Соңғы жаңалықтар
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Референдум-2026: Сайлау учаскесін eGov Mobile арқылы тексеруге болады
15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында азаматтар өз сайлау учаскесін eGov Mobile мобильді қосымшасы мен GOV.KZ порталы арқылы табуына болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 05 Наурыз, 2026
Түркия президенті Иран зымыранының жойылуына қатысты пікір білдірді
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған Иран аумағынан елдің әуе кеңістігіне қарай ұшырылған баллистикалық зымыранға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
ІІМ азаматтарға үндеу жасады: Шетелде жұмыс істеймін деп сан соғып қалмаңыз
Ішкі істер министрлігінің киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернетте жарияланатын хабарландырулар арқылы азаматтарды шетелдегі «жалақысы жоғары жұмысқа» тарту деректері көбейгенін айтып, мұндай ұсыныстардың қауіпті болуы мүмкін екенін ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Астанада мереке күндері CTS Орталық кассасы жұмыс істемейді
«City Transportation Systems» алдағы мереке күндеріне байланысты Орталық кассаның жұмыс кестесінде өзгерістер болатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Шымкентте көпқабатты үйден төрт адамның мәйіті табылды
Шымкент қаласы «Студенческий городок» шағын ауданындағы бір подъезде төрт адамның мәйіті табылды. Қалалық полиция қайғылы оқиғаға газ иісінен улану себеп болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Үкімет • 05 Наурыз, 2026
Жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасы әзірленеді
Елімізде халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу секторын әртараптандыруға ықпал ететін жеңіл өнеркәсіпті дамытуға басымдық беріліп отыр. Осы мақсатта Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы өтті. Жиында саланы жүйелі дамыту үшін бизнес-қоғамдастықпен бірлесіп жеңіл өнеркәсіпті дамытудың кешенді бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 05 Наурыз, 2026
«Атырау» футбол клубының бас бапкері қызметінен кетті
«Атырау» футбол клубының бас бапкері Виталий Жуковский екіжақты келісімге сәйкес қызметінен босатылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Наурыз, 2026
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Наурыз, 2026
Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер 5 наурыз күні Қазақстанның көптеген өңірінде ауа райының қолайсыз болатынын ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 05 Наурыз, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу мен сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 05 Наурыз, 2026
Мемлекеттік тілде тәрбиеленетіндер үлесі артып келеді
Жақында облыста өңір басшысы мен сала мамандарының қатысуымен жиын өтті. Сонда облыстық білім басқармасының басшысы Айнагүл Сұрағанова баяндамасында биылғы оқу жылында мемлекеттік тілде тәрбиеленетін балдырғандардың үлесі барлық баланың 38 пайызына жеткенін тілге тиек етті.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Жетісудағы жаңа мамандықтар легі
Жетісу облысы дербес өңір болып құрылған сәттен бастап кадр даярлау ісі серпін алды. Бүгінде аймақтағы 18 колледж базасында 31 жаңа мамандық ашылып, 1 162 студент заман талабына сай білім алып жатыр. Бұл – жай ғана статистика емес, өңір экономикасының беталысын айқындайтын нақты көрсеткіш.
Қоғам • 05 Наурыз, 2026
Цифрлық дәуірдің елеулі құжаты
Елдің ең ірі телекоммуникациялық операторы – «Қазақтелеком» АҚ жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған ауқымды интерактивті телекөпір ұйымдастырды. Бұл іс-шара барлық өңірден қызметкерлерге нақты уақыт режімінде сұрақ қойып, реформалардың әр отандасымыздың өміріне әсерін талқылауға мүмкіндік берді.
Экономика • 05 Наурыз, 2026
Онлайн саудада отандық тауардың бәсі биік
Ресми дерекке сүйенсек, электронды сауда саласы әлдеқашан тар сегмент аясынан шығып, экономиканың серпінді драйверіне айналды. Бүгінде бөлшек саудадағы әр алтыншы тауар онлайн сатып алынады. Кейінгі бес жылда электронды сауда нарығы жеті есе өскен. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша оның бөлшек айналымындағы үлесі 15%-ға жетеді деп күтіліп отыр. Ал 2029 жылға қарай 18,5%-ға дейін өсуге тиіс.
Ұстаз • 05 Наурыз, 2026
«Білім – бақыттың кілті, мұғалім білім дариясының мұрабы» деген нақылдың мәні ешқашан маңызын жоғалтқан емес. Қай кезеңде де ел ертеңі білімді ұрпаққа байланысты болса, сол ұрпақты тәрбиелейтін тұлға – ұстаз. Мұғалім еңбегі қашанда құрметке лайық. Биыл Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Біржан ауылындағы Амангелді орта мектебінің ардагер ұстазы, математика пәнінің мұғалімі София Ағзамқызы мерейлі жасқа толып отыр. Ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған педагогтің өмір жолы тұтас бір дәуірдің шежіресі іспетті.
Өндіріс • 05 Наурыз, 2026
Өңір экономикасына серпін беретін кәсіпорын
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында «EcoClub» ЖШС-ның өндірістік нысаны – ірі қара мен жылқы терісінен жоғары ақуызды, сапалы протеинді жемдік қоспа өндіретін жаңа зауыт іске қосылды.
