Соңғы жаңалықтар
Басылым • 07 Қазан, 2024
Басқа басылымдардан: Қазақстандағы референдум
Қазақстанда елдегі және бүкіл Орталық Азиядағы бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша референдум өтті. Референдум алдында ел билігі АЭС құрылысын ашық қолдап, БАҚ пен әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жұмысы жүргізілді.
Қоғам • 07 Қазан, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтап, аса жауапты әрі қастерлі міндетті абыроймен атқарып жүрген педагогтерге алғыс айтты.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Референдумды әлемнің 30 елінен 177 байқаушы қадағалады
Елдегі жалпыұлттық референдумның өту барысын халықаралық 4 ұйымның өкілдері де бақылады. Атап айтсақ, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Түркі мемлекеттері ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес. Олар арнайы баспасөз мәслихатында референдум учаскелерінде ешқандай құқықбұзушылық тіркелмегенін мәлімдеді.
Пікір • 07 Қазан, 2024
Мен Қазақстанға дауыс беру үдерісін байқаушы ретінде алғаш рет келіп отырмын. Әрине, мұндай жауапты міндетке кіріспес бұрын алдымен Қазақстанның демократиялық реформалары туралы жан-жақты зерттеу жүргізіп, өзіме қажетті мәліметтермен қанықтым.
Шымкент • 07 Қазан, 2024
Шымкенттіктер ұйымшылдық танытты
Шымкентте референдум басталған күні бірінші болып №6506 әскери бөлімінің 665 әскери қызметшісі №89 референдум учаскесіне таңғы сағат 06.00-де барып дауыс берді. Одан кейін сағат 07.00-де полицейлер мен төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері алғашқы бюллетенді жәшікке тастады. Олар «Түркістан» сарайындағы №231 учаскеге барып, өз таңдауын жасады.
Пікір • 07 Қазан, 2024
Референдум өткізу жөніндегі орталық комиссия ауқымды жұмыс атқарды. Референдум жарияланған күннен бастап бір ай ішінде учаскелік комиссиялардың қызметкерлерін оқыту, тренинг, семинар өткізу, техникалық жарақтандыру, референдумда дауыс берушілердің тізімін жасау бойынша орасан зор ұйымдастырушылық-техникалық жұмыс жүргізілді.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Референдумға Ұлытау облысы аумақтық комиссиясы тыңғылықты дайындала білді. Соның нәтижесінде облыс бойынша құрылған 6 аумақтық, 132 учаскелік комиссия өздеріне жүктелген ұйымдастыру міндетін абыроймен атқарды. Облыс қалаларындағы 21 учаскеде дауыс берушілер тізімін тексеретін онлайн-сервистер, ал 6 учаскеде азаматтарды тіркеуге сервистер орнатылды. Облыс бойынша тізімге 138 612 адам енгізілді.
Білім • 07 Қазан, 2024
Осылай деп шыр-пыр күй кешкен шалғайдағы мектеп директоры көп. Әрекеті болғанымен, қарекеті жоқ. Ауылға қайырылатын қайраты бар жас мұғалімдер, өкінішке қарай, қаланы қиып кеткісі келмейді. Ал ауыл балаларының білім сапасына кім алаңдайды, кім бас қатырады?
Білім • 07 Қазан, 2024
Еңбек адамының мәртебесін көтеру – өзекті мәселе
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еңбек адамының мәртебесін көтеруге назар аударып, 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осыған қоса Президент: «Жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз», деді.
Аймақтар • 07 Қазан, 2024
Семей – өткен ғасырдың басынан бастап қазақ зиялылары бас біріктірген тарихи мекен. Мұнда азаттықтың алғышарты алға қойылып, тәуелсіздіктің тұғыры да осында бекіді. Семей қаласының сол жағалауы Жаңа Семей бөлігі Алаш қаласы аталып, ұлт қайраткерлері бас қосатын ғимараттар сап құрады. Алаш қаласындағы тарихи ғимараттар мен тұрпаты бөлек тұлғаларға қатысты орындар жетерлік. Солардың бірі – осы өңірде алғаш ашылған тұңғыш қазақ мектебі, бүгінде Шәкәрім баба есімін иеленген көпбейінді №5 гимназия.
Архив • 07 Қазан, 2024
Әлем елдерінің архившілері Алматыда
1-4 қазан аралығында Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві ұйымдастырған «Мұра институттары қоғамды орнықты дамыту жолында» тақырыбындағы ІІ Архившілер конгресі өтті. Архившілер конгресінің Қазақстан-Британ техникалық университеті ғимаратының «Тәуелсіздік залында» өтуінің тарихи мәні зор. Осы залда 1990 жылы мемлекеттің «Егемендік туралы» декларациясы қабылданған. Биыл екінші рет өткізіліп отырған конгресс қатысушыларының қатары БҰҰ, ЮНЕСКО, Халықаралық архивтер кеңесінің лауазымды тұлғаларымен толықты. Конгресс жұмысы ТМД, Орталық Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Таяу Шығыс, Еуропалық одақ, АҚШ – жалпы саны 20 елден келген архив қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің, ғалымдар мен жетекші сарапшылардың басын қосты. Сондай-ақ төрт күнге созылған дүбірлі жиынға еліміздің 150-ден аса орталық және облыстық архив, білім беру мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Жартасқа өрмелеуден еліміздің белгілі спортшысы, Париж Олимпиадасына қатысушы Әмір Маймұратов Сеулде өтіп жатқан Әлем кубогінің кезеңдік сайысында күміс медальды иеленді. Ол тек қытайлық Синь Шань Ваннан алып қойды. Қола жүлдені Индонезияның өкілі Киромал Катибинге еншіледі.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Оңтүстік Кореядан олжалы оралды
Оңтүстік Кореядағы Чунчхон қаласында таеквондодан өткен жастар арасындағы әлем біріншілігін ел құрамасы үш жүлдемен қорытындылады. Оның екеуі – күміс, біреуі – қола медаль.
