Зорлық-Зомбылық
Оқиға • 09 Қыркүйек, 2024
Шымкентте балабақша тәрбиешісі балаларға қол көтерген
Қаладағы балабақшалардың бірінде мекеме қызметкерінің балаларға қатысты физикалық зорлық-зомбылық көрсеткен сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 31 Тамыз, 2024
Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шықты
Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған азамат ақталып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz Астана арнасына сілтеме жасап.
Оқиға • 01 Тамыз, 2024
Оралда әйелді қорлап өлтірген күдікті ұсталды
31 шілдеде Оралдағы жеке үйлердің бірінде зорлықпен өлім белгілері бар 1957 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Полицейлер күдіктіні анықтап, ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 25 Шілде, 2024
Алматы облысында ер адам өзінің туған қыздарын зорлап келген
Алматы облысында ер адам өзінің туған қыздарын зорлағаны аныталды. Сот оны кінәлі деп тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Отбасы • 25 Шілде, 2024
Әйелін бір жыл бойы соққының астына алып келген қостанайлық азамат сотталды
Рудный қаласының сотында бұрынғы зайыбын азаптап, денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 22 Шілде, 2024
Қызылорда облысының тұрғыны әйелін ұрып өлтіріп, қашып кетпек болған
Қызылорда облысында ер адам 21 жастағы әйелін қатігездікпен өлтіріп, оқиға орынан қашып кетпек болған. Әйелдің мәйіті күйеуімен бірге тұрған үйден табылған, деп хабарлайды Egemen.kz CMN.KZ сайтына сілтеме жасап.
Аймақтар • 20 Шілде, 2024
Павлодарда мектеп оқушысын зорлаған адам 17 жылға сотталды
Ол жыныстық қатынас өзара келісім бойынша болғанын алға тартты. Бұл туралы Egemen.kz облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға • 19 Шілде, 2024
Абай облысында 4 жасар баланы зорлаған азғынға сот үкім шығарды
Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты төрт жасар баланы қорлап, кейін өлтірген ер адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Шілде, 2024
Маңғыстау облысында ер адам жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастады
Маңғыстау облысында ер адам көпшіліктің көз алдында әйелін пышақтап тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 27 Маусым, 2024
Көпбалалы әке 11 жасар өгей қызын зорлаған
Өзбекстанда бес баланың әкесі тоқалының 11 жасар қызын зорлаған, деп хабарлайды Egemen.kz UzNews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға • 19 Маусым, 2024
«Әйелінің омыртқасын сындырған». Атырауда бұрынғы аудан әкімі сотталды
Атырау қаласының №2 сотында Мақат ауданның бұрынғы әкімі Ринат Ибрагимовке қатысты материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған әйеліне қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Маусым, 2024
Шымкентте 19 жастағы жігіт көрші балаға жыныстық сипатта зорлық жасаған
Шымкентте 19 жастағы тұрғын көршінің баласына жыныстық сипатта зорлық жасаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 14 Маусым, 2024
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық азайып келеді - ІІМ
Ішкі істер министрлігі жылдан-жылға отбасындағы әлімжеттік дерегі азайып жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 02 Маусым, 2024
Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева асырап алған балаларды әбден қинады деп күдікке ілінген ер кісінің әрекеті туралы адам шошытарлық деректермен бөлісті. Балалар омбудсменінің мәліметінше, ер адам оларға зәр мен нәжіс берген. Қазіргі таңда қылмыстық іс сотқа жолданған. Сонымен қатар мектеп педагогтері мен қорғаншылық органы қызметкерлерінің үстінен іс қозғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 22 Мамыр, 2024
БҚО-да әйелін қатыгездікпен өлтірген зейнеткер сотталды
Батыс Қазақстан облысында 73 жастағы зейнеткер жұбайын ұрып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Оқиға • 17 Мамыр, 2024
Алматыда лифтіде әйелді ұрған ер адам ұсталды
Алматыдағы көпқабатты үйлердің бірінде ер адам куәгерлердің көзінше лифт алдында әйелді соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қылмыс • 07 Мамыр, 2024
Қазақстанның БАӘ-дегі дипломаты әйелін 10 жыл бойы азаптағаны рас па?
