Антикор
Оқиға • Бүгін, 09:40
Қызылордалық шенеунік өзгелерді баласының оқу ақысын төлеуге мәжбүрлеген
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кәсіпкерлерді ұлының оқу ақысын төлеуге мәжбүрлеген облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Құрылыс • 13 Шілде, 2024
Жол учаскелеріне бөлінген 2 трлн теңгенің қалай жұмсалып жатқаны бақылауда – Антикор
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Жұмағали жол саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау басталғанын атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 28 Маусым, 2024
2023 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті қолға түсті
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2023 жылдан бері іздеуде жүрген У. есімді азаматты ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz ANTIKOR телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Жемқорлық • 21 Маусым, 2024
Шымкентте дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырған
Шымкент қаласындағы дендросаябақ басшылығы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, деп хабарлады Egemen.kz.
Жемқорлық • 19 Маусым, 2024
Шалқар ауданында шенеунік 18,5 млн теңге пара алған
Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 19 Маусым, 2024
Атырау облысында бөлім басшысы сотталды
Атырау облысы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бөлім басшысы жауапкершілікке тартылды, деп жазады Egemen.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 18 Маусым, 2024
Жемқорлыққа қарсы еріктілер 7 млрд теңгеден астам ақшаны негізсіз жұмсаудың алдын алды
2023 жылдың тамыз айында іске қосылған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 2,7 мыңнан астам белсенді жұмыс істеді, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 18 Маусым, 2024
Шымкентте жемқорлық жасаған үш шенеунік сотталды
Шымкентте цифрландыру саласында жұмыс істейтін екі шенеунік пен бір кәсіпкерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 10 Маусым, 2024
Ақтау қалалық сотының төрағасы ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР ҚПК 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Маусым, 2024
Аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімов жалған спорттық атақ алғандарды әшкереледі
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі танымал аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімовтің әлеуметтік желіге жүктеген видеосынан кейін тексеріс жүргізді, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 29 Мамыр, 2024
Астанада ірі компанияның бұрынғы басшысы сотталды
Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына пара берген компания директоры сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
ANTIKOR • 24 Мамыр, 2024
Антикор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі органдардың халықаралық қауымдастығына енді
Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес Агенттік жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды енгізу бойынша жұмысты жүйелі түрде жалғастырып жатыр. Осы айдың 22-24 күндері аралығында Агенттік Төрағасы Асхат Жұмағали бастаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делегациясы Гонконгта өтіп жатқан «Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа жолын жобалау» атты 8-ші симпозиумға қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 16 Мамыр, 2024
«Азық-түлік корпорациясы» департаментінің директоры мен бас маманы сотталды
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 15 Мамыр, 2024
Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен оралды - Антикор
Қылмыстық іс бойынша 2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Экономика • 04 Мамыр, 2024
Антикор азық-түлік бағасын бақылауға алады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-кимыл агенттігі ел нарығындағы азық-түлік бағасын өз бақылауына алады. Агенттік, әсіресе, су басқан аймақтардағы тауар бағасына ерекше көңіл бөледі, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Автокөліктерді заңсыз тіркеген қылмыстық топ сотталды
Антикор Астанада автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысқан қылмыстық топты ұстаудың видеосын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 17 Сәуір, 2024
«Тест тапсырған сыңай танытқан». 60 мың азамат жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізілген тексеру нәтижесін бөлісті. Мамандар 3 жыл ішінде 60 мың азамат заңсыз жүргізуші куәлігін алғанын, 3 мың көлік жалған құжатпен тіркелгенін анықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 13 Сәуір, 2024
Абай болыңыз: Алаяқтар Антикордың атын жамылып, жалған ақпарат таратып жатыр
Алаяқтар Антикордың атын жамылып, жалған ақпарат таратып жатыр. Агенттік мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 04 Сәуір, 2024
Спорт саласында 39 жемқорлық фактісі анықталған
Соңғы 6 жылда спорт саласына бөлінетін бюджет көлемі 2 есе өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жемқорлық • 06 Наурыз, 2024
Еліміздегі ең жемқор министрліктер аталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттінің ресми өкілі Арман Тілеукенов Қазақстандағы министрліктер арасында жемқорлық дерегі ең көп анықталған 4 министрлікті атады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 06 Наурыз, 2024
258 миллион теңге жымқырған депутат: Антикор істің мән-жайын тарқатты
Отандық БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысы мәслихат депутаты Павел Булаевтың сыбайлас жемқорлыққа байланысты күдікке ілінгені туралы ақпарат тараған еді. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі деректі растап, іске қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 06 Наурыз, 2024
Сыбайлас жемқорлықпен күрес − ортақ міндет
Түп-тамырымен дендеп кеткен жемқорлықтың адымын басу оңай болмай тұр. Қоғамның қай бұрышын да қамтыған бұл дерттің емі бар ма өзі?! Жемқорларға жазаны арттырып, айыппұл мөлшерін өсіргенімізбен, жұрттың қаржысын қалтаға басатындардың саны азайған жоқ. Керісінше асқынып бара жатқандай көрінеді. Әрине бұл ретте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарып жатқан қызметін жоққа шығаруға болмайды. Олар әшкерелеген жемқорлар қанша, әлі ашылмаған қылмыс қанша? Әлі бірталай іс тергеп-тексеріліп жатқаны, сондай-ақ беймәлім жағдайлары да бары белгілі.
Аймақтар • 05 Наурыз, 2024
Атырау мұнай өңдеу зауытының экс-басшысы үйқамаққа алынды
Атырау мұнай өңдеу зауытының бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратов үйқамаққа алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 29 Ақпан, 2024
Өткен жылы 161 лауазымды тұлғаның жемқорлығы әшкереленді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалиды қабылдады. Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің былтыр атқарған жұмысының нәтижелері туралы есеп берілді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ANTIKOR • 19 Ақпан, 2024
«680 млн теңге ұрлаған»: Алматыда жемқор шенеунік ұсталды
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 14 Ақпан, 2024
Сәтбаев қаласының әкімі пара алды деген күдікпен ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі Сәтбаев қаласының әкімі Шапағат Әубәкірдің пара алу дерегі бойынша ұсталғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
ANTIKOR • 08 Ақпан, 2024
Қайрат Сатыбалдыұлының ісі: 44,6 млрд теңге мемлекетке қайтарылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекетке 44,6 млрд теңге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жемқорлық • 16 Қаңтар, 2024
Еңбек мобильділігі орталығының басшысы пара алды деген күдікке ілінді
Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Шымкент қаласының «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізе бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2024
Қайрат Сатыбалдыға тағы бір айып тағылды
Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов Қайрат Сатыбалдының үстінен салық төлеуден жалтарғаны үшін де сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2023
Қайрат Сатыбалдыұлы мемлекетке 120 млн доллар қайтарды
Қайрат Сатыбалдыұлының активтері мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.