Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Теміртауда энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту аясында жылу желілерін қайта құру бойынша алғашқы пилоттық жобаларының бірі аяқталды. Соның арқасында екі шағын аудан мен Отрадное кентінің тұрғындары көп жылдан бері алғаш рет қыстан апатсыз шықты, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Шымкент қаласында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында «Coca-Cola» компаниясының контрафактілік өнімдері анықталды. Бұл туралы қалалық Әділет департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Құпия орында бой тасалаған: Қарағанды облысында 5 жыл бойы іздеуде болған күдікті ұсталды
Қарағанды облысында полиция жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 43 жастағы ер адам ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Экспорт • 16 Сәуір, 2026
Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
«ҚазТрансОйл» деректеріне сәйкес, 2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанның Германияға мұнай экспорты 353 мың тоннаға артып, жалпы экспорт көлемі 730 мың тоннаға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Түркістан қаласындағы №32 жалпы білім беретін мектепте оқушылардың дене шынықтыруын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және қысқы спорт түрлерін кеңінен насихаттау бағытында жүйелі әрі нәтижелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білім ордасында соңғы жылдары спорттық инфрақұрылымды нығайтуға айрықша көңіл бөлініп, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға барлық жағдай жасалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Ресей Қазақстаннан келетін тауарларға жаңа талап енгізеді
Ресей 2026 жылғы 1 маусымнан бастап Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінен автокөлік арқылы әкелінетін тауарларға қатысты жаңа цифрлық тәртіпті іске қоспақ. Бұл өзгеріс Қазақстанның экспорттық жеткізілімдеріне де әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Атырау облысында түйе ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
9 сәуір күні Атырау облысында полиция қызметкерлері түйе ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты қолға түсірді, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпкер • 16 Сәуір, 2026
15%-дық межеден асқан: Азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерге айыппұл салынды
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсіру фактісі анықталды. Бұл туралы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Теннис • 16 Сәуір, 2026
Александр Бублик Мюнхендегі турнирдің алғашқы айналымында ұтылып қалды
Қазақстанның ең үздік теннисшісі, әлемнің 11-ракетасы Александр Бублик Мюнхенде шымылдығы түрілген ATP-500 турнирінде жеңілістің кермек дәмін татты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
iCloud пен Google Drive пайдаланушыларына қауіп төнді
Бас прокуратура интернет-алаяқтық жағдайларының көбейгенін мәлімдеп, азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомствоның хабарлауынша, алаяқтар танымал бұлттық сервистердің атын жамылып, пайдаланушылардың жеке деректері мен қаражатын иемденуді көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Мемлекеттік бағдарлама әлде ипотека: Үй алудың ең тиімді жолы қандай?
Баспана мәселесі – еліміздегі ең өзекті тақырыптардың бірі. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру мақсатында жеңілдетілген бағдарламалар іске қосылып жатыр. Ипотекалық бағдарламалар саны көбейгенімен, олардың әрқайсының өзіндік ерекшелігі бар. Мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдетілген несиелердің қайсы тиімді екенін Egemen.kz тілшісіне тұрғын үй сарапшысы, «Квартал» жылжымайтын мүліктер агенттігінің директоры Анна Таянович айтып берді.
Спорт • 16 Сәуір, 2026
Чемпиондар лигасының жартылай финалына шыққан командалар анықталды
УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалдық ойындары аяқталып, жартылай финалға жолдама алған төрт клуб анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2026
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Ақордада төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 16 Сәуір, 2026
Бокстан Әлем кубогінде ел намысын кімдер қорғайды?
20-26 сәуір аралығында Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында бокстан Әлем кубогі өтеді. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесіне 50-ден аса елден 400-ге жуық боксшы қатыспақ, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Қазақстанда кітап апталығы басталды: 1 500-ден астам іс-шара өтеді
23 сәуірде елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күні атап өтіледі. Осыған орай елдің барлық өңірінде кітап оқу мәдениетін арттыруға және зияткерлік әлеуетті дамытуға бағытталған кітап апталығы бастау алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық әртісі Есмұхан Обаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Саясат • 16 Сәуір, 2026
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін Қазақстанда Вице-президент тағайындау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Вице-президентті тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Ұлыбританияға виза алу жеңілдеуі мүмкін
Қазақстан Ұлыбританиямен стратегиялық әріптестік туралы жаңа келісім арқылы виза мәселесін шешуге үміттеніп отыр. Аталған құжатты бүгін Сенат депутаттары ратификациялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Сәуір, 2026
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Зейнетақы жинағын алу тәртібі өзгереді
Қазақстанда зейнетақы жинақтарын алу үшін қолданылатын ең төменгі жеткілікті шекті есептеу тәртібі өзгертіледі. Жаңа тәсілге сәйкес, енді азаматтың жинақтары алынғаннан кейін олардың өмірінің соңына дейін ай сайынғы төлемдерге жетуі тексерілетін болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 16 Сәуір, 2026
Екі дзюдошымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты
Бүгін Қытайдың Ордос қаласында ерлер мен әйелдер арасында дзюдодан Азия чемпионаты басталды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Ресей өтемақы төлейтін болды
Әзербайжан мен Ресей 2024 жылғы желтоқсанда Ақтау маңында болған ұшақ апаты бойынша келісімге келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 16 Сәуір, 2026
Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті
Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр ел президенті Тамаш Шуйокты лайықсыз деп атап, қызметінен кетуге шақырды. Бұл туралы премьер Шандор сарайында президентпен өткен кездесуден кейін X желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 16 Сәуір, 2026
Екібастұзда медицина қызметкерлеріне күш көрсеткендер ұсталды
Екібастұз қаласында қалалық аурухананың дәрігері мен медбикесіне шабуыл жасалып, күш көрсетілген. Павлодар облыстық полиция департаменті күдікті үш ер адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Сәуір, 2026
Оралда көлігіне қағаздан жасалған жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды
Орал қаласы аумағында патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жалған мемлекеттік нөмір таққан көлік жүргізушісін анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 16 Сәуір, 2026
Түрік компаниялары елдегі мұнай-газ қорларын барлауға көмектеспек
«ҚазМұнайГаз» пен Turkish Petroleum Corporation Қазақстандағы кен орындарында геологиялық барлау және мұнай өндіру саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан мен Түркия үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының 14-отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Сәуір, 2026
Павлодарда әскери қызметші қаза тапты: Қылмыстық іс қозғалды
Павлодарда әскери қызметкер өзіне оқ атып, мерт болды. Сондай-ақ тағы бір қызметші жарақат алған. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Сәуір, 2026
Оңтүстік Корея Қазақстаннан 18 миллион баррель мұнай сатып алады
Оңтүстік Корея жыл соңына дейін Таяу Шығыс пен Қазақстан елдерінен 273 миллион баррель шикі мұнай жеткізуге келісім жасады. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті әкімшілігінің басшысы Кан Хун Сик мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Сәуір, 2026
FlyArystan Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Дубайға рейстерді тоқтатты
FlyArystan әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайға байланысты Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстер тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.