Соңғы жаңалықтар
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Креативті индустрияға қатысты заң қаралады
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюросының отырысы өтіп, депутаттар 6 ақпанда өтетін отырыстың күн тәртібін белгіледі.
Саясат • 03 Ақпан, 2026
Әділетті Қазақстан мен технологиялық серпілістің іргетасы
Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясының мүшелері, мемлекеттік органдар басшылары, бірқатар облыс әкімдері мен бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Жиында ғылыми жобаларды жүзеге асыру, ғылым мен нақты сектор арасындағы кооперацияны нығайту, сондай-ақ Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту бағыттары кеңінен талқыланды.
Оқиға • 03 Ақпан, 2026
Тараздағы фосфор зауытында 3 адамды күйік шалып, біреуі көз жұмды
Тараз қаласындағы фосфор зауытында технологиялық жұмыс кезінде пештен ыстық шоқ атқылап 3 жұмысшыны күйік шалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 02 Ақпан, 2026
«Қайрат» футболшылары грант иегері атанды
Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов «Қайрат» футбол клубының ойыншыларына грант табыстады, деп жазады Egemen.kz
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Алматы облысында еліміздің жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Өңір активі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейіп, елдің саяси жүйесі толық жаңаратынын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Қарағандыда хоккейші матч кезінде көз жұмды
Қарағандыда «СКА-Приозерск» әуесқой командасының хоккейшісі ойын үстінде қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Ақпан, 2026
Тұман, көктайғақ, бұрқасын; Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт нашарлайтынын ескертті. Қазақстанның бірқатар өңірінде аяз қайта күшіне мініп, бұрқасын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
Енді курсанттарды әскери оқу орындарына қабылдау eGov арқылы жүргізіледі
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап еліміздегі 18-24 жас аралығындағы ер азаматтар әскери оқу орындарына өтініштерін eGov.kz порталында онлайн режимде қалдыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Қазақстанның саяси партиялары Жаңа Конституцияның жобасын талқылады
Қазақстан саяси партиялары Мемлекет басшысының бастамасымен Конституциялық комиссия әзірлеген Конституциясының жаңа жобасын талқылап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Елордада Respublica партиясы активінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға партияның саяси кеңес мүшелері, Парламент пен мәслихат депутаттары, әйелдер және жастар қанатының өкілдері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құрылыс • 02 Ақпан, 2026
Еліміздегі екінші АЭС Алматы облысында салынады
Үкімет Алматы облысының Жамбыл ауданында екінші атом электр станциясын салу туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 02 Ақпан, 2026
Үкіметте дәрі-дәрмектің шекті бағасын қалыптастыру мәселесі қаралды
Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің үшінші отырысында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қатысты жаңа Салық нормаларын құқықтық қолдану мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Ресей елшілігі адыраспанға байланысты ел тұрғындарына ескерту жасады
Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшілігі ел азаматтарына адыраспанды Ресей аумағына алып кіруге тыйым салынғанын еске салды. Бұл үшін Ресей заңнамасына сәйкес ірі көлемде айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 02 Ақпан, 2026
Семейде Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан тұрғын жазаланды
Жаңа Конституция жобасы жарияланғаннан кейін елімізде жалған ақпарат пен арандатушылық сипаттағы хабарламалардың артқаны байқалып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 02 Ақпан, 2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі тағайындалды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Бахтияр Абайұлы Мұхаметқалиев Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әскер • 02 Ақпан, 2026
«Армия аналар көзімен»: Әскери бөлімдерде ашық есік күні өтті
Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосановтың бұйрығымен еліміздің барлық әскери бөлімінде бірыңғай Ашық есік күні өтіп, оған сарбаздардың 4000-нан астам туған-туысы жиналды. Қонақтарға қару-жарақ пен әскери техника көрмелері ұйымдастырылып, ата-аналар ұлдарының жағдайын көзбен көрді, деп жазады Egemen.kz.
