Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 18 Ақпан, 2026
Петропавлда оқушы үшінші қабаттың терезесінен секіріп кетті
Петропавл қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде төтенше жағдай болды. 17 ақпанда оқушы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Қысқы Олимпиада: Фристайл-акробатика шебері Аяна Жолдас іріктеуден өте алмады
Италияның Ливиньо тау шаңғы курортында XXV қысқы Олимпиада ойындарының фристайл-акробатикадан әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі мәресіне жетті. Осы сында ел атынан жарыс жолына шыққан Аяна Жолдас іріктеу кезеңінде сүрінді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Астанада жаңа Конституция жобасы бойынша сараптамалық талқылау өтті
Бүгін Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Парламент Мәжілісінің депутаты, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Марат Башимовтың қатысуымен сараптамалық кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 18 Ақпан, 2026
Арақ ішкен адам 40 күнге дейін ораза ұстай алмай ма?
Қазақта «бір күн арақ ішкеннің үйінде қырық күн береке» болмайды дейді. Ғалымдар да осы сөзді қуаттағандай, алкоголь ағзадан қырық күнде тарайтынын айтады. Бірақ қасиетті Рамазан айының алдында тентек судан ұрттап қойған адам елмен бірге ауыз бекіте ала ма? Мүфтият жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 18 Ақпан, 2026
Қосымша медициналық білім сапасына қойылатын талап күшейді
Денсаулық сақтау министрлігі медициналық мамандардың біліктілігін арттыру ісін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам жасады. Енді қосымша медициналық білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар күшейтіліп, оларды іріктеу мен бақылаудың ашық әрі жүйелі тетігі енгізіледі. Бұл шешім саладағы кадр даярлау сапасын арттырып, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің деңгейін жақсартуды көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Әдебиет • 18 Ақпан, 2026
Нағыз өнердің дәуірі енді басталады
Бүгін біз жеңіл оқылатын кітаптарды көп оқимыз, санаға салмақ түсірмейтін фильмдер прокаттан түспейді. Екі-үш нота аралығында құрылған, қарапайым әндер тез жатталады. Осы үрдістен авторлардың өнерді түсінікті етуге ұмтылысы байқалады. Бірақ соның әсерінен мазмұны бай, қатпары терең туындылар назардан тыс қалып жатыр. Енді оларды кім жаратып, кім тұтынады? Алдағы уақытта нағыз өнердің аясы тарыла ма, кеңи ме? Сараптап көрдік.
Қысқы спорт • 18 Ақпан, 2026
Шаңғы жарысының спринт түрінде бақ сынаған отандастарымыздың нәтижесі қандай?
Бүгін Италиядағы XXV қысқы олимпия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы спринт бәсекесі өтті. Ел құрамасы сапында Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина сынға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Әскердегі әлімжеттік: Отарда соққыға жығылған сарбаздың қазіргі жағдайы қалай?
Гвардейск гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің бірінде әскери қызметші Ербол Қапарға күш қолданылып, сарбаз жақ сүйегінен жарақат алған. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі сарбаздың Алматы қаласындағы Әскери-клиникалық госпиталінде оңалту курсынан өтіп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Жемқорлық • 18 Ақпан, 2026
Ақтөбеде прокурор ұсталды: Шенеунік 10 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді
17 ақпанда Ақтөбе облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері прокуратура қызметкерін ұстады. Ұстау фактісін өңірлік прокуратура растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Статистика: Елімізде 170 мыңнан астам адам жұмысын ауыстырғысы келеді
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылы 170 мыңнан астам адам жұмыс орнын өзгертуді көздейді. Негізгі себеп – жалақының төмендігі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Тоқаев Санаэ Такаичиді Жапонияның Премьер-министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтады
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Қазақстанда құмар ойынын ұйымдастырған күдікті Грузиядан экстрадицияланды
Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті заңсыз онлайн-казино ұйымдастыру фактісі негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Іс бойынша Рантик Бахтияр Оглы күдікке ілінген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады
eGov Mobile мобильді қосымшасында тауарларды цифрлық кодтар бойынша тексеру функциясы пайда болды. Naqty Onim сервисі негізінде іске асырылған қызметте пайдаланушылар тауардың түпнұсқалығын тексере алады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 18 Ақпан, 2026
Қоғамдық кеңес мүшелері жаңа Конституция жобасын талқылайды
Астана қаласында Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы Қоғамдық кеңестердің Үйлестіру орталығының отырысы өтеді. Іс-шараға Үйлестіру орталығының мүшелері, республикалық және облыстық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің төрағалары, сондай-ақ уәкілетті органдардың өкілдері қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 18 Ақпан, 2026
Токио конвенциясы: Қазақстан жоғары білім саласындағы өңірлік әріптестікті күшейтті
Еліміз Тынық мұхиты мен Азия өңірінде жоғары білім туралы біліктіліктерді мойындау жөніндегі өңірлік конвенцияны (Токио конвенциясын) ратификациялап, жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам жасады. Бұл шешімді ЮНЕСКО құптап, Қазақстанның әділ әрі ашық біліктіліктерді тану ісіндегі көшбасшылығын атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 18 Ақпан, 2026
Елімізде бал экспорты 2,5 есе артты: Шетелге 1477 тонна өнім жөнелтілді
Қазақстанда ара шаруашылығы серпінді дамып, ауыл шаруашылығының табысты әрі стратегиялық маңызды саласына айналып келеді. Соңғы деректерге сүйенсек, былтыр бал экспорты 2,5 есеге артып, отандық өнімге халықаралық сұраныстың жоғары екенін айқын көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Атырау облысында бес жылда 331 мың көшет егілген
Атырауда 2021 жылы облыс әкімдігі мен мұнай-газ кәсіпорындары арасында меморандум жасалған. Соның аясында егілген көшеттер саны 331 мыңға жеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 18 Ақпан, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады
18-19 ақпан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу үшін Вашингтонға жұмыс сапарымен барады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Футбол • 18 Ақпан, 2026
«Буде-Глимт» және «Интер» ойынын қайдан көруге болады?
