Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Саясат • 22 Қараша, 2018

Тыныштықбек Әбдікәкімұлы: Кеңістік пен Уақыт феномені

Дәл бүгінгі күн біз үшін үлкен толғаныспен басталды. «Egemen Qazaqstan» газетінде Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» деген мақала­сы шықты. Оны мақала деп емес, Президенттің бұрын жария еткен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының парасаттылық негізіндегі басты ұстыны, матрицасы десек те болады.

Аймақтар • 22 Қараша, 2018

Алматыда ХІ Media-құрылтай өтті

Кеше Алматыда қазақстандық БАҚ нарығын дамыту мәселелеріне арналған ХІ Media-құрылтай мәреге жетті. Ақпарат айдынындағы әріптестерімізді тоғыстырған кезекті құрылтайдың артықшылығы – медиа-нарықтың ортақ жағдайы, яғни қазақтілді, яки орыстілді аудиторияның көңіліне қарамай, бүкпесіз ақтарылғандығы болды. Өйткені нарық – біреу, көрермен – ортақ, оқырман – жалғыз.

Саясат • 22 Қараша, 2018

Дархан Кәлетаев: Ұлы даланың ұлағаты

Белгілі ғалым, орнитолог, Пулитцер сыйлығының ие­гері Джаред Даймонд өзінің «Қару-жарақтар, микробтар мен шарболат» атты кітабында бір та­ғы­лымды тұжырым жасайды. «Өркениет Батыс Еуразиядан бас­талып, Батыс Еуразиямен біт­пейді. Біздің дәуірімізге дейін­гі үшінші мыңжылдықта-ақ Еура­зияның өне бойында, өзге құр­лық­тарда жазба мәдениетімен қатар орталықтандырылған сая­си билік, қалалар мен өндіріс, қол­ға үйретілген үй жануарлары,  металл қару-жарақ пен еңбек құ­рал­дары болған». Дүние жүзі ға­лымдары осы ақиқатты бір ауыз­дан мақұлдап отыр.

Экономика • 22 Қараша, 2018

Жас зерттеуші патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік анти­био­тик­терінің» тізімін жасады

Қызылорда қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушы­сы Ал­тынай Әбдіжәміл жұқпалы ауру­лар­дың алдын алу мақсатында фитонцидтерге бай жабайы өсімдіктерді көркейту-көгалдандыру ісі­не пайда­ла­ну­ды ұсынады. Қызыл­ор­да об­лы­сындағы жабайы өсімдіктердің салыстырмалы фитон­цидтік бел­сенділігін экспери­мент арқылы зерделеген жас зерттеуші ай­мақтың кли­мат­тық жағ­дайы­на төзімді, экономикалық тұрғыдан тиімді және туберкулез таяқ­шасына, басқа да патогенді микробтарға қарсы тұра алатын «өсімдік анти­био­тик­терінің» тізімін жасады.

Бокс • 22 Қараша, 2018

Ақтауда бокстан ел чемпионаты мәресіне жетті

Қазақстанның боксшылары үшін биыл табыс­ты болды деп айта алмаймыз. Олай деуге негіз, жерлестеріміз өз тарихында тұңғыш рет жылдың басты додасы – жазғы Азия ойындарынан алтын жүлдесіз оралды. Бұл жағдай республикалық бокс федерациясының басшылары мен ұлттық құрама бапкерлеріне ой салса керек, олар бұл жолы еліміздің барлық белді былғары қолғап шеберлерінің басын қосып, қарт Каспийдің жағалауында жалауы желбіреген Қазақстан чемпионатына қатыстырды.

Үкімет • 22 Қараша, 2018

Әсел Назарбетова: Өркениетті ойлаудың алғышарты

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықтың, қоғам­ның санасын селт еткізе­тін, елдің, ұлттың, мемлекеттің тарихына тағы бір терең үңілуге түрткі болатын құнды дүние – «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы жарық көр­ді. Мақаланы жаңа деп тек шық­қан уақытына байланыс­ты айтуымыз шарт, себебі онда айтылған терең филосо­фия­лық-дүниетанымдық ойлар Ел­басының үнемі қоғам наза­ры­на бағыттап жүрген мақа­ла­­лары­ның, идеяларының жалғасы іспетті. 

Саясат • 22 Қараша, 2018

Ерлан Саиров: Толағай тарихымызды түлету күн тәртібінде

Көңілге қонымды. Өзіңнің та­р­их­ыңмен мақтанып қана қой­май, сол тарихтың қыр-сыр­ларын сараптап, ғылыми негізде бола­шаққа бағдар жасау өте өзек­ті. Жаһандану заманына біздің өз тамырымызбен, сол тамыры­мызды те­реңдете отырып енуі­міз өзек­ті. Осы тұрғыда, өзіміздің тола­ғай та­­ри­­хымызды түлету күн тәртібінде.

Үкімет • 22 Қараша, 2018

Қайрат Әбдірахманов: Әлем мәдениетін жақындастырады

Біздің тарихымыз – Қазақстан халқын біріктіретін қуатты күш, барлық азаматтарды жігерлендіру көзі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жүйелі мақаласында аса кө­ре­ген­дікпен халықты тарихқа құр­­метпен қарауға және зерделеу­ге, өткеннен сабақ үйренуге ша­­қы­­рады. Себебі әр халықтың шежі­ресі қаһармандыққа, жеңіс­тер мен трагедияға толы, оны сол кү­йін­де қабылдаған абзал. Ол үшін ғы­лыми тұрғыдағы көзқарас қажет.  

Саясат • 22 Қараша, 2018

Ұлт тарихын танудың жаңа кезеңі

Кез келген халық пен ұлттың өзінің шыққан тегіне зер салып, өткеніне үңілуі, қоршаған ортасына ықпалы мен қоғамның дамуына қосқан үлесін ой таразысына салуы заңды құбылыс. Сол арқылы оның әлемдік өркениеттегі орнын айқындауға болады. 

Қазақстан • 22 Қараша, 2018

Алғашқы маусымдағы сәтсіздік

Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) ұлттық құрамалар арасында футболды дамыту мақсатында құрған жаңа турнир Ұлттар лигасының алғашқы кезеңі аяқталды. Үш айға созылған турнирде 55 құрама 138 ойын өткізіп, 333 гол соқты. Бұл – орта есеппен әр ойында 2,41 гол соғылды деген сөз.