Жастар • 02 Ақпан, 2026
Креативті жастар қалыптастырған болашақ
Шығармашыл жастардың ізденісі мен мемлекет тарапынан қолдау бір деңгейде болса, ұлт мәдениеті жаһандық кеңістікте жаңа қырынан таныла береді. Бұл – тұтас ұлттың мәдени әлеуетін айшықтайтын маңызды үдеріс. Елімізде қазір креативті индустрия саласында тіркелген субъекті 50 мыңға тартады. Олардың басым бөлігі Алматы мен Астана қаласында шоғырланған, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Үнзила Шапақ: Адам құқықтары – жаңа Конституцияның өзегі
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес келеді және демократиялық әрі құқықтық мемлекеттің орнықты дамуына берік негіз қалайды. Бұл туралы Мәжілістегі AMANAT партиясы фракциясының отырысында сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жанарбек Әшімжанов: Халық Кеңесі мемлекеттік шешімдерге нақты ықпал ететін тиімді механизм
Мәжілісте өткен «AMANAT» партиясы фракциясының отырысында депутат Жанарбек Әшімжанов Халық Кеңесі Конституциялық реформалардың ең маңызды институттарының бірі екенін және қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуда шешуші рөл атқаратынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Асхат Рақымжанов: Конституция – нормалар туралы әңгіме емес
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы жаңа Конституция жобасын талқылай отырып, реформаны тек заңнамалық өзгеріс емес, қоғам мен мемлекеттің өзара жауапкершілігін қайта айқындайтын шешім деп бағалады. Партия өкілдерінің айтуынша, заңдағы өзгерістер азаматтың құқығын қорғап, биліктің ашықтығын күшейту керек, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясының фракциясы елдегі конституциялық реформаны қолдады
Бүгін Қазақстан Халық партиясы депутаттық фракциясының отырысында жаңа Конституция жобасы талқыланды. Жиын барысында депутаттар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен елдің саяси-құқықтық дамуына ықпалы жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 02 Ақпан, 2026
Атырауда студентті жазалаған мұғалім жауапкершілікке тартылды
Атырауда колледж студентін физикалық тұрғыда жазалаған ұстаз тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңның жаңа жобасын талқылады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның (ЖСДП) Орталық аппаратында Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған ЖСДП Саяси кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында қатысушылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен ондағы ұсынылған түрлі жобалардың елді дамытуға деген мүмкіндігі барысын саралады. Сондай-ақ, саяси жүйенің қоғам мен мемлекет арасындағы ынтымағы мен жаңартудағы маңызды кезеңдерді қарастырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 02 Ақпан, 2026
Астана халқы бір жылда 100 мыңнан астам адамға көбейді: Өңірлердегі ахуал қандай?
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жетті. Бір жыл ішінде ел тұрғындарының саны 212 576 адамға өскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 02 Ақпан, 2026
«Ауыл» фракциясының депутаттары Ата заң жобасын бірауыздан қолдады
Бүгін Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен фракция отырысында Конституцияның жаңа жобасы мен оған енгізілген өзгерістер кеңінен талқыланып, маңызды құжатты ел ішінде белсенді түсіндіру жұмыстарының қажеттілігі айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 02 Ақпан, 2026
Әсет Ерғалиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды
Әсет Ерғалиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 02 Ақпан, 2026
Сақтандыру полисін қалай дұрыс таңдауға болады?
Қаржылық тұрақтылық пен отбасының болашағын ойлаған адам үшін өмірді сақтандыру маңызды. Мамандар полис таңдауда ең алдымен оның қандай мақсатқа қажет екенін айқындап алуға кеңес береді: жинақтау ма, инвестиция ма, әлде күтпеген жағдайдан қорғау ма? Яғни, нарықта ұсынылатын өнімдер көп, шарттары әртүрлі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 02 Ақпан, 2026
Кендірліде жаңа әуежай бой көтереді: Жоспарлау аумағы үш есе кеңейді
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Кендірлі туристік аймағын дамыту жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Жансейіт Қайнарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Ақпан, 2026
Әйелдер құрамасы: Ла-Нунсиядағы турнирге кімдер қатысады?
Бұған дейін біз бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Испанияның Ла-Нунсия қаласында өтетін халықаралық турнирде қандай құрамда өнер көрсететінін жария еткен едік, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экология • 02 Ақпан, 2026
Қоқысқа толған ғарышты кім тазартпақ?
Экологтер, табиғат жанашырлары жердегі, ауадағы, әуедегі, өзен мен көл, мұхиттағы тазалықты көп айтады. Бірақ ғарыштағы тазалықты ойлап жатқан кім бар? Ғалымдар бар. Ғаламдық мәселенің шешімін табуды басқа емес, дәл еліміздің беделді оқу орнында жұмыс істейтін зерттеушілер қолға алыпты, деп жазады Egemen.kz.