Қазақстан уақыты бойынша 14:30-да парабиатлоннан отырып жарысатын ерлер арасында жеке жарыс өтеді. Бұл жарысқа
Ербол Хамитов, Сергей Усольцев және Юрий Березин қатысады.
16:30-да парабиатлоннан тұрып жарысатын ерлер арасында жеке жарыс өтеді. Бұл сайыста Александр Герлиц жүлде үшін күреседі.
Айта кетейік, 7 наурыз күні биатлондағы спринт жарысында қазақстандық спортшылар мынадай нәтиже көрсетті:
Ербол Хамитов – 8-орын,
Александр Герлиц – 11-орын,
Сергей Усольцев – 18-орын,
Юрий Березин – 25-орын.
2026 жылғы қысқы Паралимпиадада Қазақстан атынан жеті спортшы екі спорт түрінде – парабиатлон және парашаңғы жарысында өнер көрсетіп жатыр. Командадағы ең үлкен спортшы 51 жаста, ал ең жасы 17 жаста.
Құрама сапында Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері, сондай-ақ парашаңғы және парабиатлоннан әлем чемпионы және биатлоннан Әлем кубогының иегері бар.