Соңғы жаңалықтар
Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Өнерпаздар Конституцияны әнмен қолдады
Еліміздің мәдениет және өнер қайраткерлері еліміздің жаңа Конституциясына арналған «Халықтың Ата Заңы» атты бірлескен әнді жазды. Жоба өтіп жатқан саяси реформаларға қоғамдық қолдаудың жарқын көрінісінің және азаматтық бірліктің символына айналды, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 09 Наурыз, 2026
Референдум қарсаңындағы қоғамдық көңіл күй: жаңа Конституцияға пікір қандай?
Елімізде жаңа Конституция жобасын қабылдау жөніндегі референдум жақындаған сайын қоғамдағы белсенділік те күшейіп келеді. Соңғы жүргізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері халықтың бұл мәселеге жоғары қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Сауалнама деректеріне сәйкес, ел азаматтарының басым бөлігі жаңа Конституция жобасымен таныс және референдумға қатысуға ниетті. Бұл жағдай елдегі конституциялық реформаның қоғамдық талқылаудан тыс қалмағанын аңғартады, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 09 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция билік теңгерімі мен адам құқықтарын нығайтады
Конституция кез келген мемлекеттің құқықтық іргетасы ғана емес, қоғам мен билік арасындағы ең жоғарғы келісім. Ол мемлекеттің қандай қағидаттарға сүйенетінін, билік пен азаматтың қарым-қатынасы қандай өлшеммен реттелетінін айқындайды. Елімізде 2022 жылдан басталған конституциялық реформалар осы қатынастарды қайта қарауға бағытталды. Ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы сол өзгерістердің жалғасы ретінде қабылданып отыр.
Әлем • 09 Наурыз, 2026
Израиль әскері Тегеранда Иран әуе күштерінің штабына соққы жасады
Израиль қорғаныс күштері Тегеранда орналасқан Иранның революциялық гвардиясына қарасты әуе күштерінің штаб-пәтеріне соққы жасалғанын хабарлады. Бұл туралы ресми мәлімет Израиль әскерінің Telegram арнасында жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Наурыз, 2026
Оралдық ғалым марапатқа ие болды
Оралдық генетик ғалым Индира Бейшова ғылыми марапатқа ие болды деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 09 Наурыз, 2026
Иранның ядролық нысанына соққы жасалды
Иранның Исфахан провинциясындағы ядролық нысан АҚШ пен Израильдің соққысына ұшырады. Бұл туралы Иранның ISNA ақпарат агенттігі елдің Ядролық қауіпсіздік ұлттық орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Ауа райы • 09 Наурыз, 2026
Елдің барлық өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері 9 наурыз, дүйсенбі күні барлық өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялады. Елдің бірқатар аймағында қар мен боран, көктайғақ, жаңбыр мен найзағай, сондай-ақ екпінді жел күтіледі, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 08 Наурыз, 2026
Ермек Әбдірасулов, заң ғылымдарының докторы: «Жаңа Конституция - құқықтық мемлекеттің кепілі»
Қазақстанда 2022 жылдан басталған конституциялық реформалар жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, мемлекеттің әрі қоғамның жаңғыруына жаңа серпін берді, ал ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы – сол өзгерістердің логикалық жалғасы әрі оларды заңдық тұрғыдан бекітетін шешуші қадам болып отыр. Бұл пікірді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті профессоры, заң ғылымдарының докторы Ермек Әбдірасулов білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
Астанадағы MEGA Silk Way сауда орталығында «Бақыт деген» музыкалық флешмобы өтті
Елордадағы MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Бақыт деген» атты музыкалық флешмоб өтті. Іс-шара мерекелік күнге орай ұйымдастырылып, Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдау мақсатында өткізілді. Акция барысында қатысушылар танымал «Бақыт деген» әнін жанды дауыста орындап, қарапайым кездесуді әсерлі қоғамдық перформансқа айналдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
8-наурыз – әйел тағдыры туралы ойланатын күн
Ұлттық статистика дерегінше, бүгінде елімізде 10,4 млн әйел тұрады. Бұл жалпы халқымыздың 51,1%-ын құрайды. Сондай-ақ сан дерек қазақстандық қыз-келіншектердің 48%-ы мейірім мен мамандықты, іскерлік пен ізетті тең ұстап жүргендер санатында екенін жариялады. Асылында арулар қоғамның кетігіне кірпіш болып қаланып, ел қамы үшін ерлермен тең тер төгіп жүр. Нәзік әйелдер үшін мамандықтың шекарасы жоқ. Сөзімізді саналы ғұмырының 20 жылын құқық қорғау саласына арнаған Рәбиға Еркебайқызы айғақтай түседі. Бүгінде ол Астана қалалық полиция басқармасының отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімше бастығы лауазмын атқарып жүр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
Ұлттық ұлан қызметкерлері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады
Халықаралық әйелдер күніне орай, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қала тұрғындарын мерекемен құттықтады. Мерекелік акция барысында гвардия қызметкерлері қаланың көшелерінде әйелдерге гүлдер табыс етіп, жылы лебіздерін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 08 Наурыз, 2026
Конституция – әділетті қоғам қалыптастырудың негізі
Конституция – кез келген мемлекеттің саяси және құқықтық жүйесінің іргетасы. Ол елдің даму бағытын айқындап, билік тармақтарының қызметін реттейді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік береді. Сондықтан жаңа конституция жобасы немесе конституциялық өзгерістер туралы талқылау қоғам үшін аса маңызды мәселе болып саналады. Қазақстан үшін де Конституция – әділетті қоғам қалыптастырудың басты негіздерінің бірі.
