Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Аймақтар • 26 Қараша, 2018

Шәкәрімнің сүйегі салынған шабадан

Абайдың мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаеваның айтуынша, бұл – 1961 жылы Шәкәрім қажының сүйегі салынған шабадан. Бұл шабаданмен Ахат ата Құрқұдықта жатқан әкесі Шәкәрімнің сүйегін топырақтан аршып алып, Бақанастан Жидебайға әкеліп жерлепті.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Отандық кәсіпкерлер халықаралық байқауға қатысады

Қазақстандық кәсіпкерлер алғаш рет халықаралық «Quality Innovation of the Year» – «Жылдың сапалы инновациялары» байқауына қатысады. Онда елімізде өндірілетін инновациялық медициналық өнімдер, құрғақ топырақты ылғалдандыруға арналған материалдар, өңделген қалдықтардан шығарылған киім-кешек, вакуумды қаптамадағы ет деликатестері таныстырылады. 

Әлем • 26 Қараша, 2018

BBC-ге қазақстандық алма туралы мақала шықты

Ұлыбританияның BBC арнасына алманың отаны саналатын Қазақстан туралы кең көлемде мақала шықты. Агенттіктің «Саяхат» айдарына шыққан «Заманауи алманың шыққан жері» деп аталатын сараптамада жемістің шығу тегі, қазіргі жағдайы берілген. Автор Алматыны аралап жүріп, жеңсік ас туралы көлемді мағлұмат келтіреді.

Өнер • 26 Қараша, 2018

Қарағандыда суретші Пётр Кишкистің жеке көрмесі ашылды

Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында суретші Пётр Кишкистің «Қара фондағы жұмыстар-1» деп аталған жеке көрмесі ашылды.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Қалауын тапса қалдықтан да қайыр бар

Елдегі кәсіпорындардың тиімді жұмыс істеуінен бөлек, жаңа технологиялардың көмегіне жүгіне отырып экологиялық тиімділігін арттырудың маңызы зор. Мемлекет басшысы баса назар аударып отырған цифрландыру бағдарламасының түпкі мақсаты да осында жатыр. Сарапшылардың жыл басында жасаған зерттеуі бойынша, қазақстандықтардың жылына 5 млн тонна қоқыс шығаратыны анықталған. Бұл бір адамның үлесіне шаққанда жылына 350-400 кило қоқысты құрайды деген сөз. Ал еліміздегі қалдықтарды қайта өңдеу нарығының көлемі 40 млрд теңгеге бағаланған. Бұл істі жүйелі жолға қою ең алдымен экологиялық қиындықтардың алдын алса, екінші жағынан ел экономикасы үшін аса тиімді. 

Өнер • 26 Қараша, 2018

Жайсаң мінезді Ғазиза Жұбанова

Ұлттық өнердің шежіресінде шеру бастаған танымал тұлғалардың арасынан Ғазиза Жұбанованы да табуға болады. «Жақсыдан жақсы туады, жақсының жолын қуады» деген осы. Қазақстан және КСРО Халық әртісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, профессор Ғазиза Жұбанованың осы бейнесімен қауыша отырып, оның ұлттық заманауи музыкамыздың негізін қалаушы Ахмет Жұбановтың қызы екендігін аттап өте алмаймыз.

Қазақстан • 26 Қараша, 2018

Асауды алғаш ауыздықтағандар кезінде ғарышқа адам ұшқандай ұлы қадам жасаған еді

Елім дейтін, жерім дейтін әр жүректі дүр сілкіндірген «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақала – рухани жаңғыру жолындағы жүйелі жұмыстың жарасымды жалғасы. Елбасы еңбегі – қай жағынан қарағанда да көп қатпарлы дүние. «Құшағың жетпейтінді құшақтай алмайсың» деген қағиданы ұстана отырып, біз өз мақаламызда Ұлы даланың автор атаған жеті қырының бір қырын ғана сөз етпекпіз.