Қоғам • Бүгін, 08:05

Аудармашының еселі еңбегі

0 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Аналар мерекесі қарсаңында айтулы кездесу өтті. Қазақ қаламгеріне жар бола жүріп, бар мұрасын тірнектеп жинап, жарыққа шығарғаны өз алдына, әулет іргесін сақтаған ананың жолы қашанда айтуға тұрарлық емес пе? Көсемсөз ұстасы, айтулы аудармашы Марал Хасен ағамыздың жары Рымбала Смайылова – сондай сирек жандардың бірі.

Аудармашының еселі еңбегі

Ұлттық академиялық кітапха­нада Марал Хасен қоры бар. Қаламгердің соңында қалған кітаптарының таңдаулыларын осында өткізіп, ресми тіркетіп жүрген жары – Рымбала апай. Бұл кісі жары дүние салған соң, қасиетті ісін жалғастырып, Нобель сыйлығының лауреаты Светлана Алексиевичтің «Цинковые мальчики» повесін қазақша сөйлетті (2017). Сондай-ақ Гарри Грейдің «Оданжды ­в Америке» бестселлерін (2021), Нұр­ай­на Сәтбаеваның «Серебряная тамга Альки» (2022) әңгімелер жина­ғын, Илмаз Даниялұлының «Начало. Дастан и Арман» тарихи сагасын (2023) аударса, осы жолы атақты Виктор Гюго­ның «Париждегі Нотр-Дам соборын» қазақшалапты.

«Аманат арқалаған ана» атты шы­ғармашылық кездесу кеште аталған аударма кітабының тұсаукесер рәсімі өтіп, оқырманның қолына тиді. Кездесуді «Астана ақшамы» газеті­нің шолушысы, журналист Аманғали Қалжанов жүргізді. Аудармашының басқа да еңбектерін кіріктіре сөйлеген модератор әуелі Ұлттық академиялық кітапхана директоры Күміс Сейітова мен жазушы Айгүл Кемелбаеваға сөз берді. Күміс ханым Рымбала апайды құттықтап, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Рустам Алидің Алғыс­хатын тапсырды.

«От басы, ошақ қасын әдебиет атты ұлы ұғымның ордасына айналдыру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Марал Хасендей аудармашы әрі өте білімдар адамдар да бұрыннан көп болмаған, бірақ Құдайға шүкір, барына қуанамыз. Сондықтан халықтың сана-сезімін көтеруге, әдебиет пен руханиятқа қызмет еткен сіздің еңбекті өз басым жоғары бағалаймын әрі әрдайым тілектеспін», деді жазушы Айгүл Кемелбаева.

Журналист Мағжан Садыхан да Марал Хасеннің кісілік келбетіне кеңінен тоқталып, Рымбала апайдың еңбегі қастерлеуге тұратын мұраға айналып кеткенін лепес етті. Аудармашы, драматург Кенжебай Ахмет, басқа да тұлғалар авторға ақжарма тілектерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30