Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Сырдария өзенінің Қызылорда облысы аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы – 1 274 км. Өзеннің оң жағалауында 380,37, сол жағалауында 244,75 км қорғаныс бөгеттері бар. Өңірдегі 7 аудан мен 4 қаладан, 230 ауылдық елді мекеннен өтетін дария жағалауындағы 31 ықтимал су басу аймағында 36 елді мекен орын тепкен.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Биылғы көктемде Жайық пен Жем өзеніне мол су келе ме? Бастауын Ресей мен Ақтөбе өңірінен алатын су арналары ернеуінен аса ма? Әзірге бұл сауалға болжам жасалған жоқ. Дегенмен, мұнайлы өңірде су тасқынына қарсы дайындық жүріп жатыр.
Ғалам ғажаптары • 27 Ақпан, 2026
Миланда өткен қысқы Олимпиадада фотограф Джордан Коуэн мәнерлеп сырғанау жарысында мұз үстінде жұмыс істеген алғашқы оператор атанды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Қостанай өңіріне көктем кеш жетеді. Қазір қалың қардың көбесі сөгіле қоймағанымен, синоптиктер ауа райы күрт жылынуы мүмкін деп болжап отыр. «Қамданған қапы қалмайды» демекші, төтенше жағдайлар қызметі қар суынан төнетін қауіптің алдын алуға ерте бастан кірісіп кетті.
Мирас • 27 Ақпан, 2026
Қайбір жылдары қазақтың беташары материалдық емес мәдени мұра құндылығы ретінде ЮНЕСКО тізіміне енгенде, төбеміз көкке жетердей қуанғанбыз. Беташар деген соң сәукелені аттап өте алмайсыз. Жаңа түскен жас келіннің сәукелесі деген соң, әжелердің кимешегі еске түседі. Осындай құндылықтар жасаушы қолы алтын жандар қасымызда жүргенін біле бермейміз. Соның бірі һәм бірегейі – Бұлбұлхан Серғазықызы.
Өнер • 27 Ақпан, 2026
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы сахнасында «Операмен үндес махаббат» атты әсерлі музыкалық кеш өтті. Өнер ордасы сол күні классикалық әуенге шөлдеген көрерменге айрықша рухани тарту жасады.
Басылым • 27 Ақпан, 2026
Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада әдебиет сыншысы Амангелді Кеңшілікұлының «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Жүрек сөзі», «Сөз патшасы» кітаптарының таныстырылымы өтті. Сонымен қатар жиында қаламгердің Ромен Ролланнан аударған «Толстойдың өмірі» кітабы да оқырмандарға таныстырылды.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Райымбек ауданының құрылғанына биыл 90 жыл толып отыр. Осыған орай Сарыжаз ауылында «Спорт – ұлт саулығының кепілі» атты денсаулық фестивалі ұйымдастырылды.
Саясат • 27 Ақпан, 2026
Қауіпсіз еңбек жағдайлары ескерілді
Сенаторлар ауыл-аймақ халқымен кездесіп, жаңа Конституцияның негізгі ережелерінен түсіндіріп жатыр.
Ғалам ғажаптары • 27 Ақпан, 2026
Парижде таңдаушы талғамына сай әтір шығаратын студиялар бұрыннан бар. Енді сол үдеріске жасанды интеллект те қосылды.
Үкімет • 27 Ақпан, 2026
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев жұмыс сапары барысында Қарағанды облысы өңірінің су тасқыны кезеңіне дайындығын тексерді. Сондай-ақ су басу қаупі бар Бұқар жырау, Қарқаралы, Шет, Абай аудандарындағы негізгі гидротехникалық құрылыстар мен елді мекендердің жағдайын бағалады.
Саясат • 27 Ақпан, 2026
Конституция жобасының негізгі ережелерінен хабардар етті
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Еуропа Одағының Қазақстандағы Өкілдігінің басшысы Алешка Симкичпен кездесті. Палата спикері дипломатқа Қазақстанда жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып берді. Сондай-ақ кездесуде ынтымақтастықты одан әрі нығайту және кеңейту мәселелері талқыланды.
