Соңғы жаңалықтар
Спорт • 27 Ақпан, 2026
Лаура Алмағанбетова мен Зейнеп Баянова Албаниядағы рейтингтік турнирде топ жарды
Албанияның астанасы – Тиранада күрес түрлерінен Мұхамет Мало мемориалында өтіп жатыр. Біріккен күрес әлемінің (UWW) бағдарламасына енген рейтингтік турнирде Қазақстанның балуандары да бақ сынады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру: Жаңа қызметті қалай рәсімдейміз?
Мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн қалай ауыстыруға болады? Сәуір айынан бастап жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда да оны онлайн ауыстыруға мүмкіндік бар. Қызмет eGov.kz порталы және eGov Mobile қосымшасы арқылы көрсетіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 27 Ақпан, 2026
Ұлытауда Конституциялық реформаның мәні мен маңызы талқыланды
Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспековтің төрағалығымен «Әділетті Конституция – қуатты мемлекет» атты жиын өтті. Кездесу барысында Конституциялық реформаның мәні мен маңызы жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 27 Ақпан, 2026
«Қайрат» пен «Тобыл» Астанада кездеседі
28 қаңтар күні алматылық «Қайрат» пен қостанайлық «Тобыл» командалары суперкубок жеңімпазын анықтайды. Матч елордадағы Астана Арена алаңында 17:00-де басталады, деп жазады Egemen.kz.
Референдум • 27 Ақпан, 2026
Өнер жұлдыздары жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды
Еліміздің өнер жұлдыздары Конституциялық реформаларды қолдап, халықты жаңа Ата заң жобасына дауыс беруге шақырды. Олар 15 наурызда өтетін республикалық референдумда Отанымыздың келешек тағдырына қатысты маңызды шешім қабылданатынын жеткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Ақпан, 2026
Пәкістан Талибан үкіметіне «ашық соғыс» жариялады
Пәкістан билігі Ауғанстандағы Талибан үкіметіне ресми түрде «ашық соғыс» жариялап, Кабул, Кандагар және Пактия провинцияларындағы нысандарға әуеден жойқын соққы берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Щучинсктегі жарылыс: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шықты. Төтенше жағдайдан 7 адам қаза тауып, 13-і ауруханаға жеткізілген, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға қатысты шұғыл мәлімдеме жасады
Әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрі еліміздің әуе кеңістігіне қатысты мәлімдеме жасапты-мыс деген бейнеролик тарады. Министрлік бұл видеоның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Жамбыл Жабаевтың туғанына − 180 жыл: Жыр алыбының құрметіне «Ата толғауы» атты концерт өтті
Қазақ халық поэзиясының көрнекті өкілі, жыршы, жырау Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында «Ата толғауы» салтанатты концерт өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Жолаушы пойызға үлгермей қалса не істеу керек?
Жолаушылар пойызға жиі үлгермей жатады. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздан қалып қойған жағдайда қандай әрекет жасау керек екенін түсіндірді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 27 Ақпан, 2026
Мбаппе әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін
Мадридтің «Реал» клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты қарсаңында тізесіне ота жасатудан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 27 Ақпан, 2026
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Астанада қолайсыз ауа райына байланысты 27 ақпан күні бірінші ауысымда оқитын 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Ақпан, 2026
Ауа райы: Боран мен қатты аязға байланысты ескерту жарияланды
Синоптиктер 27 ақпанда Қазақстанның барлық өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 27 Ақпан, 2026
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 27 Ақпан, 2026
Педагогикалық жоғары оқу орындарында Жасанды интеллект факультеттері ашылады
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бокс • 27 Ақпан, 2026
«Странджа кубогі»: Бес боксшымыз ұтып, төртеуі ұтылды
Софияда өтіп жатқан «Странджа кубогінің» төртінші жарыс күнінің күндізгі сессиясында Қазақстанның тоғыз былғары қолғап шебері жұдырықтасты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 27 Ақпан, 2026
Щучинсктегі дәмханада жарылыс болды: 7 адам қаза тапты
Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас салынған бір қабатты кафеде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, артынша өрт шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Ақпан, 2026
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Астана, Алматы қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Көктем лебі сезіле бастағаннан-ақ Есілдің асау тасқынынан зардап шеккен Қызылжар жұртшылығының көңіліне алаң кіреді. Жаз бойы момақан ағатын Ақанбұрлық, Бабықбұрлық, Шарық, Жембарақ пен Иманбұрлық секілді шағын өзендер арнасынан асып, Есіл мен Шағалалыны, Сілеті мен Қамысақтыны толтырып, елді мекендерді әбігерге салатыны бар.
Пікір • 27 Ақпан, 2026
Еліміз өзінің әлеуметтік-саяси моделінің институционалдық трансформациясы кезеңіне аяқ басып келеді. Жаңа Конституция жобасы бұл мәтіннің ресми жаңартылуы емес, мемлекет пен қоғам арасындағы өзара әрекеттесу ережелерін қайта қарау екенін көрсетеді. Ұсынылған нормалар жай ғана декларациялар емес, мемлекеттік басқару мен қоғамның қатысу қағидаттарын анықтайтын тиімді тетіктер болуы керек.
