі, профессор Айман Мұсақожаева, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері  Арман Жүдебаев  арнайы бас қосып, өнер саласындағы зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады.  Алқалы жиында Елбасының  мақаласында айтылған ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңа заман талабына сай қалыптап, өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру төңірегінде келелі ойлар айтылды.