Соңғы жаңалықтар
Табиғат • 13 Сәуір, 2026
Каспий теңізінде бір түнде үш жер сілкінісі тіркелді
Каспий теңізінің акваториясында 12 сәуірге қараған түні үш рет жер сілкінісі болды. Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Сәуір, 2026
Блогер Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен халықаралық іздеуде жүрген блогер Қайсар Қамза Вьетнамның Камрань қаласында ұсталды. Оны Қазақстан Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп қолға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2026
Шерхан Талап жаңа қызметке тағайындалды
Шерхан Талап Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 13 Сәуір, 2026
Астанада «Нұр шашу» халықаралық көрмесі ашылды
Астана қаласындағы HAS SANAT өнер галереясы алаңында Қазақстан мен Қырғызстан суретшілерін тоғыстырған «Нұр шашу» халықаралық көрмесі өз жұмысын бастады. Көрмеде Әсел Тілеулен, Сансыз Мирзираимов, Абай Насиридинуулу және Ислам Дооровтың 60-тан астам кескіндеме туындысы ұсынылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
Еліміздің байланыс нарығы 380 млрд теңгеге жетті
2026 жылдың бірінші тоқсанында телекоммуникация нарығы интернет пен мобильді қызметтердің есебінен айтарлықтай өсті. Ал пошта сегменті керісінше төмендеген, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2026
Қазақстан ғарышты жаңа тәсілмен зерттеуге көшеді
Енді Қазақстанның ғарыштағы ғылыми бағдарламаларын халықаралық экипаждарды тарту арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш өнеркәсібі комитеті мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Сәуір, 2026
Қазақстан чемпионатының бесінші туры қандай нәтиже көрсетті?
Футболдан Қазақстан чемпионатының бесінші турында үш команда көш бастап тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 13 Сәуір, 2026
Ормуз бұғазы маңында шиеленіс күшейді: АҚШ теңіз блокадасын енгізетінін хабарлады
Ормұз бұғазы аймағындағы жағдай күрт ушығып отыр. АҚШ Орталық қолбасшылығы теңізшілерге жолдаған ескертуінде жаңа теңіз блокадасы екі сағатқа жетпейтін уақыт ішінде күшіне енетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Сәуір, 2026
Қарағандыда шатырдан кірпіш құлап, 3 жастағы бала зардап шекті
Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентінде мәдениет үйінің шатырынан кірпіш құлап, үш жастағы баланың басына түскен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 13 Сәуір, 2026
Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Павлодарда жер қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып, екі адам қаза тауып, тағы үш жұмысшы жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 13 Сәуір, 2026
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан Қарашығанақтағы газ өңдеу зауытының құрылысын жеделдетуде. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жылына 5 млрд текше метрге дейін газ өңдейтін зауыт салу 2029 жылға дейінгі газ саласын дамытудағы негізгі жобалардың бірі екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Форум • 13 Сәуір, 2026
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәстүрлі V халықаралық Фараби форумы қорытындыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Сәуір, 2026
Рае Квон Чунг: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
«Сәтбаев оқулары» Satbayev International Conference 2026 дәстүрлі халықаралық конференцияның ашылу салтанатына Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг қатысып, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ тұрақты даму бағытындағы жүйелі еңбегіне пікірін білдірді, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 13 Сәуір, 2026
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Астанада «Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысындағы көшелер құрылысы» жобасын жүзеге асыру аясында Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі учаскеде жол толықтай жабылады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 13 Сәуір, 2026
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Астанада аукционға қойылған, Перизат Қайратқа тиесілі болған Mercedes-Benz S 450 көлігі сатылмай, полицияның пайдалануына берілді, деп жазады Egemen.kz.