Бүгін норвегиялықтар өз алаңында миландық «Интерді» қабылдайды. Кездесу Будедегі «Аспмюра» стадионында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Бірқатар мемлекеттік мекемеде штат саны қысқарады
Ұлттық экономика министрлігі мемлекеттік сектордың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр ресурстарын басқаруды оңтайландыруға бағытталған бұйрықты бекітті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жақсылық Омарға қатысты тергеуді растады
ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2026
Түркістан облысында газобетон өндіретін кәсіпорын іске қосылды
Түркістан облысы «Қазығұрт» индустриялық аймағында «ЮКГУ» ЖШС-ның «Газобетон блогы» өндіріс орны іске қосылды. Жалпы инвестициялық құны – 273 миллион теңге болатын өндіріс орны тәулігіне 200 текше метр өнім шығаруға қауқарлы. Онда 30 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Елімізде зейнетақының орташа мөлшері қанша теңге?
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен зейнетақы төлеуге 395,2 млрд теңге бағытталды. Оның ішінде 131,3 млрд теңге – базалық зейнетақыға, 263,9 млрд теңге – ынтымақты зейнетақыға жұмсалды. Биылғы 1 ақпандағы мәлімет бойынша, елдегі зейнеткерлер саны 2 млн 538 мың адамға жетті. Бұл – мемлекет үшін әлеуметтік міндеттемелердің ауқымы кең екенін аңғартатын көрсеткіш, деп жазады Egemen.kz.
Дін • 18 Ақпан, 2026
Алғашқы тарауық намазы қашан оқылады?
Қазақстан мұсылмандары діни басқарма бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, ертең қасиетті Ораза айы басталады. Ал бүгін ел мешіттерінде алғашқы тарауық намазы оқылады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Енді Шу мен Отар арасында электрпойызы қатынайды
19 ақпаннан бастап ұлттық тасымалдаушы Шу – Отар қала маңы бағытына жаңа электрпойыз шығарады. Бұл қадам жолаушылар ағынын арттырып, қызмет көрсету сапасы мен сапар жайлылығын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 18 Ақпан, 2026
Таразда мектеп оқушысын ұрламақ болған екі күдікті ұсталды
Кеше Тараз қаласында мектеп оқушысын ұрламақ болған. Әлеуметтік желіде екі ер адамның аялдамада кішкентай қызды ұрлауға оқталған бейнежазба тарады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 18 Ақпан, 2026
Оралдық ғалымдар жаңа агрожоба ұсынды
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары Алматыда өткен көрмеде мал азығын дайындау бойынша ерекше ғылыми жобаны назарға ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 18 Ақпан, 2026
ҰБТ: Қостанай облысында талапкерлердің 74%-ы шекті балл жинады
Қостанайда 2026 жылдың алғашқы ҰБТ-сы аяқталды. Ұлттық тестілеу орталығының Қостанай қаласындағы филиалының басшысы Нұргелді Хасеновтың айтуынша, талапкерлердің 39%-ы қазақ тілінде, 61%-ы орыс тілінде және 1 адам ағылшын тілінде тест тапсырған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Ақпан, 2026
Еліміздің су қоймалары тасқын суға дайын ба?
Ел аумағында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық күшейтілді. Ірі су қоймаларында тасқын суды қабылдауға арналған бос сыйымдылық 14,3 млрд текше метрден асады. Күтілетін су көлемі 9,1-13,9 млрд текше метр шамасында болжанып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Руханият • 18 Ақпан, 2026
Діни басқарма бекіткен 2026 жылғы діни күндер кестесіне сәйкес, биыл Рамазан айының алғашқы күні 19 ақпанға сәйкес келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.