Тарих • 09 Тамыз, 2018
Ақын қарындасының арманы (М. Жұмабаев туралы)
Соғыстың тұсында туған қатарластарым, өкшемді басқан іні-сіңлілерім, Жоғарғы оқу орындарында Қазақ ССР тарихын оқып қана қоймай, жаттап өстік. Ал, өзімізге тән, қазақтың білімді, ойшыл азаматтары жазып – сызған тарих беттері өшті, оған кім кінәлі? Төл тарихымыздың беті көмескіленгеніне іштей налыған, наразылық білдірген ғалымдарымыз шетінен «халық жауы» аталып, абақтыға жабылды. Атылды. Тірі қалғандары итжеккенге айдалды.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2018
Жатақхана «жыры»: Семейде студенттік жатақхана отбасылық отауға айналған
Семейдегі құрылыс колледжінің бірінші және бесінші қабаттағы 33 бөлмесінде бұл оқу орнына мүлде қатысы жоқ адамдар тұратын болып шықты.
Медицина • 09 Тамыз, 2018
Ақанбарақта инновациялық цех іске қосылды
Жуырда шалғайдағы Ақанбарақ ауылында табиғи балдырдан жемшөп қоспасын дайындайтын инновациялық цех іске қосылып, төрт адам жұмыспен қамтамасыз етілді.
Экономика • 09 Тамыз, 2018
Фермерлер мен супермаркеттер арасына табиғи өнімдер көпірі салынды
Фермерлерімізге көктем шыққаннан бел жазбай, көшет егіп, көкөніс өсіріп, күз келгенде оны жинаудан гөрі, өткізу-сату жолын табу әлі де қиямет-қайым. Гектар-гектар жерді жалға алып жеміс-жидек өсіру мен түсімінің жоғары болуы қаншалықты өзекті болса, алушысын табу одан оңай емес. Қысқасы «Бір түп пияз жеу үшін оның түбіне 17 дүркін бару керек» дейді олар.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2018
Маңғыстау медицинасы неге малтығып тұр?
Маңғыстауда өңір мен сала басшылығы қанша ауысса да, денсаулық сақтау жүйесі еңсе тіктей алмай тұр.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2018
Екібастұздағы ГРЭС жанына гүл мен қызанақ өсіріледі
Елбасы еліміздегі ірі кәсіпорындардың жанынан қосымша өндіріс орындарын ашу туралы тапсырма бергені белгілі. Бұл бастамаға Екібастұздағы Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 стансасы алғашқылардың бірі болып үн қосып отыр. Бүгінде «Самұрық-Энерго» АҚ-қа қарайтын ГРЭС-1 стансасында инвестициялық бағдарламалардың нәтижесінде №8 энергоблок күрделі жөндеуден өткізіліп, №6 энергоблок автоматты жүйеге көшкен. Жобаларды жүзеге асырудағы басты мақсат – жұмысшыларды қысқартпау, өнімділікті төмендетпеу.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2018
ҚХА мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ортақ меморандумға қол қойды
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазақстан • 09 Тамыз, 2018
ЭКСПО-2017 мұрасы: 99 жоба жұмысқа енгізу сатысында тұр
Былтыр елордада өткен ЭКСПО көрмесінде ұсынылған жобалардың игілігін көре аламыз ба? Заманауи озық идеялар отандық өндірістен өз орнын қаншалықты тапты? Осы мәселелер жуырда Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қаралған болатын. Экспо-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде көрсетілген жобаларды енгізу және пайдалану туралы еліміздің Энергетика министрі Қ.Бозымбаев пен Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев баяндады.
Аймақтар • 09 Тамыз, 2018
Мақтаарал ауданына сенатор Әли Бектаев іс-сапармен келді
Мақтаарал ауданына тұңғыш рет ҚР-ның Парламенті сенатының депутаты Әли Бектаев іс-сапармен келді. Жаңадан құрылып жатқан ауданның ахуалымен танысу үшін ең алдымен аудан әкімінің аппаратында болып, аппарат ғимаратын аралап көрді, деп хабарлайды Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Технология • 09 Тамыз, 2018
Озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы халықаралық конференция өтті
Кеше Назарбаев Университетте наноматериалдар мен озық энергия сақтау жүйелеріне арналған 6-шы халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы (INESS-2018) және бейорганикалық фосфат материалдарына арналған 10-шы халықаралық симпозиум 2018 (ISIPM-10) өтті.