Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90838 материал табылды

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Азамат Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Азамат Байқуанышұлы Батырқожа «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысының бизнесмендерімен кездесу өткізді

Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев Елбасының шағын несие беруді кеңейту, салық амнистиясын жүргізу, халық табысының өсуі, әкімшілік кедергілерді қысқарту, өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдау, тариф қалыптастыру айқындығын қамтамасыз ету бойынша берген тапсырмаларын іске асыру, бизнес жүргізудің өзекті мәселелерін және алдағы перспективаларды талқылау мақсатында өңірдің кәсіпкерлер қауымымен кездесті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында тұрғын үй бағдарламаларының іске асырылуымен танысты

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Тараз қаласындағы жаңа 15-ықшам ауданды аралап көрді, мұнда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үйлер құрылысы мысалында өңірде тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралармен танысты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Үкімет • 14 Қараша, 2018

Б.Сағынтаев Жамбыл облысында Президент тапсырмаларының орындалу барысымен танысады

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауларында, мемлекеттік бағдарламаларда және Қауіпсіздік кеңесінің жуырда өткен отырысында алға қойған міндеттерінің орындалу барысымен танысу үшін Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Алматыда экстремизмге қарсы халықаралық семинар өтті

Алматыда «Орталық Азияда білім беру арқылы зорлық-зомбылық экстремизмнің алдын алу» тақырыбында аймақтық семинар өтті. Үш күн бойы өзекті мәселелер сараланған жиынға  Юнеско Штаб-пәтерінің Банкок,  Алматы және Ташкент кеңселерінің білім беру саласы мамандары және БҰҰ-ның халықаралық мекемелері мен агенттіктерінің сарапшылары қатысты.

Әдебиет • 14 Қараша, 2018

Қостанайда Торғай геоглифтері туралы кітап шықты

Қостанай облысының мәдениет басқармасының қолдауымен Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің археологиялық зертханасы мамандарымен бірлесіп, Торғай геоглифтеріне зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Осы ауқымды ісьің қорытындысы ретінде «Торғайдың ғұрыптық-қасиетті геометриялық кешендері» кітабы жарыққа шықты.

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Шығыс Қазақстан облысында 655-тен астам ІТ сыныптар іске қосылады

Семей қаласының қазіргі әлеуметтік жағдайына облыс әкімі Даниал Ахметов жақсы баға беріп отыр. Тіпті Семейді Қазақстандағы ең көрікті қала қатарына қосамыз дейді облыс басшысы.

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Бүгін латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жұмыстары аясында 2018 жылғы 14 қараша сағат 11.00-де (Астана уақыты бойынша) республика бойынша латын графикасы негізіндегі «Жалпыхалықтық диктант» өтті.

Президент • 14 Қараша, 2018

Елбасы роботталған хирургияның халықаралық референстік және оқыту орталығына барды

Мемлекет басшысы негізгі міндеті роботталған хирургияны құру, дамыту және оны практикалық медицина саласына енгізу болып саналатын орталықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 14 Қараша, 2018

Көкшетауда жылу-электр орталығы салынады

Облыс орталығында жылу-электр орталығының құрылысы қолға алынбақ. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.