Салық • 05 Наурыз, 2026
Кәсіпкерлер салық режімін таңдады
Елдегі салық реформасының алғашқы нәтижесі көріне бастады. Мыңдаған азамат пен кәсіпкер жаңа режімдерді таңдап, қызметін заңдастыруға қадам жасады. Бұл еңбек нарығын ашық жүргізуге мүмкіндік беретін маңызды тетік саналады.
Экономика • 05 Наурыз, 2026
Жерді дұрыс игеру – стратегиялық ұстаным
Кейде ақпарат құралдарынан малдың жайын білмейтін, егістікте еңбек етпеген адамдар мал шаруашылығына қатысты ақыл-кеңес айтып, түрлі нұсқау беріп жататынын байқаймыз. Меніңше, ұсыныс-пікірлерді осы саланы бүге-шігесіне дейін білетін тәжірибелі мамандар айтуға тиіс.
Саясат • 05 Наурыз, 2026
Инфрақұрылымды жаңғырту пысықталды
Елдегі инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмысы жаңа қарқын алды. Үкіметте өткен жиында энергетика мен коммуналдық секторды қамтитын ұлттық жобаның жүзеге асу барысы талданды. Көрсеткіштер орындалмаған жағдайда лауазымды тұлғалардың жеке жауапкершілігі қаралатыны ескертілді.
Реформа • 05 Наурыз, 2026
Әскери қызметшілерге конституциялық реформа таныстырылды
Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде еліміздің жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған кездесу өтті. Басқосуға мерзімді әскери қызмет сарбаздары, сержанттар, офицерлер және бөлімнің басшылық құрамы қатысты.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2026
Су тасқыны қаупі – басты назарда
Абай облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне әзірлік барысы назарға алынды. Өзен арналары, бөгеттер мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы тексеріліп, өңір билігіне нақты тапсырма жүктелді.
Президент • 05 Наурыз, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Әл Саудпен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекет басшысы Тақ мұрагерімен әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы қақтығыстың ушығуы аймақтық қана емес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа орасан қатер төндіретініне назар аударды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кәсіпкер • 05 Наурыз, 2026
Тотықұс асырағанның ұпайы түгел
Тараз қаласының тұрғыны тропикалық тотықұстарды өсіріп, табыс көзіне айналдырып отыр. Былтыр қайтарымсыз грантқа қолы жеткен Нұржан Нұрмаханұлы құс шаруашылығын дамытуға айрықша ден қойып жүр. Өңірде алғаш боп тотықұс өсіруді қолға алған азаматтың жаңа қадамына қызығушылар аз емес.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
15 наурызда жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылатын жаңа Конституция жобасы мемлекеттік құрылысты жай ғана құқықтық жаңарту емес, мұнда бұдан да терең міндет тұр. Ол – қазіргі қоғамда мемлекет қалай жұмыс істеуі керек және бұл жүйеде адам мен азаматтың орны қандай болуға тиіс деген мәселені айқындау. Негізгі идея қарапайым – мемлекет азамат, адам үшін қызмет етеді.
Спорт • 05 Наурыз, 2026
Астанада грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 мен 20 жас санатындағы жастар арасында ел чемпионаты өтті. Барлық өңірден 1 200-ден астам жас балуан қатысып, бозкілемде өз шеберлігін сынады.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Ата заң жобасын қолдайтындар – 89 пайыз
Ел азаматтарының 89,2%-ы жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұны Қазақстан қоғамдық даму институты әлеуметтанулық сауалнама негізінде анықтады. Зерттеу Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысымен биыл 12-20 ақпан аралығында телефон арқылы 17 облысты және республикалық маңызы бар 3 қала – Астана, Алматы, Шымкентті қамтыды.
Жануарлар • 05 Наурыз, 2026
Ертістің ен тоғайына түлкі оралды
«Ертіс орманы» резерватына түлкілер қайта оралып жатыр. Бұдан біраз уақыт бұрын ерекше қорғалатын қарағай алқаптарында түз тағылары көрінбей кеткен екен.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Елімізде конституциялық реформаларды көпшілікке түсіндіру жұмыстары қарқын алды. Соның бірі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бас кеңсесінде өтті. Жаңа Ата заң жобасы талқыланған кездесуде ұсынылып отырған өзгерістердің мән-маңызы мен мемлекет дамуына ықпалы айтылды.
Таным • 05 Наурыз, 2026
Көгерген нан да қажетке жарайды
Осы күні иістеніп кеткен ұн өнімін қоқыс жәшіктеріне іліп кетеміз. Оны дүкеннің дайын тамағына үйренген ит-мысық та жемейді. Обалын ойлайсың... Тарихтың тұңғиығына тереңдегенде өткен ғасырдың 30-жылдарындағы аштық есіңе түседі. Өткенде «Nature Chemistry» журналынан көгерген нанды керегімізге жарату жолын ұсынған жаңалықты оқығанда көңілсіз көріністің шешімі табылғандай қуандық.
Референдум • 05 Наурыз, 2026
Әлеуметтік жауапкершілік арта түседі
Сенат депутаттары Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Алматы, Жетісу облысының тұрғындарымен кездесті. Олар Конституция жобасының мән-жайын түсіндіріп, сұрақтарға жауап берді.