Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
134 материал табылды

Әдебиет • 14 Қаңтар, 2025

«Ғашықтар» ғаламаты

Жазушы Ілияс Есенберлиннің талайлы тағдыры ғана емес, шығармашылық қиял қарымы мен ғибратты ғұ­мырындағы игерген тақырып ауқымы һәм сол мақ­сатын орындаудағы табанды еңбекқорлығы, рас, қай кезде де оқырманы үшін феномен. «Көшпенділер» мен «Алтын Ордадай» тарихи тақырыптағы тең­дес­сіз трилогияларды өмірге әкелген қаламгердің жүрек қылын шертіп, жан дүниені әлемтапырық күй­ге түсіретін «Ғашықтардай» ғаламат шығарма ту­ды­руы – шынымен таңғажайып таланттың жемісі.

Өнер • 25 Желтоқсан, 2024

Дубайдағы даңқ

«Астана Операның» Дубай­дағы өнер сапары зор табыс­пен өтті. Аңызға айналған Юрий Григоровичтің хореогра­фиясындағы П.Чайковскийдің «Щелкунчик» танымал балеті «Дубай Опера» сахнасында қойылды. Көрермендердің жү­ре­гін жаулаған қойылымда үні­мен ұйытқан симфониялық ор­кестрді италиялық маэстро Джузеппе Акуавива басқарды.

Өнер • 23 Қараша, 2024

Ширек ғасыр белесіндегі «Наз»

«Тұрақты еңбек – өнердің де, өмірдің де заңы» деген О.Бальзактың әйгілі сөзі дәл осы «Наз» мемлекеттік би театрына қаратылып айтылғандай. Осыдан ширек ғасыр бұрын Астана қалалық филармониясының жанынан 4 биші қыздан шағын ансамбль ретінде құрылған айтулы өнер ордасы тынымсыз еңбек пен үздіксіз ізденістің арқасында бүгінде 130-дан аса қызметкері бар қазақ театр тарихындағы тұңғыш әрі өз кәсіби қолтаңбасы қалыптасқан ұлттық би театрына айналып отыр.

Сұхбат • 05 Қараша, 2024

Жангелді БИМОЛДИН, Астана қаласы мемлекеттік архивінің директоры: Мұрағаты түгел ел мұратына жетеді

– Жангелді Бержанұлы, бір ғұлама: «Өткен тарихты білмеген адам нәресте күйінде қалады» деген екен. «Архивсіз тарих жоқ, тарихсыз халық жоқ» деген қағида тағы бар. Бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай?

Руханият • 02 Қараша, 2024

Жазушының шығармашылық зертханасы

Мұндай ғажап та тарихи сәтті қолына қалам ұстаған кез келген қаламгер армандайтын шығар. Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен бір аптаға созылған суреткер шығармашылығын зерделеуге арналған мазмұнды шараның барлығы да жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Франц Кафка медалінің иегері, профессор Роза Мұқанованың 60 жас мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Өнер • 16 Қазан, 2024

Майраның әні

«Майра Мұхамедқызы. Сахнада 30 жыл». «Астана Опера» театры сахнасында дәл осындай атаумен өткен керемет концерт тыңдарман үшін атағы жаһанға жеткен әншінің сахнадағы ширек ғасырдан астам өмірінің өнер өрімдерін көрсеткен тамаша тарту болды.

Сұхбат • 09 Қазан, 2024

«Қаһарлы Орландо» – құндылықтар туралы опера

Елордалық көрермен үшін өнердің жарқын оқиғасы болған «Қаһарлы Орландо» операсының премьерасынан кейін спек­такльдің қоюшы режиссері, италиялық кәсіби маман, жаңа­шыл суреткер Алла Симонишвилиден барокко дәуірінің классикалық туындысы заманауи театр сахнасына қалай шыққаны туралы сыр суыртпақтаған едік. Кәрі құрлықтың қарапайым да ақжарқын мінезін бойына барынша мол дарытқан режиссер риясыз әңгімесін бүкпесіз ортаға салды.

Тұлға • 27 Қыркүйек, 2024

Аңыз актердің соңғы жұмбағы

Талғат есімді таланттың кино көгінен құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып түскенінен бері де бірнеше онжылдық тарих қойнауына сүңгіпті. Бірақ санада қалған сол бір жарқын бейне архивтегі кино қоржынын қазбалаған сайын үнемі алдымыздан шыға берді. Әсіресе ол сомдаған «XX ғасырдың қарақшылары» экшн-фильміндегі Салех рөлі ел есінде ерекше жатталып, оның есімін кино тарихында тасқа басты. Бүгінде кеңес кинематографі парақтарынан аңыз актер атын тым-тым жиі ұшыратсақ, ол да талантты тұлғаның дария дарынының арқасы болса керек.

Өнер • 17 Қыркүйек, 2024

Әлемді әнімен әлдилеп...

Әлемді әнімен әлди­леп, дүние дидарын үні­мен ұй­ыт­­­­қан Димаш – Дін­мұ­хаммед Құдайбер­геннің әр концерті жанкүйерлері үшін қашан да үлкен оқи­ғаға ұласып жатады. Елордамыздың төріндегі «Ас­тана Арена» стадионында екі күн қатарынан өткен әншінің «Stranger» шоуы бұл жолы да сол қа­лыбынан танбады. Жа­һанның 80 елінен кел­ген 10 мыңға тарта көрер­меніннің басын төр қалада қосқан ғаламат концерт саф өнер тыңдармандары мен әншінің жанкүйерлері үшін шын мәнінде үлкен жаңалық болды.

Сұхбат • 28 Маусым, 2024

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ: Домбыра үнінде мәңгілік сағыныш бар...

Ол атақ-даңқ, ресми мойындалусыз-ақ халықтың сүйікті әншісі, ұлтының өз ұлына айналып кеткені қашан. Десе де өткен жылдың аяғында Мемлекет басшысының қолымен табыс етілген «Қазақстанның халық әртісі» атағы Рамазан Стамғазиев өнеріне берілген шын мәніндегі әділ баға, талассыз шешім болғаны хақ. Дәстүрлі әннің дамуы жолында тер төгіп, әншілік жолда ғана емес, ғылыми бағытта да есесіз еңбек етіп жүрген әншінің ұлттық өнер десе өзі де, үні де ерекше өрекпиді.

Яндекс.Метрика