2017 жылдың қаңтарында Қазақстан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып Орталық Азия мемлекеттері арасынан алғашқы ел ретінде сайланған болатын. Мұндай жоғары лауазымға дауыс беру кезінде Қазақстан үшін БҰҰ-ның 138 мүшесі дауыс берді. Бұл факт еліміздің жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесін мойындауын, сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы жоғары беделін көрсетеді.
Е. Ашықбаевтың айтуынша, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі 27 жылдық Тәуелсіздігіміздің кезеңінде еліміздің маңызды сыртқы саяси жетістіктерінің бірі болып табылады. «Бүгінгі салтанатты рәсім Қазақстанның Тұңғыш Президенті Күні қарсаңында өткізілгені символикалық мәнге ие. Атап айтқанда, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануындағы үлесі негізгі орын алуда», деп, Министрдің орынбасары атап өтті.
Пошталық марка төрт бояудан тұратын офсеттік баспа ретінде шығарылып, парағы 10 маркадан тұрады. Таралымы - 20 000 дана. Бағасы 250 теңгені құрайды.