Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Экономика • 26 Қараша, 2018

Сұңғат Есімханов энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Есімханов Сұңғат Қуатұлы Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін бұл лауазымда қызмет атқарған А.Шкарупа ұсынылған өтініш бойынша қызметінен босатылды.

Аймақтар • 26 Қараша, 2018

Оралда академик Қ.Жұмалиевтің мерейтойына орай халықаралық конференция өтті

Орал қаласында академик Қажым Жұмалыұлы Жұмалиевтің туғанына 110 жыл толуына орай «Қажым оқулары - 1: Әлем мәдениеті контексіндегі білім жүйесінде жалпыадамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынды Білім және ғылым миниcтpлігі және Бaтыc Қaзaқcтaн облысы әкімдігінің қолдауымен, Бaтыc Қaзaқcтaн инновациялық-технологиялық унивеpcитеті, педагогика факультетінің ұйымдастырды.

Аймақтар • 26 Қараша, 2018

Ақтөбелік жасотандықтар жалғызбасты қарияларды қамқорлыққа алған

Жалғызбасты қариялар алғашқы қарды күдікпен қарсы алады. Қыста оларға өз бетімен қозғалу қиынға соғады, ал жеке секторда тұратындарға уақытында көмектеспесе, өз үйлерінде қамалып қалу қаупі бар, деп хабарлайды Ақтөбе облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кино • 26 Қараша, 2018

«Айтматов және Кино»

Алматы қаласындағы Ұлттық кітап­ханада Халықаралық Шә­кен Айманов кинофестивалі ая­сын­да Шыңғыс Айтматов­тың 90 жылдығына орай «Айтматов және Кино» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасы

Елімізде заңсыз айналымдағы атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттар азайған. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғындардан суық қаруды ерікті түрде қайтару жөніндегі биылғы іс-шараның аяқталуына байланысты өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов мәлімдеді. 

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Энергия инфрақұрылымы жаңғыртылуда

Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 34-қадамында белгіленген міндеттерді іске асыру аясында Павлодар өңірінде бірқатар жобалар қолға алынған. Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының хабарлауынша, бұл күндері өңір экономикасына мемлекет-жекеменшік әріптестігі бағыты арқылы қомақты инвестиция тартылуда. Жалпы құны 5,5 млрд теңге болатын 11 жоба бойынша келісімшарт бекітілді. Оның ішінде денсаулық сақтауға қатысты – 8, энергетика және 1 әлеуметтік қызмет көрсету салаларына тиесілі 2 жоба бар. Облыс орталығы және Екібастұз қаласында көшелерді жарықтандыру желілерін модернизация­лау бойынша инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.  

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Металлургтердің еселі еңбегі

Қазіргі кезде ел экономикасына сүбелі үлес қосып отырған ірі өндіріс орындары қайта жаңғыртылып, цифрландыруға қадам бас­ты. Соның нәтижесінде өнім өндіру көлемі арта түсті. Жуырда Павлодар өңірінде алюминийдің 60 миллионыншы тоннасы өндірілді. Бүгінде отандық  алюминий тотығы Ресей, Беларусь, Өзбекстан мен Еуропа елдеріне жіберілуде.  

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Экономиканың қозғаушы күші – экспорт

Мемлекет басшысы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы халыққа арнаған Жолдауында «Экспортқа бағытталған индустрияландыру мәселесі экономикалық саясаттың негізгі элементі болуы тиіс», деп ерекше атап көрсетті. Бұл емес. Төртінші өнеркәсіптік төңкеріс ахуалында  экономиканы дамытатын қозғаушы күш – жаһандық бәсекеге қабілетті экспорттық өнім шығаратын өндіріс екендігін Елбасы бұдан бұрын да талдап көрсеткен, міне тағы «тайға таңба басқандай» тап басып отыр.