Әдебиет • 09 Қазан, 2018
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Халық жазушысы Шерхан Мұртаза дүниеден өтті
Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, кесек тұлғалы, қайсар мінезді наркескені, шындықтың шырақшысы атанған Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден өтті.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кездесулер өткізді
Съезд Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің аясында БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдулазиз Әл-Насермен кездесті. Сенат Төрағасы осы жылдың сәуір айында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі Аррия формуласы бойынша кездесу өткізу кезінде қолдау көрсеткені үшін БҰҰ Бас хатшысының арнаулы өкіліне алғыс білдірді. Аталған кездесу аясында Съезд мақсаттары мен тұжырымдамасының таныстырылымы өткен болатын, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Президент Әл-Азһардың Бас имамы Шейх Ахмад ат-Тайебпен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Бас имамға ілтипат білдіріп, мұндай жоғары деңгейдегі қонақтардың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне қатысуының Қазақстан үшін маңызы зор екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақ Орданың баспасөз қызметі.
Президент • 09 Қазан, 2018
Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиевті қабылдады
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Нью-Йорк және Лондон қалаларында өткен инвестициялық форумдардың қорытындылары жөнінде есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Өнер • 09 Қазан, 2018
Қостанайда театр маусымы ашылды
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театры жаңа маусымын Е.Төлеубайдың «Мариям, Ілияс» спектаклімен ашты. Шығарма өне бойына қызыл империяның қылышынан қаны тамған, жеке басқа табынып, адам құқы тапталған заманда Қазақстанның халық ақыны Мариям Хакімжанованың қиындыққа толы өмірі арқылы қазақ зиялылары шеккен зардапты арқау етеді. Мариям бейнесін Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахарбаену Есенғұлова сомдайды.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
Жазушылар Одағында Президент Жолдауы талқыланды
Елбасы Жолдауы мемлекетіміздің даму қарқынын арттырып, барлық салаға серпін беретін маңызды құжат. Сондықтан онда айқындалған бағыттарға басымдық берудің маңызы зор деген аға буын қаламгерлер Қазақстан Жазушылар Одағынының ғимаратында бас қосып, Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылады.
Қазақстан • 09 Қазан, 2018
ШҚО түлектері өзге мемлекеттерге кетпес үшін 400 грант бөлінді
Өскеменде өткен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңестің отырысында облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы аясында өңірде атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.
Қоғам • 09 Қазан, 2018
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Елбасы Жолдауын талқылады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымы Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы негізгі басымдықтарды талқылады. Президенттің жаңа бастамалары еліміздің жетекші университетінің оқытушылары мен студенттері тарапынан қызу қолдау тапты. Ғалымдар негізінен кәсіптік даярлау саласына қойылған міндеттерді Кездесуді ашқан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Мемлекет басшысының адами капиталдың сапалы дамуына жағдай жасауға ерекше назар аударғанын атап өтті. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын шығындарды ЖІӨ-нің 10 пайызға дейін жеткізу еліміздің әлеуметтік дамуын анықтайтын негізгі бағыттарға қуатты серпін береді, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.
Үкімет • 09 Қазан, 2018
Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесі қаралды
Бүгін Үкімет отырысында Бақытжан Сағынтаев мүмкіндіктері шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау мәселесін қарау қорытындысы бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.