Соңғы жаңалықтар
Пікір • 05 Ақпан, 2026
Конституциялық реформа: пайым мен парасат
Ата заңның жаңартылған нобайы қоғамда кең ауқымда пікірталас тудырып отыр. Азаматтық қоғамның мүшесі ретінде конституциялық реформа төңірегіндегі пікірталастарды тұрақты назарда ұстауға тырысамын. Бір байқағаным, әлеуметтік желіде көбіне саяси режім мен мемлекеттілік ұғымының ара-жігін ажырата алмайтындар пікір айтып жатады. Сол себепті де бұл кейде негізгі мақсаттан тыс дәйексіз дауға ұласады.
Саясат • 05 Ақпан, 2026
«Ақ жол» партиясының ұстанымы айқын
«Ақ жол» демократиялық партиясының орталық кеңсесінде партия ұлттық кеңесінің пленумы өтті. Онда қатысушылар парламенттік фракцияның жаңа Конституция жобасын қолдау жөніндегі ұсынысын талқылады.
Өнер • 05 Ақпан, 2026
Былтыр Орталық музейде Хәкім Наурызбаевтың 100 жылдығына, Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына, Николай Хлудовтың 175 жылдығына, Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына, Еркін Мергеновтің және Төлеген Досмағамбетовтің 85 жылдығына арналған «Уақыт жаңғырығы» атты есеп беру көрмесі ашылды. Онда Алматы қаласының суретшілері, басқа да өңірлерден келген суретшілер туындыларымен қатысты. Көрмеге 112 жұмыс қойылды.
Пікір • 05 Ақпан, 2026
Мемлекеттіліктің тегеурінді тұжырымы
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған Конституция мен оған кейінгі кезеңде енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың тарихи маңызы зор екенін жоққа шығаруға болмайды. Ол өз уақытында мемлекетіміздің дамуына толыққанды қызмет етті. Алайда уақыт бір орында тұрмайды. Қоғам да, әлем де өзгеріп жатыр. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасының ұсынылуы заңды.
Басылым • 05 Ақпан, 2026
«Фолиант» баспасынан арасына он жыл салып сурет өнеріне арналған қос том шығарған Жеңіс Кәкенұлын суретші ғана емес, қазіргі уақыт өлшемімен альтруист ретінде де танимыз. Энциклопедия сипатты танымдық қос кітап жазудың сыры неде, ол кәсіби суретшіге не береді? Жеңіс Кәкенұлы қазақ халқының бейнелеу әлемін суретші көзімен бағалауды шынымен мақсат тұтқаны сананы ауысып кеткен құндылықтар жаулап алған дилетанттық дәуір үстемдігіне наразылығынан бұрын биік өнерге асқан сүйіспеншілігінен туғаны айқын. Жас ұрпақтың санасын эстетикалық сұлулыққа тарту, текті мұрат-мүддеге баулу ұлтқа қызмет етудің шынайы үлгісі саналады. Ол суретші мен көрушінің тандемін қалыптастыруға мүдделі.
Егемен Қазақстан • 05 Ақпан, 2026
Ақпараттың дәйектілігі мен жауапкершілігі маңызды
Кеше «Қазақ газеттері» серіктестігінде Конституциялық реформаны талқылауға арналған жиын өтті. Онда жуырда жарияланған Ата заң жобасы тақырып өзегіне айналып, журналистердің ақпаратты жеткізудегі біліктілігі, жауапкершілігі сөз болды.
Сұхбат • 05 Ақпан, 2026
Мәдіғали Қарсыбеков: Ұлттық құрамаға сенімді ізбасар даярлау керек
Ертең Италияның Милан, Кортина-д Ампеццо қалаларында ХХV қысқы Олимпиада додасы басталады. Төрт жылда айналып соғатын ақ аламанда есеміз кетіп, еңсеміз түсетін күйге етіміз үйренісіп кеткендей. Қысқы Олимпия ойындарында Әнұранымыз алғаш рет 1994 жылы шырқалды. Отыз жылдан асты, екінші рет ести алмай келеміз. Әнұранды шырқату былай тұрсын, саңлақтарымыз 2014 жылдан бері қысқы Олимпиаданың медалі қандай болатынын қолмен ұстап, жүрекпен сезінген емес. Топтанып барып, тапталып қайтып жүрміз. Білікті маман, ұзақ жыл шорт-тректен ұлттық құраманың бас бапкері қызметін арқалаған Мәдіғали ҚАРСЫБЕКОВПЕН дүбірлі дода қарсаңында сұхбаттасып, әлеуетімізді сараладық.
Руханият • 05 Ақпан, 2026
Жазушының жұрт білмейтін сырлары
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова апайды оқушы кезімнен білемін. 80-жылдардың басында «Лениншіл жас» газетінен етектей-етектей мақалаларын сүйсініп оқитынмын.
Ғалам ғажаптары • 05 Ақпан, 2026
2004 жылы Таиланд жағалауында болған алапат цунами кезінде жүзге жуық туристің аман қалуына 10 жастағы британдық оқушы Тилли Смит себепкер болған.
