Спорт • 10 Қазан, 2018
«Алматы» клубы бас жүлдені олжалады
Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде гандболдан әйелдер арасындағы Азияның клубтық чемпионаты аяқталды.
Кино • 10 Қазан, 2018
«Мұзбалақ» мультфильмі кинотеатрлардан көрсетіледі
Отандық анимация қоржыны тағы бір тамаша туындымен толықты. Қазақ саятшылық өнері туралы толықметрлі анимациялық фильм 18 қазаннан бастап отандық прокатқа шықпақ. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген аталған фильмнің режиссерлері Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазы.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Түркістан мен Алматы арасында туристік пойыз қатынайды
Қараша айынан бастап Алматы мен Түркістан қалалары арасында туристік пойыз бағыты ашылады. Бұл жөнінде «Тұран экспресс» компаниясы мен «Тұран.тв» телеарнасының бас директоры Роман Ботабеков Түркістан облысы әкімдігінде өткен кездесуде мәлім етті.
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
«Құлагер» ипподромында Ұлттық ат спортының биылғы маусымы аяқталды
Облыс орталығындағы «Құлагер» ипподромында Ұлттық ат спортының биылғы маусымы аяқталды. Ат жарысына Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының шабандоздары қатысты. Аламан бәйге 24 шақырымға, тоқ бәйге 8 шақырым, ұшқыр бәйге 2, 4 шақырым қашықтыққа арналды.
Саясат • 10 Қазан, 2018
Әлем мен қауіпсіздік ажырамас ұғым – Сербия Президенті
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлемді жақтайды» атты жалпы отырысында Сербия Президенті Александр Вучич мәлімдеме жасады.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Рудныйда ERG кәсіпорындарының мамандары арасында жарыс өтті
Еуразиялық Топ кәсіпорындарының жұмысшылары арасындағы «Алтын қор-2018» кәсіби шеберлік байқауы биыл ССКӨБ базасында өтті. Екі күн бойы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің өнеркәсіп алаңдарында қазақстандық өндірістің алыптары – ERG-дің барлық кәсіпорындарының өкілдері біліктілігі мен шеберліктерін көрсеті үшін сынға түсті.
Қоғам • 10 Қазан, 2018
Маңғыстауда Елбасы Жолдауына орай облыс активінің жиналысы өтті
Ақтауда өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен облыс активінің жиналысы өтті. Жиын барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»атты жаңа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар айқындалды.
Аймақтар • 10 Қазан, 2018
Қарағанды облысы активінің жиналысы өтті
Кеншілер астанасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді талқылау бойынша Қарағанды облысы активінің жиналысы өтті.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
«Айка» фильмі «Оскардан» үмітті
Жылдың басында ғана Канн фестивалінде, ал өткен аптада Түркияның Анталия қаласында өткен кинобайқауда үздіктер қатарынан көрінген «Айка» фильмінің алдынан және бір үлкен әрі айтулы сын күтіп тұр. Режиссер Сергей Дворцевойдың аталған картинасы «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша «Оскар» сыйлығы үміткерлерінің тізіміне енді.
Қазақстан • 10 Қазан, 2018
Жолдау – кәсіпкерлер үшін нақты қолдау
Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазан күні Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауды жаппай тыңдау Ақтөбе облысының «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында ұйымдастырылды. Оған Өңірлік кәсіпкерлер палатасының, Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мамандары, жергілікті бизнес өкілдері қатыстырылды.