Бокс • 07 Қазан, 2024
Өткен аптада бокс шеберлері Шымкентте бас қосып, Кеңес Одағының батыры Қарақозы Әбдәлиевті еске алуға арналған халықаралық турнирде күш сынасты. Бірақ Олимпия ойындары мен әлем чемпионаттарында атой салған жігіттердің барлығына жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілу бақыты бұйырмады. Осы жайттың өзі бәсекелестіктің аса жоғары болғанын аңғартса керек.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан «Denis Ten Memorial Challenge 2024» V халықаралық турнирі өтті. Оған 31 мемлекеттен 120 спортшы қатысты.
Таным • 07 Қазан, 2024
Ғалам ғажаптары: Әлемдегі алғашқы 3D қонақүй
Техаста әлемдегі алғашқы 3D қонақүй жобасы басталды
Ұстаз • 07 Қазан, 2024
«Бұл әулеттегі мұғалімдер шетінен физик, математик,арасында қазақ тілі мен әдебиетін таңдағандары да бар» деп сырттан сипаттамасын естіген әулеттің өкілі Шайзат Тілеуованың ұстаздық өтіліне биыл 37 жыл толыпты. 1987 жылы Қызылорда қаласындағы қазіргі Қорқыт Ата атындағы университеттің физика-математика факультетін тәмамдаған жас маман туған ауылы Қоскөлге қайта оралған еді. Содан бері ешқайда табан аудармастан осындағы №11 мектепте еңбек етіп келеді.
Аңдатпа • 07 Қазан, 2024
8 қазан - «Войцек» «Biken» II халықаралық театр фестивалiнің аясында Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының Қазақ музыкалық-драма театры Г.Бюхнердің «Войцек» трагедиясы ұсынады. Режиссері – М.Хабибуллин.
Спорт • 07 Қазан, 2024
Душанбеде дзюдодан жастар арасындағы әлем біріншілігі аяқталды. Бұл жарыста еліміздің 18 балуаны бақ сынағанымен, солардың тек екеуіне қола медаль бұйырды. Қалған өрендеріміз қалың топтың арасында қалып қойды.
Аймақтар • 07 Қазан, 2024
Ел ішінде Сейфолланың Қарашілігі (қыстауы) аталатын қоныс Ортау ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 12 шақырым жерде. Жақында ақын, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орайластырып, сол жердегі ақын ескерткіші жаңартылып, жан-жағы абаттандырылды.
Қоғам • 07 Қазан, 2024
Еліміздің білім саласына бірнеше буын кәсіби мамандар толқынын даярлап, қанат қақтырған Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 80 жылдық мерейтойына орай ардагер ұстаздармен кездесу өтті.
Мың бір мысал • 07 Қазан, 2024
Бұрын, елде сөз қадірін білетіндер заманында, бейпіл ауыздар аздай көрінеді. Расы, ақиқат соған жақын-ау. Жалпы ел мәдениеті өскен сайын жамандық, даттау мен мансұқтау азая беретінге ұқсайды. Дейтұрғанмен, мәдениетсіздер қай кезде де ұшырасқан.
Референдум 2024 • 07 Қазан, 2024
Exit poll: Халықтың 69,8 пайызы АЭС құрылысын қолдады
Қазақстанда өткен АЭС құрылысына қатысты референдум бойынша алғашқы exit poll нәтижесі жарияланды. Қазақстан азаматтарының 69,8%-ы АЭС құрылысын қолдап, «иә» деген жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Алматылықтардың референдумдағы белсенділігі таңертеңнен басталды. Алғашқылардың бірі болып қала әкімі Ерболат Досаев пен оның зайыбы дауыс берді. Олар № 48 мектеп-лицейдегі № 388 дауыс беру учаскесіне келді.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Референдум қорытындысы: 7,8 млн адам дауыс берді
Қазақстан бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20:00-де аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум • 06 Қазан, 2024
Мазаир Панахов: Заң бұзушылық тіркелген жоқ
Әзербайжан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мазаир Панахов елордадағы дауыс беру учаскелеріне, халықтың белсенділігіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Баянауылда дала өрті шығып, бір ауылдың адамдары қауіпсіз жерге көшірілді
Өрт Қарағандының Павлодар облысымен шектесетін аумағынан келген. Қатты желдің салдарынан тілсіз жау Баянауыл ауданының бір ауылдық аумағына өтіп кеткен. Қазіргі уақытта 18 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Референдум күні солтүстікте ауа райы жылымық болғанымен, күн бұлыңғыр тартып тұрды. Көшедегі жаяу жүрген қараң-құраңның әдеттегі жексенбіден молырақ екеніне қарағанда, жұрттың дауыс беруге барып жатқаны сезіліп тұр.
Референдум • 06 Қазан, 2024
Қазақстандағы дауыс беру учаскелері жұмысын аяқтады
Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Шетелде 7 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді
Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаске жұмысын аяқтады. 7 358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын беріп үлгерді, деп хабарлайды Egemen.kz.