Соңғы жаңалықтар
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында жетісулық көпбалалы аналар көптен күткен баспаналарына ие болды. Жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған аналарға берілді. Осылайша, 35 отбасы қоныс тойын тойлады.
Аймақтар • 07 Наурыз, 2026
Есік қаласында №1 перинаталдық орталық пайдалануға берілді. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрді құрайтын үш қабатты медициналық ғимарат 2007 жылы салынған. Өткен жылы нысанға күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп, ғимараттың материалдық-техникалық базасы толық жаңартылып, айналасы абаттандырылды.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Қарағандының іргесіндегі Үштөбе ауылы кейінгі жылдары тың тыныс алды. Бүгінде 5 мыңнан астам тұрғыны бар ажарлы қоныс – Бұқар жырау ауданындағы ең ірі әрі әлеуеті жоғары ауылдың бірі. Келбеті жайнаған, тіршілігі қайнаған ауылдың бүгінгі өзгерісінің басында жиырма жылдан астам уақыт жергілікті әкімдікте қызмет етіп келе жатқан Әлем Көпбаева тұр. Бас маман болып еңбек жолын бастаған ол ел сенімін еңсеріп, ауыл әкімі болып сайланады.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Шетелдегі қазақ жастарының арасында ғылымда, мәдениетте, бизнесте, шығармашылықта биік белестерді бағындырып жүрген дарынды буын қалыптасып келеді. Осындай зерек те талапты қазақ жастарының бірі – Иранда өмірге келген жас қаламгер Атрие Чалак.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Бүгінде әлемдік технологиялық алпауыт компанияларда еңбек ететін қазақ жастарының саны артып келеді. Солардың бірі – Шымкентте дүниеге келген Нұрлы Күздікбай.
Әйел әлемі • 07 Наурыз, 2026
Шетелде жүрсе де, өзінің біліктілігін көрсетіп жүрген қазақ қызының бірі – Әсел Аяпова. Ол – АҚШ-тың «AES» корпорациясының энергетикаға арналған жаһандық дрондық инновациялық бағдарламасының директоры және Энергетикадағы дрондар мен роботтар халықаралық коалициясының, Америкадағы «Women and Drones» қауымдастығы кеңесінің мүшесі қызметін атқарып келеді.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
«Қызды гүлге теңеп жазған ең бірінші ақын – нағыз ақын», депті түркі халықтарының ұлы ойшылы Әлішер Науаи. Расында, гүл мен ару – егіз ұғым. Раушан, Қызғалдақ, Нарғыз, Қалампыр, Райхан секілді есімдер нәзік жандыларға ғана жарасқан соң қойылады. Гүл сөзі біріккен ару аттары қаншама? Әрбір әйел затының өзіне тән талғам-мінезі болатыны секілді, әрбір гүлдің де өзіндік мән-мағынасы, сыйлау әдебі бар. Әрбір нәрсе әдебімен әдемі ғой қашанда.
Саясат • 07 Наурыз, 2026
Жаңа Конституция отбасы институтын нығайтады
Сенатта Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Басқосуда палата төрағасы Мәулен Әшімбаев әріптестерін құттықтап, оларға еліміздің өсіп-өркендеуіне қосқан жасампаз үлесі мен жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды.
Қоғам • 07 Наурыз, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Аналар мерекесі қарсаңында айтулы кездесу өтті. Қазақ қаламгеріне жар бола жүріп, бар мұрасын тірнектеп жинап, жарыққа шығарғаны өз алдына, әулет іргесін сақтаған ананың жолы қашанда айтуға тұрарлық емес пе? Көсемсөз ұстасы, айтулы аудармашы Марал Хасен ағамыздың жары Рымбала Смайылова – сондай сирек жандардың бірі.
Саясат • 07 Наурыз, 2026
Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау маңызды
Кеше бочча спортынан еліміздегі алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнир мәресіне жетті. Жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі Астанадағы жаңа Инклюзивті спорт орталығында өтті.
Мереке • 07 Наурыз, 2026
Серіктестік сұлуларына ілтипат
Аналар мен арулар мейрамында ұжымдағы қыз-келіншектерді құттықтауды «Қазақ газеттері» серіктестігі әдеттегідей «Egemen Qazaqstan» ғимаратында ұйымдастырды. Осындағы «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газетінің ерлері ару әріптестерінің қолына гүл ұстатып, жырдан шашу шашып, ән салып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Президент • 07 Наурыз, 2026
Әйел – ақыл мен ажардың айнасы
Ақордада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысушыларды көктемнің шырайлы мерекесімен құттықтады. Президент мерекелік жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосып, өз кәсібінде жоғары табысқа жеткен ханымдарды мемлекеттік наградамен марапаттады.
