ент
Президент • Кеше
Президент «Ялла» ансамблінің көркемдік жетекшісі Фаррух Закировке құттықтау жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан мен Қазақстанның халық әртісі Фаррух Закировті 80 жасқа толуымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Парламент • Кеше
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Бүгін Түркияның Ыстанбұл қаласында Парламентаралық Одақтың 152-ші Ассамблеясы өтті. Жиынға әлемнің 155 елінен делегаттар қатысып, «Болашақ ұрпақ үшін үміт ұялату, бейбітшілікті нығайту және әділдікті қамтамасыз ету» тақырыбын талқылады. Қазақстан Парламенті делегациясын Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • Кеше
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Шымкент қаласында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер барысында «Coca-Cola» компаниясының контрафактілік өнімдері анықталды. Бұл туралы қалалық Әділет департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Саясат • Кеше
Вице-президент қашан тағайындалады? Мәулен Әшімбаев жауап берді
Мәулен Әшімбаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін Қазақстанда Вице-президент тағайындау мәселесіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Вице-президентті тағайындау мәселесі жаңа Құрылтайдың құрылуынан кейін шешіледі, деп жазады Egemen.kz.
Заң • Кеше
Шымкентте агроөнеркәсіпті қолдауға бөлінген қаражат талан-таражға түскен
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті интенсивті алма бақтарын құру және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • Кеше
Агенттік ескертеді: Жалған сақтандыру полистерін сататын алаяқтар көбейген
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі интернет-ресурстар арқылы жалған сақтандыру қызметтерін ұсыну фактілерінің көбейгенін ескертіп, азаматтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • Кеше
Мажарстанның жаңа премьері президенттің отставкаға кетуін талап етті
Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр ел президенті Тамаш Шуйокты лайықсыз деп атап, қызметінен кетуге шақырды. Бұл туралы премьер Шандор сарайында президентпен өткен кездесуден кейін X желісінде жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық көмекке қатысты заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянға хат жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге алғаш рет сапармен келген Джевдет Йылмазға ілтипат білдіре отырып, бауырлас Түркия Қазақстанның стратегиялық серіктесі екеніне назар аударды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 15 Сәуір, 2026
Қазақстанда ұлттық рейтингтік агенттік құрылады
Мәжілістің жалпы отырысында «Рейтингтік қызмет туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер бірінші оқылымда қаралды. Аталған заң жобасы бойынша елімізде тәуелсіз ұлттық рейтингтік бағалау институты ретінде Қазақстанның рейтингтік агенттігі құрылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 15 Сәуір, 2026
Аида Балаева: Шымкенттің туристік әлеуетін дамытуда жаңа инновациялық тәсілдер қажет
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында шаһардың туристік әлеуетін саралап, қоғамдық кеңістіктердің даму барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылады
Шымкентте Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Мәдениет және өнер университетін құруға қатысты кеңес өтті. Бұл жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Шымкентке жұмыс сапары барысында берген тапсырмалары аясында жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Сәуір, 2026
Шымкентте кортеж жасаған жүргізушілер жазаға тартылды
Шымкент полициясы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған автокортежді тоқтатты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Жас ғалымдар Президент табыстаған пәтерлерге қоныстанды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамыту және жас зерттеушілерді қолдау саясаты аясында Ғылым қызметкерлері күніне орай 10 жас ғалымға пәтер кілттерін табыстады. Тұрғын үйлер Алматы мен Астана қалаларынан өтеусіз негізде берілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 14 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент • 13 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тағайындау • 13 Сәуір, 2026
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 13 Сәуір, 2026
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Еліміздің көркем гимнасшылары Ташкентте ұйымдастырылған Әлем кубогінің топтық бәсекесінде екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Кездесу барысында Еуразиялық даму банкінің соңғы жиырма жылда атқарған жұмыс нәтижесі және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент Конституцияны әзірлеуге үлес қосқан ғалымдарға ризашылығын білдірді
Президент Ата заңымыздың преамбуласында алғаш рет мәдениет, білім беру, ғылым және инновация құндылықтары нақты бағдар ретінде белгіленгенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы: Еліміз үшін қолданбалы ғылымды дамыту – аса маңызды міндет
Президент ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде қолданбалы ғылымды дамыту бағытындағы жобалардың саны көбейіп келе жатқаны өте жақсы үрдіс екенін айтты. Әсіресе, университеттердің технологиялық даму орталығы ретінде қалыптасып жатқанын айрықша атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 10 Сәуір, 2026
Президент: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдарды марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Ол мереке қарсаңында Ақордаға жиналып, бас қосу жақсы дәстүрге айналғанын, бұл – еліміздің ғалымдар қауымына деген ерекше құрметі және айрықша ықыласының көрінісі екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Сәуір, 2026
Астанада 13 елден келген студент ЖИ технологиялардың заң жүйесіне әсерін зерттеді
Астанадағы Maqsut Narikbayev University-де «International Legathon MaxUP 2026» екінші халықаралық заң саласындағы кейс-чемпионаты өтті. Ауқымды сайысқа 13 мемлекеттен 90-нан астам студент қатысты, деп жазады Egemen.kz
Президент • 08 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Мемлекет басшысы Корея Республикасы Президентінің арнаулы өкілі – Президент Әкімшілігінің басшысы Кан Хун Шикті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 06 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады
Президентке агенттік қызметінің негізгі қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 03 Сәуір, 2026
Қайтарылған активтер есебінен Шымкентте жаңа жатақхана ашылды
Заңсыз шығарылған активтерді қайтару тек қаржылық көрсеткіш емес, оның артында нақты әлеуметтік маңызы бар жобалар мен адамдардың тағдыры жатыр. Бұл – әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды тетігі. Соның айқын дәлелі ретінде Шымкент қаласында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа жатақхана пайдалануға берілді. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Сәуір, 2026
Президент Шығыс Қазақстан облысының әкімін қабылдады
Мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен орнықты өсімін қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндалды. ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов 2025 жылдың қорытындысына сәйкес облыста оң динамика байқалатынын айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 01 Сәуір, 2026
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Қазақстандағы елшісін қабылдады
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.