Оқиғаға қатысты еліміздің СІМ ресми өкілі жауап берді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 06 Мамыр, 2024
Жыл басынан бері 514 зорлық-зомбылық әрекеті тіркелген
Петропавл сияқты тұрғындары 200 мыңнан сәл артық шағын қаланың өзінде полицейлер отбасылық зорлық-зомбылық бойынша жыл басынан бері 514 фактіні анықтады.
Қоғам • 03 Мамыр, 2024
Түркістан облысында қызына зорлық көрсеткен ер адам ұсталды
Оқиға Түркістан облысында болған. Күдікті ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 28 Сәуір, 2024
Лифтте әйелін ұрған ақтаулық жазаланады
27 сәуір күні Ақтау қаласының тұрғыны әйелін лифтте соққыға жыққан. Оның заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалған, деп жазады Egemen.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 27 Сәуір, 2024
Алматыда тағы бір ер адам әйелін аяусыз соққыға жыққан
Әлеуметтік желіде ер адамның әйелін аяусыз ұрып жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 25 Сәуір, 2024
«Қоғам болып күткен заң» – Б.Жалмағанбетова
Елімізде соңғы жылдары отбасында болатын тұрмыстық жанжалдар көбейіп, арты адам өліміне апарған оқиғалар да жиілеп кеткені аян. Әйеліне қол көтеріп, бала-шағасының берекесі мен құтын қашырған опасыз әкелердің әрекеттері жаға ұстатарлық жағдайға де жетті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық пікірді, елдің талап-телегін ескеріп, 2022 жылы Үкіметке осы мәселені реттейтін заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. Биылғы өткен Ұлттық құрылтайда да тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі кезекті мәрте көтеріліп, көп ұзамай Парламент бірнеше заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізген тиісті заң жобасын қабылдап, оған Президент қол қойды. Енді осы заңның тиісті өзгерістерін, енгізілген жаңа нормаларын ақпараттық тұрғыдан қолдап, жұртшылыққа түсінікті етіп жеткізу ісі қолға алынды. Осы орайда ҚР Адам құқықтары Уәкілінің Астана қаласы бойынша өкілі Баян Жалмағанбетованы сөзге тартып, пікірін сұраған едік.
Аймақтар • 25 Сәуір, 2024
Атырау облысында ер адам егіз баласын зорлады деген күдікке ілінді
"НеМолчи" қорының мүшесі Атырауда болған оқиға туралы ақпарат берді. Мәліметте отбасының әкесі егіздерге жыныстық зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 19 Сәуір, 2024
Алматы облысында әйелін ұрып-соққан ер адам шақыртуға келген полицейлерге оқ атқан
Алматы облысында күйеуінен таяқ жеген әйел үйіне полиция шақырған. Ер адам тәртіп сақшыларына да бағынбай, полицейлерге қарсы оқ атқан. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Пікір • 16 Сәуір, 2024
Зорлық-зомбылықтың барлық түріне жаза күшейеді - Бибігүл Жексенбай
Парламент Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбай әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі заң туралы пікір білдіріп, Facebook әлеуметтік желісінде жазба қалдырды, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 15 Сәуір, 2024
Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» қағидаты: барлық проблема құқық алаңында шешілуі тиіс
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойды. Тиісті заңға әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді, деп жазады Egemen.kz
Қоғам • 15 Сәуір, 2024
Көшеде бұрынғы әйелін ұрып кеткен ер адам жұрт алдында кешірім сұрады
Алматы көшелерінің бірінде бұрынғы әйелін ұрып кеткен ер адам халық алдында кешірім сұрады. Оқиға орнында түсірілген видео желіде тарап, қолданушылардың наразылығын тудырды, деп жазады Egemen.kz.
Өнер • 09 Сәуір, 2024
Сүйген жар жау болмайды: Танымал айтыскерлер тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ән шырқады
Танымал айтыскер ақындар Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге жыр арнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 13 Наурыз, 2024
Телеарна олқылыққа жол бермеуі тиіс еді. «Бірақ…» ток-шоуы жабылады - Аида Балаева
«Хабар» телеарнасында жарыққа шыққан «Бірақ...» ток-шоуы жұрт наразылығына тап болды. Бағдарламаның екінші шығарылымы діттеген мақсатына жетпеді. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ток-шоу жұмысы тоқтатылатынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Ақпан, 2024
Енді тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілік күшейеді
Бүгін, 28 ақпанда Мәжіліс депутаттары тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Құжат Сенаттың қарауына жіберілді, деп хабарлайды Egemen.kz.