Заң • 30 Қазан, 2024

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

103 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікке ілінді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда судья пара алды деген күдікке ілінді

Фото: pixabay.com

Бұған дейін желіде Алматыда әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соттың судьясы пара алып жатқан жерінен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті судьяның пара алды және алаяқтық жасады деген күдікке ілінгенін хабарлады.

«Сұрауда көрсетілген адамға қатысты ҰҚК ҚР Қылмыстық кодексінің 366 («Пара алу») және 190 («Алаяқтық») баптары бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз», деп жауап берді ҰҚК.