Заң мен Тәртіп • 27 Ақпан, 2026
Сот төрелігіне сенім артып келеді
Кейінгі жылдары елімізде әкімшілік сот төрелігін енгізу, конституциялық бақылау институтын күшейту, сот өндірісін цифрландыру сынды бірқатар маңызды реформа жүзеге асырылды. Оның ішінде әкімшілік әділет институтының орны – бөлек. Бұл институт мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста жеке және заңды тұлғаларды сот арқылы қорғауда үлкен бетбұрыс жасап, азаматтардың конституциялық құқықтарын жоғары деңгейде қамтамасыз етті.
Пікір • 27 Ақпан, 2026
Саяси жүйені неғұрлым икемді ету ұсынылды
Жаңа Конституция жобасында жасанды әрекетсіздікке жол бермеу және ұзаққа созылған институционалдық дағдарыстардың алдын алу мақсатында пәрменді құқықтық тетіктер енгізілген.
Экономика • 27 Ақпан, 2026
Көлеңкелі көлік импортына шектеу бола ма?
Автокөлік нарығы кейінгі жылдары қарқынды дамып келеді. Былтыр ресми дилерлер арқылы жаңа жеңіл автокөлік сатылымы 14,5%-ға өсіп, рекордтық 234,9 мыңға жетті. Оның әрбір сегізіншісі елімізде өндірілген екен. Дегенмен өсімнің көлеңкесінде нарықтағы келеңсіз үрдістер де байқалады.
Саясат • 27 Ақпан, 2026
Білім саласын жетілдірудің басымдықтары белгіленді
Астанада Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Іс-шараға Премьер-министр орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова, Парламент депутаттары, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, сондай-ақ салалық қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, өңірлік білім басқармаларының басшылары, мектеп директорлары мен педагогтер қатысты.
Экономика • 27 Ақпан, 2026
Көмір генерациясы энергетикалық қуатты күшейтеді
Көмір – расында стратегиялық актив. Бірақ стратегиялық активтің құндылығы оны қалай және қаншалықты тиімді пайдалана алатынымызға байланысты. Павлодар облысы бүгін көмір генерациясына сүйене отырып, энергетикалық үстемдігін күшейтуді көздеп отыр. Қысқа және орта мерзімде бұл шешім экономикалық тұрғыдан тиімді. Алайда ұзақ мерзімде экологиялық әрі технологиялық трансформациямен қатар жүруі шарт.
Саясат • 27 Ақпан, 2026
Бюджет-салық саясатының жаңа бағдары
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқасына қатысып, бюджет-салық саясатының басымдықтарын белгіледі.
Өндіріс • 27 Ақпан, 2026
Еліміздегі агросектор бір ғана астықпен өлшенетін кезеңнен өтті. Бүгінде ел әлемдік нарықта күнбағыс майын экспорттаушы ТОП-ондықтың 8-сатысына көтеріліп, ал Еуропалық одақ елдеріне күнбағыс шротын жеткізуде алғашқы үштікке енді. Ендігі міндет – шикізатты сыртқа шикілей шығара бермей, оны ел ішінде өңдеп, қосылған құнды арттыру.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Өзбекстанмен шекаралас Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауыл округінде орталықтандырылған ауызсу жүйесінің болмауы тұрғындарға қиындық тудырып келген-ді. Ауыл тұрғындары ұзақ уақыт бойы ашық су көздері мен жеке құдықтарды пайдаланып, тасымалдау арқылы ауызсумен қамтылған еді. Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Жібек жолы, Зортөбе, Сарқырама, Жаңақұрылыс және Қарабау елді мекендерінде ауызсу жүйелерінің құрылысы жүргізіліп, нәтижесінде аталған ауылдар сапалы ауызсумен қамтамасыз етілді. Ауызсу ғана емес, ауылдар бүгінде тұрғындардың жайлы тұрмысына қажетті сапалы инфрақұрылыммен қамтылған.
Білім • 27 Ақпан, 2026
Қостанай қаласында өзге этностардың 160-тан аса баласы қазақ сыныбында білім алып жатыр. Соның бірі – физика-математика лицейінің бірінші сынып оқушысы – Артем Ложкин.
Digital • 27 Ақпан, 2026
Батырмасыз басқарылатын «Black Swan»
«DefenceTech» – қорғаныс пен қауіпсіздікке арналған технологиялар бағыты. Бұл салаға ұшқышсыз аппараттар, байланыс жүйелері, киберқауіпсіздік, сенсорлық бақылау, жасанды интеллектіге негізделген басқару құралдары кіреді. Негізгі мақсат – қауіп-қатердің алдын алу, адам факторынан туатын қателікті азайту.