Соңғы жаңалықтар
Президент • 11 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуымен құттықтады
Мемлекет басшысы «Артемида-2» миссиясының сәтті аяқталуына орай АҚШ Президентіне құттықтау хатын жолдап, адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы сапары ғарышты игеруде тарихи кезеңге айналғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент • 11 Сәуір, 2026
Балалар құқын қорғайтын басқарма
Шымкентте, өкінішке қарай, азғындық, балаларға қатысты қатыгездік сынды оқыс оқиғалар белең алып барады. Бүгінде қалада екі баланы зорлау оқиғасына қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Құқық • 11 Сәуір, 2026
Миранда қағидасы «Үндемеуге құқыңыз бар»
Үкімет жаңа Конституцияны түсіндіру бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Енді Ата заң мәтіні кеңінен таратылып, ақпараттық-түсіндіру жұмысы басталмақ. Өйткені жаңа заңға Халық кеңесі, Вице-президент институты, Миранда қағидасы секілді әлемдік тәжірибедегі ұғымдар енгізілді. Осылардың ішіндегі Миранда қағидасы дегеніміз не? Халықаралық стандарт неліктен Ата заңға енгізілді?
Әдебиет • 11 Сәуір, 2026
Классикалық үлгіге қосылған еңбек
Үлкен әдебиетте айнымас бір белгі бар. Қас дарынның төлтума шығармашылығынан бір бөлек, мифтік Иппокрена бастауынан шөлін басқан, әлемдік сөз өнерінің жауһар үлгілерінен шабыттану қасиеті құстың қос қанаты тәрізді биікке ұмтылдыратыны айқын. Күн ортақ, ай ортақ, жақсы ортақ, әлемдік әдебиет Құс Жолы тәрізді біртұтас екенін фон Гете өз хатшысы Эккерманмен әңгімесінде 1827 жылы 31 қаңтарда айтқан болатын.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
Темiрхан Медетбектiң өлеңдерiнiң уәзiнi де, пiшiмi де бөлек. Ерек. Бiр қарасаң, ежелдегi жаршылардың жар шақыруына да ұқсайтындай. Ендi бiр қарасаң, әдебиетте «ақындық проза» дейтiн бар, осы ақындық прозаға да келiңкiрейтiндей. Әдетте ақындар ұйқас қуады емес пе, Темiрхан Медетбек ұйқасыңа пысқырмайды да.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Қазақша сөйлейтін ЖИ: ISSAI зертханасындағы бір күн
Жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Дамыған елдерде бұл бағыт әлдеқашан жүйелі жолға қойылып, бірнеше жылдан бері үздіксіз дамып келеді. Біз де сол көштен қалмауға ұмтылып жатырмыз. Бұлай деуімізге атаулы жылды күтпей, пандемияға дейін іргесі қаланған шағын департаменттің бүгін толыққанды институтқа айналғаны дәлел. Бүгінде цифрлы кеңістіктің қазақ тілінде «сөйлей» бастауы, деректермен жұмыс, жаңа технологияларды игеру – бәрі осы жерде жүзеге асып отыр. Ғылым күні қарсаңында осы бағыттағы жұмыстың нәтижесін көзбен көріп, ұйымның тыныс-тіршілігімен танысып, ондағы сақа сарапшылардың салмақты ойын, арзу-тілегін тыңдап қайттық.
Жасанды интеллект • 11 Сәуір, 2026
Жасанды интеллектінің қолданылу аясы күннен-күнге кеңіп келеді. Бұрын IT мамандарының ғана құралы болса, қазір оны әр азамат қажетінше пайдаланады. Бұл заман тудырған талап. «Digital Bridge» – 2025 халықаралық форумында Мемлекет басшысы осы үрдістің мән-маңызына тоқталған еді. Цифрлық сауаты жоғары белгілі бір топ алгоритмдерді пайдаланып, өзіндік ойлау моделін қоғамға қасақана таңуы ықтимал. Сондықтан «технология таңдаулыларға ғана емес, баршаға қызмет етуге тиіс» деген еді. Былтыр ғана ашылған Alem.ai жасанды интеллект орталығы осы мақсатта қызмет етіп жатыр.
Сұхбат • 11 Сәуір, 2026
«Отандық ғарыш саласының жоспары ауқымды»
Адамзат тарихындағы алғашқы ғарышқа сапар қазақ жерінен бас-талды. Сондықтан еліміздің әлемдегі ғарышты игерудегі тарихи орны бөлек. Қазір мемлекет ғарыш саласын дамытуға ерекше басымдық беріп отыр. Бірнеше жаңа ғылыми жобалар қолға алынды. Осы орайда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Аманат Үмбетбаевпен еліміздегі ғарыш саласының дамуы туралы әңгімелестік.