Әлем • 08 Наурыз, 2026
Тегеранның мұнай базасы өртеніп жатыр
АҚШ пен Израильдің Тегеранда орналасқан мұнай сақтау нысандарына жасаған әуе соққыларынан кейін ел билігі жағдайға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 08 Наурыз, 2026
Қазақстан мен Кувейттің министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт мемлекетінің сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Наурыз, 2026
Заман ілгерілеген сайын кейбір дәстүр-құндылықтар, жоралғылар ұмыт қалып барады. Соның бірі – «кіндік шеше» ұғымы. Қазақта кіндік шеше баланың екінші анасындай болған. Баланың кіндігін ырымдап ауыл-елге сыйлы, өскен-өнген әулеттің аналарына кестірген. Бүгінде сол кіндік-шешенің қызметін іс жүзінде акушер-гинекологтар атқарып келеді.
Мереке • 08 Наурыз, 2026
С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облыстық қазақ музыкалық-драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Адамзаттың асылы − ана деген...» атты мерекелік кеш өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Наурыз, 2026
Петропавлда тұрғын үйде өрт шығып, 100-ден астам адам эвакуацияланды
Петропавл қаласында көпқабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан 100-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Олимпиада • 08 Наурыз, 2026
Паралимпиада-2026: Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?
Милан, Кортина-д’Ампеццо және Солтүстік Италияның бірқатар қалаларында 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындары басталды. Жарыстың екінші күні қазақстандық спортшылар парабиатлонда медаль үшін бақ сынайды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Наурыз, 2026
Израиль Бейруттағы қонақүйді соққылады
Бейрут қаласының орталығындағы Ramada қонақүйі ғимаратына Израиль тарапынан жасалған соққы салдарынан кемінде төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz BBC-ге сілтеме жасап.
Әйел әлемі • 08 Наурыз, 2026
Толассыз шу, дамылсыз қозғалыс, тынымсыз техникалар. Мұндай орындардан ер адамдарды көруге көз үйренген. Ауыр өнеркәсіптің аты айтып тұрғандай, бұл салада табанды еңбек ету үшін білектің күші, жүректің мысы керек-ақ. Бірақ мұндай өндіріс ошақтарында өнімді қызмет етіп жүрген аруларымыз да жоқ емес, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Наурыз, 2026
Бүгін елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі
8 наурызда Қазақстанның көптеген өңірінде қар, жаңбыр, бұрқасын, көктайғақ және күшті жел күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тұлға • 08 Наурыз, 2026
Құрметке бөленген ана: Ләззат Таймырқызының тағылымға толы ғұмыры
8 наурыз – әйел-ананың қадірі мен қоғамдағы рөлін айрықша айшықтайтын мереке. Осындай мерейлі күн қарсаңында ел ісіне белсене араласып, қоғамдық жауапкершілікті нәзік болмысымен үйлестіре білген тұлғалар еске түседі. Солардың бірі – Ләззат Таймырқызы Қожахметова. Оның өмір жолы бір ғана саламен шектелмейді. Журналистика, ұстаздық, қоғамдық қызмет, мемлекеттік басқару, депутаттық міндет, ұлттық деңгейдегі кеңестер мен комиссиялар – мұның бәрі оның тағдырында тоғысқан. Ләззат Таймырқызының еңбек жолына үңілгенде ең алдымен ана жүрегін, азаматтық ұстанымын және қоғам алдындағы жауапкершілігін аңғарасыз. Оның өнегелі өмірі – қазіргі қазақ әйелінің жаңа бейнесін айқындайтын тағылымды үлгі.
Қаржы • 08 Наурыз, 2026
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында доллар бағамы қандай?
Астана мен Алматы ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта бағамы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Наурыз, 2026
Президент әйелдер қауымын халықаралық мерекемен құттықтады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Референдум • 07 Наурыз, 2026
«Ордабасы» және «Ертіс» матчы алдында жаңа Конституцияны қолдауға арналған іс-шара өтті
Шымкенттегі Қажымұқан атындағы орталық стадионда футболдан Қазақстан чемпионатының алғашқы туры қарсаңында жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс-шараға мыңдаған жанкүйер жиналып, үлкен спорттық мерекенің куәсі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 07 Наурыз, 2026
Милад Карими спорттық гимнастикадан Бакудегі Әлем кубогы кезеңінің күміс жүлдегері атанды
Қазақстандық гимнаст Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Әскери оркестрлер мереке шырайын кіргізді
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында әскери музыканттар сауда ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық көліктерде және басқа да адам көп жиналатын орындарда өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Саяси мәдениеттің жаңа деңгейі
Жаңа Ата заң жобасын қабылдауға арналған республикалық референдумның өтуіне санаулы күндер қалды. Қоғамда Конституциялық реформаның артықшылықтары мен жаңа Конституция жобасының ерекшеліктері туралы талқылаулар қызу жүріп жатыр. Осы орайда «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ Қоғамдық процесстерді зерттеу орталығының басшысы Риззат Тасым өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 07 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады
Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның көрші елдерге соққы жасауды тоқтату туралы шешімін құптады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Әлиев Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс айтты
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нахичевань әуежайына соққыны айыптағаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.