Саясат • 07 Наурыз, 2026
Экспортты шектеуге зәрулік жоқ
Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысы өтті.
Қазақстан • 06 Наурыз, 2026
Қазақстан құрамасы дзюдодан Австриядағы Гран-придің алғашқы күнінде бір қола медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасы дзюдодан Австрияның Линц қаласында өтіп жатқан Гран-при турнирінің алғашқы жарыс күнін бір медальмен аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 06 Наурыз, 2026
АҚШ Ирандағы мектепке жасалған соққыға қатысы бар екенін мойындады
АҚШ-тың ресми тұлғалары Конгрестегі жабық брифингте Минаб қаласында орналасқан қыздарға арналған мектепке соққы жасағанын мойындады, деп хабарлайды Egemen.kz NBC News-ке сілтеме жасап.
Референдум • 06 Наурыз, 2026
Референдум: Таяу Шығыс елдеріндегі учаскелер уақытша жұмыс істемейді
Таяу Шығыс елдерінде құрылған референдум учаскелері уақытша жұмыс істемейді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • 06 Наурыз, 2026
Қазақстан мен Түркия министрлері Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Хакан Фиданмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 06 Наурыз, 2026
Air Astana 7,8 және 9 наурызда Сауд Арабиясынан отандастарымызды эвакуациялауды жалғастырады
Қазақстандықтарды 7, 8 және 9 наурызда репатриациялық рейстер арқылы Сауд Арабиясынан елге қайтару жалғасады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2026
Мереке күндері ХҚО мен мамандандырылған ХҚО-лар қалай жұмыс істейді?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мейрамына байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы мерекелік концертке барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған концертті жұртшылықпен бірге тамашалады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 06 Наурыз, 2026
Елімізде қазір қай жолдар жабық тұр?
2026 жылғы 6 наурыз сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 2 облыстағы 4 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 06 Наурыз, 2026
Қазақстандықтар жаңа Конституция жобасымен алдын ала таныса алады
15 наурызда Қазақстанда республикалық референдум өтеді. Онда азаматтар елдің жаңа Конституциясы жобасына қатысты өз ұстанымын білдіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Президент әйелдер қауымын мемлекеттік наградамен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты іс-шараға қатысушыларды көктемнің шырайлы мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 06 Наурыз, 2026
Ғалым әйелдер академик Нәйлә Базанова атындағы құрмет белгісімен марапатталды
Ғылым ордасында Халықаралық әйелдер күніне орай Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен ғалым әйелдерге арналған академик Нәйлә Базанова атындағы марапат табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 06 Наурыз, 2026
Тұтыну несиесінің нарыққа әсері
Қазақстанда кепілдіксіз тұтынушылық несиелендірудің өсуі тежеле бастады. Ел ішіндегі пікір екі бағытта айтылады. Бірі инфляцияны тежеуге көмектесетін факторлардың десе, екіншісі инфляцияның импорттың қанатына ілесіп келу процесін жылдамдататынын айтады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 06 Наурыз, 2026
Мемлекет басшысы Халықаралық Қызыл крест комитетінің президентімен кездесті
Кездесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бейтарап мандат негізінде әрекет ететін Халықаралық Қызыл крест комитетінің бірегей сипатына тоқталып, гуманитарлық көмекті саясиландыруға болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қаржы • 06 Наурыз, 2026
Ұлттық банк 10 мың теңгелік ескі банкноттарды пайдалану мерзімін ұзартты
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 10 мың теңгелік банкноттардың қатар қолданыста болу мерзімі ұзартылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Халық • 06 Наурыз, 2026
Қазақстанда қанша әйел тұрады?
Ұлттық статистика бюросы еліміздегі ерлер мен әйелдер санына қатысты жаңартылған мәліметтерді ұсынды. Мәліметтерге сүйенсек, елімізде 10 488 074 әйел бар, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Наурыз, 2026
Екі өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе мен Қостанай облыстарының республикалық маңызы бар тасжолдарда жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 06 Наурыз, 2026
Конституция – мемлекет пен адам арасындағы қоғамдық келісімшарт
Конституция – еліміздің заңнамалық негізі. Ол уақыт талабына сай өзгеріп отыруға тиіс. Бұл туралы Атырау облыстық алқасының адвокаты Нұрлан Жолболов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.