Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге сәйкес, ұсталған прокурор 10 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдік бар. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ. Қазір іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге мәліметтер жария етілмейді.
Сондай-ақ Жамбыл облысында жоғары лауазымды бұрынғы полиция қызметкерлеріне қатысты сот процесі басталады. Атап айтқанда, экс-полицейлер Жайдарбек Күттібаев пен Еркен Абаевқа сыбайлас жемқорлық баптары бойынша айып тағылып отыр.
Еске салайық, бүгін ҰҚК Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омарға қатысты тергеу жүріп жатқанын растады.