Соңғы жаңалықтар
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Атыраудағы Алғабас ауылынан 5 шақырым қашықта қамыс жанып жатыр
Атырау облысында тағы да қамыс өрті тұтанды. Өрт ошағы мұнайлы шаһарға таяу орналасқан Алғабас ауылынан 5 шақырым қашықта анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Ақпан, 2026
Астанада бір қабатты автосервистің ғимаратынан өрт шықты
Астана қаласының өрт сөндірушілері Алматы ауданындағы Сарыағаш өткелінде орналасқан жеке бір қабатты автосервистің ғимаратында шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Ақпан, 2026
41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 28 ақпанда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Атырау қаласын шаңды дауыл басып тұр
Бүгін түсқайта Атырау қаласында шаңды дауыл көтерілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шаңды дауыл Каспий теңізінің таяз түбінен соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Парламент депутаттары қылмыстық қауіп-қатерді болжау жүйесінің тиімділігін талқылады
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде құқық бұзушылықтарды болжау және ерте алдын алу мәселелері жөніндегі Консультативтік-сараптамалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Оралда, Uniserv Medical Center ұйымықызметкерлері «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Батыс Қазақстан машина жасау зауытының цехында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы мүшелерінің кездесуі өтті. Жиын жаңа Конституция жобасына және 15 наурызда өтетін республикалық референдумға арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Берік Асылов: «Заң мен тәртіп» қағидаты жаңа Конституция жобасында іргелі құндылыққа айналады
2026 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күрес • 27 Ақпан, 2026
Ризабек Айтмұхан Албаниядағы турнирде қола медаль жеңіп алды
Албанияда өткен рейтингтік күрес турнирінде ел намысын қорғаған балуан Ризабек Айтмұхан (97 кг) қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
«Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
«Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында еліміздің барлық өңірлерінде «Көктем-2026» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Алматыда LRT қашан іске қосылатыны белгілі болды
Қала билігі жүрдек трамвай желісінің (LRT) құрылысын 2027 жылы бастап, екі жыл ішінде аяқтауды көздеп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Атырау облысында енесін өлтірген келін қылмыстық жауаптылықтан босатылды
Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында енесін өлтірді деп айыпталған күдіктіге қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Театр • 27 Ақпан, 2026
Астанада «Замана жаңғырығы» этно-балетінің тұсаукесері өтеді
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында 1 наурыз күні танымал хореограф, «GULDER» ансамблінің бас балетмейстері Анвара Садықованың шығармашылық қызметіне 25 жыл толуына арналған «FLOW/АҒЫН» атты мерекелік концерт өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыны қорлады деген күдікке ілінді
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, Шымкент қаласында сабақ барысында 7 жастағы оқушы қызға қатысты әдепсіз әрекеттер жасалған. Аталған дерекке байланысты мектеп мұғалімі ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Жұмыссыздық бойынша төлем қалай тағайындалады?
Жұмыстан айырылып, жалақыдан қағылған сәтте бірден қаржысыз қалдым деп қапаланбаңыз. Егер ресми түрде жұмыс істеп, ай сайын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қаржы аударып отырған болсаңыз, мемлекет сұранысыңызға сай бос жұмыс орнын ұсынады. Екі тараптың талап-тілегі ұштаспаған жағдайда жұмыссыздық жәрдемақысын алу мүмкіндігі қарастырылған. Десе де әлеуметтік төлемді алудың өзіндік талаптары бар. Ендеше, жұмыссыздық жәрдемақысын алу шарттарымен таныс болыңыз, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Тоқаев ЕАЭО-ға кіретін көліктерге қойылатын талаптарға қатысты құжатқа қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еуразиялық көлік дәліздеріне кіретін автомобиль жолдарымен жүрген кезде көлік құралдарының рұқсат етілетін массалары, осьтік жүктемесі және габариттері туралы келісімді бекіту жөніндегі Жарлыққа қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Президент: Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне тілектеспіз
Мемлекет басшысы келесі жылы Сербияның ЭКСПО көрмесін табысты өткізуіне еліміздің тілектес екенін жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Жас сарапшылар Конституциялық комиссия мүшелерімен бірге жаңа Конституция жобасын талқылады
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында (ҚСЗИ) Конституциялық комиссия мүшелері мен жас сарапшылардың қатысуымен «Конституциялық реформаның негізгі қағидалары: ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында диалог алаңы өткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы: Сербия кәсіпкерлеріне қолайлы жағдай жасауға дайынбыз
Бұл туралы Мемлекет басшысы Сербия Президентімен БАҚ өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичпен кеңейтілген құрамда мазмұнды келіссөз жүргізгеніне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Анасын іздеген Панч: Кішкентай маймыл жер бетін қалай мейірімге бөледі?