Сұхбат • 05 Ақпан, 2026
Абат Пангереев, тополог: Ел мен жерді фольклор арқылы танытуға болады
Мемлекет басшысының Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін арттырып, оған әлем халқының қызығушылығын күшейту тапсырылған еді. Шетелдік саяхатшылар сапар шегетін елін таңдамас бұрын ашық дереккөздердегі ақпаратқа сүйенетіні белгілі. Әсіресе тарихы терең, аңызы ерекше мекендерге жұрт ағылып келеді. Бұл тұрғыда жер-су атауларының шығу төркінін, оған қатысты аңыз-әпсаналарды кеңінен таныстырудың маңызы зор. Осы мақсатта жер-су атауларының фольклорлық негізін зерттеп жүрген белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Абат Пангереевпен сұхбаттастық.
Саясат • 05 Ақпан, 2026
Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау мен халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселесі қаралды.
Спорт • 05 Ақпан, 2026
БАӘ-ның Фуджейра қаласында таеквондодан ірі халықаралық турнир аяқталды. Оған 50-ден аса мемлекттен келген 900-ге тарта спортшы қатысты. Жарысты еліміздің ұлттық құрамасы үш қола медальмен қорытындылады. Жүлде игерлері – Бахадыр Шапулатов (54 кг), Мақсат Орынбасар (74 кг), Нұрлан Мырзабаев (87 кг).
Теннис • 05 Ақпан, 2026
Еліміздің ерлер құрамасының капитаны болып Диас Досқараев тағайындалды. 6–7 ақпан аралығында Астанада Монакоға қарсы өтетін Дэвис кубогінің плей-офф сайысында дәл осы маман біздің жігіттерге жетекшілік етеді.
Саясат • 05 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Пәкістан ынтымақтастығы стратегиялық деңгейге көтерілді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапары барысында екі елдің стратегиялық серіктестігін нығайтатын мазмұнды әрі нәтижелі келіссөздер өткізді. Алғашқы басқосу Премьер-министр Шахбаз Шарифпен шағын құрамда басталды.
Қоғам • 05 Ақпан, 2026
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жазушы Асқар Алтаймен «Қазақ прозасындағы мифология мен мистицизм» атты шығармашылық кездесу өтті. Автормен жүздесуге асыққан оқырман көкейде жүрген сұрақтарын қойып, туындыларын талдады.
Өнер • 05 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі қобызшы, Мәдениет саласының үздігі Мақсат Медеубектің «Qobyz soul – dastur» атты концерті өтті.
Жәдігер • 05 Ақпан, 2026
Табаны терімен қапталған жалпақ шаңғы сәл ертеректе әркімнің шатырында жататын. Әсіресе аңшылар қалың қарда табанға іле сала тауға аттанар еді. Осы жолы көненің көзіндей шаңғыны Аршатының орманшыларынан көрдік.
Ғалам ғажаптары • 05 Ақпан, 2026
2002 жылы америкалық кәсіпкер Джексон Уиттакер лотереядан 315 миллион доллар ұтып алып, сол кезеңдегі ең ірі джекпот иегері атанады. Алайда айналдырған бірнеше жылдың ішінде оның қызы мен немересі қайтыс болады, жұбайымен ажырасады, үйі өртенеді, бар ақшасынан айырылады.
Спорт • 05 Ақпан, 2026
Олимпия ойындарын қай арнадан көреміз?
Биылғы жылдың басты спорттық додасы 6–22 ақпан аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Қысқы Олимпия ойындарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
Ғалам ғажаптары • 05 Ақпан, 2026
Орта ғасырларда Англияда айыпталған адам өзін діни қызметкер екенін дәлелдеуі оның тағдырын өзгерткен.
Өнер • 04 Ақпан, 2026
Кеңес Дүйсекеевтің 80 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді
Астанада Кеңес Дүйсекеевтің шығармашылығына арналған «Сәлем саған,туған ел» музыкалық кеші өтеді. Мерекелік іс-шара Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында танымал композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендері иегерінің 80 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Абу-Дабиде өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген бейнеүндеуінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығына ие болуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Үкімет • 04 Ақпан, 2026
Қанат Бозымбаев өңірлердің су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық барысын тексерді
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев су тасқыны қаупі жоғары кезеңге дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды
Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Қазақстан әлемнің 70-тен аса еліне ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттайды
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапар барысында өткен Қазақстан-Пәкістан бизнес форумы аясында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабад қаласында өзіне және Қазақстан делегациясына қонақжайлық көрсеткені үшін Асиф Али Зардариге алғыс айтып, сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 04 Ақпан, 2026
Азаматтық-құқықтық шартты айналып өтуге тосқауыл қойылады
Мәжіліс еңбек қатынастарын нақтылауға және қызметкерлердің құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады. Құжат жұмыс берушілердің азаматтық-құқықтық шартты еңбек қатынастарының орнын алмастыру құралы ретінде қолдануына шектеу қояды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 04 Ақпан, 2026
Заңгер Айман Умарова жаңа Конституцияның преамбуласын жоғары бағалады
Жаңа Конституцияның преамбуласында Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығы көрініс тапқан. Бұл жөнінде белгілі заңгер, Конституциялық комиссияның мүшесі Айман Умарова Instagram-да жаңа Ата заңымызды талқылауға арналған тікелей эфирде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 04 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Пәкістан арасында 200 млн долларға жуық келісім жасалды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан-Пәкістан бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.