Руханият • 11 Сәуір, 2026
«Момақан қыз» – оқырман олжасы
Алматы қаласындағы Ұлттық орталық музейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, жазушы, әдебиеттанушы Нұрдәулет Ақыштың «Момақан қыз» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Зиянды қалдықты 40 есеге азайтқан технология
Ауаның ластануы – көзге көрінбесе де, денсаулыққа әсер ететін ең үлкен қауіптің бірі. Зауыт мұржасынан шыққан қою түтін мен шаң көпшілік үшін үйреншікті көрініске айналған. Енді осы мәселенің түйінін тарқататын нақты шешім пайда болды.
Тарих • 11 Сәуір, 2026
Қазақ ғылымының тау тұлғасы, академик Қаныш Сәтбаевтың: «Қандай ортада жүрсең де, қандай лауазымға ие болсаң да, үш қасиеттен жаңылмағайсың: еңбексүйгіштіктен, сыпайыгершіліктен, адамгершіліктен» деген сөзі бар.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Жер қойнауын зерттеудегі ЖИ үлесі
Цифрландыру бүгінде еліміздің геология саласын жаңа деңгейге көтеріп отыр. Бұрын қағаз архивтерде сақталған деректер енді біртіндеп сандық жүйеге көшіріліп, бизнес пен ғылым арасындағы байланысты күшейтетін орта қалыптасып келеді. Соның нәтижесінде саладағы ашықтық артып, инвесторларға да жаңа мүмкіндік ашылып жатыр. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова мәлімдеді.
Ғылым • 11 Сәуір, 2026
Өндіріске серпін берген өнертабыстар
Қолданбалы ғылымда зерттеу мен өндіріс – құстың қос қанатындай. Бір қанаты әлсіресе, биіктеу бұйырмасы белгілі. Дәл осы өндіріске өту, өнім алу мәселесі бізде өзекті болып отыр. Мұны бұған дейінгі материалдарымызда бірнеше рет көтерген болатынбыз. Дегенмен қу шөппен ауыз сүртуге болмайды. Аз да болса, нарықта қолданысқа енгізіліп жатқан, халықтың тұрмысын жақсартуға жол салған ғылыми жобалар бар. Өзге де ғалымдарға үлгі болса деген ниетпен солардың бір парасына тоқталғанды жөн көрдік.
Пікір • 11 Сәуір, 2026
Ғылыми әлеует – мемлекет дамуының стратегиялық тірегі
Ғылым – кез келген мемлекеттің өркендеу деңгейін айқындайтын, оның бәсекеге қабілеттілігін күшейтетін, ұзақмерзімді дамуына негіз қалайтын стратегиялық сала. Бүгінгі жаһандық өзгерістер дәуірінде ғылым мен технологиялық ілгерілеу елдердің экономикалық қуатын ғана емес, олардың халықаралық беделі мен ұлттық қауіпсіздігін де айқындайтын негізгі факторға айналды.
Ата заң • 11 Сәуір, 2026
Еліміз биыл жаңа Конституция қабылдап, саяси-құқықтық дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бұл құжат заңнамалық өзгеріс қана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастың жаңа моделін айқындайтын стратегиялық акт ретінде бағаланып отыр. Сарапшылар пікірі де осыған саяды. Қысқасы, жаңа Негізгі заңымыз адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беруге қарай бет бұрғанымен ерекшеленді.
Аймақтар • 11 Сәуір, 2026
Кезінде облыс тарағанда қалалық автопарктер де жекенің иелігінде кетіп, жүйткіген көліктердің біршама «жүрісінен жаңылғаны» белгілі. Әйткенмен кейінгі бір жылдың бедерінде Семей қаласындағы қоғамдық көлік қатынасының жұмысы қайта жандана бастағаны байқалады.
Саясат • 11 Сәуір, 2026
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өңірдің шаруаларымен кездесті.
Саясат • 11 Сәуір, 2026
Экология заңдарын жетілдіру маңызды
Сенат депутаты Ольга Булавкина ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының Аграрлық саясат, табиғи ресурстар және экология жөніндегі тұрақты комиссиясының көшпелі отырысына қатысты.
