Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Медициналық көмек сапасы артады
Өткен аптаның соңында Мәжіліс Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның қатысуымен палатаның Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Атты әскер дивизиясының тағдыры
Ақмола қаласының тарихында кеңестік дәуірде бірқатар елеулі оқиғалардың болғаны белгілі. Оның қатарында қанқұйлы ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде Ақмола жұртшылығының майданға бірнеше әскери құрамаларды жасақтап аттандыруын ерекше атап өтуге болады. Мысалы, 1941 жылы жаз айында Ақмолада құрылған 310-атқыштар дивизиясы Ленинград, Волхов майдандарына қатысып, асқан ерлікпен жеңісті Балтық теңізі жағалауында қарсы алды. Сол сияқты Петропавл-Қызылжар қаласында жасақталған 314-атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігін атап өтуге болады. Олардың қырық проценті Ақмола облысының азаматтарынан жасақталған болатын. Ал 1941 жылы күзде Ақмолада құрылған 387-атқыштар дивизиясы жауынгерлік жолдан өтіп, соғыс тарихында ерекше із қалдырды.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Біз нағыз батырларды көрген бақытты ұрпақпыз. Ел қорғау жолында жанқиярлық танытқан ерлер туралы естеліктер біз үшін қашан да қастерлі. Олар отансүйгіштікке, ұлылыққа шақырады, сенімнің самғауына бастайды, тұнжыраған көңілді рухтандырады. Осындай болмысы батырлықпен һәм ұлылықпен тұтасқан тұлғаның бірі Қасым Қайсенов болатын. Көзі тірі болғанда, Қасым ата бұл күндері халқымен бірге жүз жылдығын мерейлене тойлап жатар еді-ау.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
ШҚМТУ – ғылыми зерттеулер мен заманауи технологиялар орталығы
Өскемендегі ғана емес, еліміздегі іргелі оқу орындарының бірі Дәулет Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің құрылғанына биыл 60 жыл толып отыр.
Қазақстан • 24 Қыркүйек, 2018
Тіл арқылы этномәдени кодтарды ашу
Ел тарихындағы егемендік, онымен сабақтас жаңғыру кезеңдері мен жаһандық бәсеке қоғамдық өмірдің барша салаларына соңы тыныс әкелді. Осымен байланысты қалыптасушы қоғамдық сана мен саяси-әлеуметтік өзгерістерді, кез келген мемлекеттің әлем тоғысындағы қарқынды даму әрекеттерін адам факторынан тыс қарау мүмкін емес. Ал адам жанының рухани-әлеуметтік жаңғыруының айнасы, әрекеті мен әрекеттесуінің, ғаламдасуының тиімді құралы – тіл. Оның себебі – тіл арқылы ұлт болмысын анықтайтын мәселелердің мазмұны мен түйін-дәйектері ұлттың мәдени кодында астарланған. Ал мәдени кодты ашудың кілті – лингвомәдени таңбаға салынған ақпараттарды аша білу.
Аймақтар • 24 Қыркүйек, 2018
Бурабайдағы «Жақсы» спорт кешенінде «Транстелеком» компаниясының 3-ші жазғы спартакиадасы болып өтті.
Медицина • 24 Қыркүйек, 2018
Құқық қорғау әлеуетін нығайту мәселелері талқыланды
Гонконг қаласында ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) Асқар Шәкіров ұлттық құқық қорғау мекемелерінің Азиялық-Тынық мұхит форумының (АТФ) жыл сайынғы отырысына қатысты, оның барысында мүше мемлекеттер жұмысының кезекті нәтижелері қаралды, деп хабарлайды Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі.
• 24 Қыркүйек, 2018
Грузия президенттігіне үміткерлер анықталды
Грузияда президенттікке үміткерлерді тіркеу процесі аяқталды. 28 қазанда өтетін сайлауға қатысуға ниет білдірген 46 үміткерден 25-і ресми түрде тіркелді. Бұл жөнінде жексенбі күні брифингте Орталық сайлау комиссиясының баспасөз-спикері Анна Микеладзе мәлімдеді.
Футбол • 24 Қыркүйек, 2018
Футзалдан еліміздің құрамасы Әзербайжанды жеңді
Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы жолдастық матчта Әзербайжан командасын жеңді, деп хабарлайды ҚР Футбол федерациясынның баспасөз қызметі.
Өнер • 24 Қыркүйек, 2018
Арбаға таңылған аягөздік суретші
Қалибек Айнажаровтың авторлық құқығын аяққа таптағандар кімдер? Аягөз қаласында тұратын талантты суретші Қалибек Айнажаров жайында бұған дейін талай мәрте жазылған. Ол кісінің талайлы тағдыры жайында 1986 жылы «Диагноз» деген фильм де түсірілген. Осы атпен кітап та жарық көрген. Қылқалам шеберінің өзіне дұрыс диагноз қоймай, мүгедек қылған дәрігерді (оның хирург емес, 4 жылдық санитарлық-гигиеналық маман даярлайтын оқу орнын тәмамдағанын кейін біліпті) атқаны, сол үшін жазаға тартылғаны өз алдына бөлек әңгіме.