Қоғам • 27 Ақпан, 2026
Ұлттық ғылым академиясында AI SilkNet Қазақстан–Корея жасанды интеллект орталығы ашылды
Президент жанындағы Ұлттық ғылым академиясында «Қазақстан ғылымы мен технологияларының форсайты: деректерден – шешімдерге» тақырыбында сессия өтіп, жиын аясында AI SilkNet ЖИ орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 27 Ақпан, 2026
Капитал нарығы үшін дамудың жаңа кезеңі: KASE басшысы негізгі басымдықтарды атап көрсетті
Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) ұйымдастырған бағалы қағаздар нарығын дамыту бағдарламасын талқылау бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Ол экономика мен кәсіпорындарды банктік қаржыландыруды тиімді және ауқымды нарықтық қаржыландырумен толықтыру қаржы жүйесінің алдында тұрған стратегиялық таңдау екенін атап көрсетті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 27 Ақпан, 2026
Алматыда «Орталық Азия мұраты» атты жаңа монография таныстырылды
Алматыда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы жанынан құрылған «Халықаралық қатынастар» зерттеу орталығының ашылуы және «Орталық Азия мұраты» кітаптар сериясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Шымкент қаласының әкімі тұрғындарды жеке-жеке қабылдады
Шымкент қаласының әкімдігінде кезекті азаматтарды қабылдау іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне түрлі мәселелер бойынша базыналарын айтып келді. Азаматтар баспана, жер мәселесін қозғап, кәсіпкерлік, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, қаланы абаттандыру проблемаларын көтерді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Жамбыл облысында 623,3 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылады
Биыл Жамбыл облысында егіс алқаптарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 16,7 мың гектарға азаяды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жастар • 26 Ақпан, 2026
Астана қаласындағы №119 жалпы орта білім беретін мектепте өңіраралық «ARYSMUN-2026» конференциясы өтті деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 26 Ақпан, 2026
Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады
Түркістанда полицейлер жол ережесін бұзған 700-ден астам жүргізушіні анықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2026
Елімізде жаңа автокөліктердің сатылымы артты
Қазақстанда жаңа автокөліктердің сатылым көлемі өсті. Салалық одақ нарыққа талдау жүргізіп, оң динамика сақталуы мүмкін екенін болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2026
Қазақстанның сегіз облысында тасжолдардағы қозғалыс шектелді
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Қазақстандағы көлік жолдарындағы жағдай туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелерімен бірге Ақтөбе облысының жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
Жалпыұлттық коалиция мүшелері Ақтөбе ЖЭО ұжымымен Конституция жобасын талқылады
Бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының мүшелері Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барып, өңір жұртшылығымен бірқатар кездесу өткізді. Сапар аясында коалиция өкілдері стратегиялық маңызы бар нысан – «Ақтөбе ЖЭО» АҚ ұжымымен жүздесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2026
Ертең Астананың оқушылары мен студенттері қашықтан оқиды
Ертең, 2026 жылғы 27 ақпан күні астаналық оқушылар мен студенттер қашықтан оқитын болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 26 Ақпан, 2026
Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға 184 МЫҢ талапкер қатысады
2026 жылғы наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылдау аяқталды. 184 мыңға жуық түлек тестілеуден өтуге ниет білдірді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мыңға көп, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 26 Ақпан, 2026
Семсерші София Актаева Азия жарысының жүлдегері
Семсерлесуден жасөспірімдер арасында Азия чемпионаты Индонезияның Джакарта шаһарында өтіп жатыр. Дүбірлі додада Қазақстан құрамасының өкілі жеңіс тұғырынан көрінді, деп жазады Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
Елордада Конституциялық реформаға арналған халықаралық конференция өтті
ҚР ПІБ Президенттік орталығында«Конституциялық реформа: гендерлік саясат пен отбасылық құндылықтарға жаңа көзқарастар»тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 26 Ақпан, 2026
«Талдау» ұлттық зерттеулер орталығының сарапшылары конституциялық жаңашылдықтарды талқылады
2026 жылғы 26 ақпанда «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ-да конституциялық реформаны талқылау бойынша семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 26 Ақпан, 2026
Еліміздің кейбір өңірінде 40 градусқа дейін аяз болады
2026 жылғы 27 ақпан, жұма күніне арналған синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды синоптиктер ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әдебиет • 26 Ақпан, 2026
Эзоп тіліне жаңа көзқарас: Мысал жанры қайда кетті?
Ақиқат – бәріне бірдей жағатын нәрсе емес. Сондықтан оны тұспалдап өнер арқылы жеткізіп отырған. Әдебиет әлімдері мұны «Эзоптың тілі» деп айдарлаған. Қазақтың қара тілімен айтсақ, астарлап айту. Көне Грекияда өмір кешкен әлгі Эзоп адамдардың мінез кеселдерін хайуанаттардың харекеттері арқылы әжуалаған. Неге тіке айтпаған? Айта алмайды. Шүнки, ол – құл, оның үстіне тілі – мүкіс. Сондықтан айтатын сөзін алыстан орағытып, мысалмен жеткізеді. Кейде осындай «кедергілер» өнерді өткірлей түседі, жаңа форма іздеуге мәжбүрлейді. Тура айтылған шындық тез тозады, ал астармен айтылған ой уақытпен бірге жүріп, әр дәуірде қайта пайымдалады. Эзоп мысалдарының өміршең болатыны сондықтан. Ондағы аң мен құс сол замандағы адамдардың ғана емес, сіз бен біздің қазіргі бет-бейнемізді де дәл танытады. Алайда сатираның осынау жауынгер жанры бүгінгі әдебиетте лайықты көрініс таппай жүр.