Туризм • 13 Сәуір, 2026
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Америкалық автосаяхатшы әрі блогер Connor (@camperghini) Қазақстанға халықаралық автотур аясында келді. Алматыда оны «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қарсы алып, қаланың басты туристік нысандарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Хорватияның Осиегінде спорттық гимнастикадан Әлем кубогі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Елімізде алғаш рет толықтай жасанды интеллект көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді. «Түркістан сақшылары» атты жоба шытырман оқиғаларға толы тартымды сюжетімен ерекшеленеді, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 13 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2026
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 13 Сәуір, 2026
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Мемлекет басшысы ғалымдарды Ақордада қабылдады. Осындай жақсы үрдіс соңғы екі-үш жылдан бері қалыптасып келе жатыр, сонымен бірге ғылымға көңіл бөлу де бұрынғыдан арта түсті. Биылғы конститутциялық реформа да ғылымға басымдық беру туралы айтылды. Сол үшін ғылым қазір мемлекетіміз үшін маңызға ие болды. Мысалы, Сингапур, Жапония елдерінде ғылымға стратегиялық деңгейде көңіл бөледі. Соның арқасында олар даму сатысына көтерілді. Біздің еліміз де қазір осы бағытқа қадам басты. Қазір Президент жанындағы ұлттық ғылым академиясы ғылыми маңызы бар үлкен жобаларды жүзеге асырып жатыр. Мысалы, Қытай елімен бірге «DeepBas» деп аталатын үлкен база жасауға кірісті. Сонымен бірге Оңтүстік Кореямен бірігіп «Silk Net» деген институт құрды.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2026
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Петропавлда көпқабатты үйдің 2-ші қабатындағы терезеден қараусыз қалған 2 жасар бөбек құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Есірткі • 13 Сәуір, 2026
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
ІІМ «Заң мен Тәртіп» қағидаты бойынша жұмысты жалғастырып жатыр. Ведомство жыл басталғалы бері шамамен 3 тонна есірткінің таралу қаупінің алдын алды, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде үстел үсті спорттық ойындары бойынша ашық чемпионат ұйымдастырылды. Іс-шарада балалар мен ересектер, мүмкіндігі шектеулі жандар, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдері бас қосты. Мұндай ауқымды формат қоғамдағы өзара түсіністікті нығайтып, ортақ құндылықтар төңірегінде бірігуге бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
Балқаштан Алматы мен Астанаға тікелей рейстер іске қосылады
Биыл маусым мен тамыз аралығында Алматы – Балқаш – Алматы бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады. Әуе рейсін аптасына бес рет SCAT Airlines әуе компаниясы орындайды, деп жазады Egemen.kz.
Волонтер • 13 Сәуір, 2026
Allur «Еңбек Жастары» волонтерлік қозғалысын іске қосты
Отандық Allur автокөлік компаниясында жас қызметкерлердің бастамалары нақты қолдау тауып, жүзеге асып келеді. Жастарды бизнес және әлеуметтік жобаларға тартуға бағытталған Allur Zhastary бағдарламасы аясында волонтерлік қозғалыс құру ұсынылды. Компания басшылығы бұл бастаманы қолдап, нәтижесінде жұмысшы жастарды қоғам дамуына нақты үлес қосуға біріктіретін «Еңбек Жастары» қозғалысы пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Қазақ файтерлері қарсыластарын нокаутпен жеңді
Алматыда аралас жекпе-жектен IBA Nomad 14 деп аталатын халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 13 Сәуір, 2026
Атырау облысындағы тексерістен кейін полиция басшылары қызметінен шеттетілді
Ішкі істер министрлігі Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы мен Атырау облысы Полиция департаментіне қарасты екі басқарманың жетекшісі қызметінен шеттетілгенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Кәсіпқой бокс • 13 Сәуір, 2026
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы, WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінен шығарылды, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2026
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соты Porsche көлігінің жүргізушісіне қатысты мемлекеттік тәртіпті бұзу фактісі бойынша істі қарап, оны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарды. Жүргізуші қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде бағдаршамның тыйым салған (сары) сигналына мән бермей, 133 км/сағ жылдамдықпен қозғалған, деп жазады Egemen.kz.