Жұмсақ ойыншықтың бауырына тығылған кішкене маймыл көпшілік көңілін елжіретті. Оның есімі – Панч. Былтыр ғана дүниеге келген. Бірақ енесі туа сала одан бас тартқан. Баласын сыртқа теуіп, жеріп кеткен. Қазір үлкен макакалар арасында қорғансыз қалған Панч ойыншық «анасын» жанынан тастамайды. Адам тағдырына сонша ұқсас бұл жағдайды жануарлар психологиясы арқылы зерделеп көрдік.
Елорда • 27 Ақпан, 2026
Астана әкімдігі 1,36 трлн теңгені қайда жұмсайды?
Астана қалалық мәслихатының 50-ші кезектен тыс сессиясында 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізілді. Сессияда 1,36 трлн теңге көлеміндегі қаржы қайда жұмсалатыны айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Қазақ ақындары жаңа Конституцияға өлеңмен қолдау білдірді
Айтыскер ақындар жаңа Конституция жобасына қолдауын жыр арқылы жеткізді. Қалам мен жүрек үнін тоғыстырған шығармаларда тәуелсіздік мұраты, ұлттық құндылықтар, табиғатты қорғау, отбасының қоғамдағы орны және мемлекеттілікті нығайту идеялары кеңінен көрініс тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Биыл Сербия мен Қазақстанның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толады
Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруын қабыл алып, Астанаға ресми сапармен келгені үшін Президент Александр Вучичке және делегация мүшелеріне шынайы ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт • 27 Ақпан, 2026
Конькимен жүгіруші Кристина Шумекова жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шумекова жеңімпаз атанды. Ол 38.48 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, жеке рекордын жаңартты, деп жазады Egemen.kz.
Инфрақұрылым • 27 Ақпан, 2026
2029 жылға дейін 11 мың шақырым теміржол жаңартылады
Бүгінде кеңістікті байланыстыратын инфрақұрылым халықаралық ықпалдастық пен транзиттік бәсекенің негізгі тірегіне ұласып отыр. Осы тұрғыда көлік саласының даму қарқыны елдің өңірлік рөлін айқындайтын маңызды өлшемнің біріне айналып келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 27 Ақпан, 2026
Қазақстан мен Сербия арасында 10 меморандумға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сербия Президенті Александр Вучич шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер нәтижесінде Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 27 Ақпан, 2026
Қаңтар айында 51 жыл бойы сақталған температуралық рекорд жаңарды
«Қазгидромет» 2026 жылғы қаңтар айында елімізде жаңа температуралық максимумдар тіркеліп, соның ішінде 51 жыл бойы сақталған рекорд жаңарғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 27 Ақпан, 2026
«Сарыарқа» хоккей клубы рудныйлық «Горняктан» басым түсті
«Сарыарқа» хоккей клубы ел чемпионатының плей-офф кезеңін сәтті бастады. Жерлестер бұл кезеңде рудныйлық «Горнякпен» алғашқы кездесуін өткізіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Қарағандылық ғалымдар мен студенттер Конституциялық реформаны талқылады
Бүгін Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінде «Референдум – әділетті және прогрессивті Қазақстанның негізі» атты конференция ұйымдастырылды. Ғылыми орта мен студент жастардың басын қосқан жиын 15 наурызда өтетін республикалық референдумның мәнін ашуға және жаңа Конституцияның маңыздылығын түсіндіруге бағытталды, деп хабарлайды Egemen.kz.