Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Кино • 21 Қараша, 2018

Түркі киносын әлемге танымал етудің жайы талқыланды

Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында «Түркі киносы – даму бағыты» атты түркі киносын әлемге танымал етудің жолдарын әңгіме арқауы етіп, талдаған дөңгелек үстел болып өтті.

21 Қараша, 2018

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе қаласындағы өндіріс нысандарын аралады

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 21 қараша, сәрсенбі күні Ақтөбе қаласындағы жоғары технологиялық өндіріс нысандарын аралады.

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

«Егемен Қазақстан» газетінің журналистері болашақ тілшілермен кездесті

«Егемен Қазақстан»  газетінің Алматы бөлімшесінің тілшілері еліміздегі қабырғалы оқу ордаларының бірі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінің студенттерімен шеберлік сабағын өткізді. Болашақ журналистермен кездесу ел газетінің бүгінгі санында жарық көрген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен дөп келіп отыр.

21 Қараша, 2018

Голландиялық бизнесмен Ақтөбе облысының инвесторларға тартымды екенін айтты

Нидерландтық кәсіпкер, "Грин Капитал Қазақстан" ЖШС басшысы Алевен Диедерик Теодорик Ақтөбе облысының шетелдік инвесторларға несімен тартымды екенін айтты. Ол сондай-ақ жергілікті билікке Ақтөбе қаласындағы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткендері үшін ризашылығын білдірді.

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Әбдіманап Бектұрғанов: Тарихқа тағзым

Елбасының Егемен Қазақстан газетінен «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен танысып,  халқымыздың тамыры терең тарихына бойлап,  толғанып отырмыз. Өткеннен өнеге алып, болашаққа бағдар жасау саналы ұрпақтың өнегесі. Ата-бабаларымыз  ұлан-байтақ жері ұрпағына  қалай аманат етсе, біз де келер ұрпағымызға ата дәстүрімізді, салт-мәдениетімізді, тарихымызды сол қалпында жеткізуіміз шарт. Осы мақсатта Елбасы туған халқының бар болмысын тереңнен суыртпақтап алдымызға жайып салды.

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Қ.Әбдірахманов: «Ұлы даланың жеті қыры» әлем мәдениетін жақындастырады

Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса көрегендікпен халықты тарихқа құрметпен қарауға және зерделеуге, өткеннен сабақ үйренуге шақырады. Себебі, әр халықтың шежіресі қаһармандыққа, жеңістер мен трагедияға толы, оны сол күйінде қабылдаған абзал. Ол үшін ғылыми тұрғыдағы көзқарас қажет. 

Қазақстан • 21 Қараша, 2018

Павлодарда археологтар б.з.д. 5-ші мыңжылдықта жерленген жылқылар сүйектерін тапқан

Бұл жайында С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетінде өткен Елбасының «Егеменде» жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын талқылау барысында  айтылды.

Футбол • 21 Қараша, 2018

«Ақтөбе» футбол клубы сенімді басқармаға берілді

Үкіметтің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1141 қаулысына сәйкес 2016–2020 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспары бекітілді. Ақтөбе облысы бойынша жекешелендіру нысандарының тізіміне тоғыз коммуналды жекеменшік нысаны кірді, оның ішінде «Ақтөбе» футбол клубы да бар. Елдегі барлық футбол клубы жекешелендіруге жатады.

Футбол • 21 Қараша, 2018

Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылды

Бүгіннен бастап футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының қорытындысы шығарылуда. Бұған дейін біз айтулы жарыста қай команданың қандай орынға жайғасып, 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу сынында олардың қай себетке түскен жайында баяндағанбыз.