Саясат • 11 Сәуір, 2026
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бір топ депутатпен және еліміздің зиялы қауым өкілдерімен бірге Өзбекстанға барды. Сапар аясында ол Самарқанд қаласында өткен Қазақ және өзбек ғылыми-шығармашылық зиялыларының екінші форумында сөз сөйледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссияның отырысына қатысты. Олий Мәжіліс Сенатының төрағасы Танзила Нарбаевамен екіжақты кездесуде көпжақты өзара іс-қимыл мен өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелері әңгімеге арқау болды.
Саясат • 11 Сәуір, 2026
Экономикалық әріптестік нығая береді
Премьер-министр Олжас Бектенов Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффтпен сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, цифрландыру, жасанды интеллект, сондай-ақ ғарыш саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапарының қорытындысында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралды.
Пікір • 11 Сәуір, 2026
Ғылыми-педагогикалық еңбек өтілім 47 жылды құрайды. Осы уақыт ішінде гуманитарлық ғылымдарды дамытуға, жоғары білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргіздім.
Саясат • 11 Сәуір, 2026
Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр елімізге іссапармен келген Шанхай қаласы Халық үкіметінің төрағасы Гун Чжэнмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны тереңдету келешегін талқылады, сондай-ақ ірі мегаполистер деңгейіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.
Пікір • 11 Сәуір, 2026
Ғылым қоғамға қызмет етуі керек
Менің ғылыми бағытым – құрылыс саласы. Соның ішінде IT және геоақпараттық жүйелер. Кейінгі он бес жыл бойы құрылыс алаңдарының қауіпсіздігі мен экологиялық әсерін бақылауға арналған заманауи технологияны әзірлеумен айналысып келемін.
Президент • 11 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым қызметкерлері күні қарсаңында осы саладағы елеулі жетістігі мен жоғары білімді дамытуға қосқан қомақты үлесі үшін бір топ азаматқа мемлекеттік марапат табыстады. Алқалы жиында Президент әр елдің ғылыми әлеуеті оның абырой-беделі мен күш-қуатының өлшемі екеніне кеңінен тоқталды.
Қоғам • 10 Сәуір, 2026
Еркін Әбіл: Қазақстан эволюциялық жаңару жолын таңдады
Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен соңғы жылдары елде ауқымды саяси және институционалдық реформалар жүргізіліп жатыр. Конституциялық өзгерістер, ғылыми капиталды дамытуға басымдық, құқықтық мемлекет қағидаттарын күшейту және жаңа саяси институттарды қалыптастыру – мұның бәрі Қазақстанның даму бағытын қайта айқындауға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2026
Гранттан баспанаға дейін: Мемлекет жас ғалымдарға қалай қолдау көрсетуде?
Мемлекет басшысы бірқатар жас ғалымға пәтер кілттерін табыстап, ғылымды дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Баспана беру туралы шешім зерттеушілерді әлеуметтік қолдауға ғана емес, елдегі тұрақты ғылыми экожүйені қалыптастыруға бағытталған жүйелі шаралардың бір бөлігі болды.
Қоғам • 10 Сәуір, 2026
Парасат ордасы Ұлттық кітапханада «Шалқар» радиосының 60 жылдық мерейтойына арналған тағылымды жиын өтті. 1966 жылдың 1 қаңтарында кешкі сағат 19.00-де дауылпаз диктор Әнуарбек Байжанбаевтың хабарлауымен әуе толқынына шыққан «Шалқар» бағдарламасы уақыт бедерінде ауқымын кеңейтіп ұлттық радиоға айналған еді. Тәулігіне 18 сағат бойы толықтай қазақ тілінде хабар тарататын радио ұлттық ақпарат кеңістігінде өз орнын қалыптастырған іргелі ұжым ретінде үздіксіз қызмет етіп келеді.
Елорда • 10 Сәуір, 2026
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
2026 жылғы 10 сәуірден бастап Астана қаласында «Болашақ ойындары 2026» халықаралық мультиспорттық турниріне қатысу үшін волонтёрларды ресми іріктеу басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Сәуір, 2026
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Шаңхай қаласында Қазақстанның ұлттық әуе компаниясы Air Astana жүзеге асыратын Алматы – Шаңхай бағыты бойынша жаңа тікелей әуе рейсін салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Технология • 10 Сәуір, 2026
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Қазақстан цифрлық шешімдерді әлемдік нарықта жүзеге асыруда тарихи межеден өтіп, технологияларды нетто-экспорттаушы ел мәртебесін ресми түрде бекітті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, отандық IT-қызметтер экспортының көлемі 1,142 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.