платформа
Кино • 06 Қараша, 2025
Отандық стриминг платформалар қаншалықты қолжетімді?
Орта Азиядағы ең ірі медиа апталық Astana Media Week 2025 бүгін де жалғасты. Тоғызыншы рет ұйымдастырылған форумның екінші күнінде 1 000-нан астам медиамаман, сарапшы спикер мен ел өңірлерінен келген БАҚ өкілдері журналистикадағы кәсіби шеберлікті шыңдау мен жаңа бетбұрыс жолдарын бағамдады. Орталық Азия, Еуропа, Әзербайжан мен Қытайдан келген сарапшылар да өз елдеріндегі саланың жаңашылдықтарын тақырыпқа тұздық етті, деп жазады Egemen.kz.
Жасанды интеллект • 31 Қазан, 2025
Отандық ЖИ платформасы бизнесмендердің жұмысын жеңілдетеді
Бизнес сұранысынан туған SHAI.PRO AI-платформасы еліміздің төл өнімі. Аталған платформа компанияларға арнайы бағдарламалаусыз-ақ цифрлық көмекші әзірлей алады, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 03 Қазан, 2025
Е-Sport цифрлық платформасы іске қосылады
Туризм және спорт министрлігі «Дене шынықтыру және спорттың цифрлық платформасы» (e-Sport) ақпараттық жүйесін іске қосу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Аталған платформа спортшылар, жарыстар және спорттық нысандар туралы мәліметтерді қамтитын бірыңғай ақпараттық портал ретінде қызмет атқаратын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ғылым • 22 Қыркүйек, 2025
Ғалымдар жүрек ауруының алдын алатын платформа жасады
Отандық зерттеушілер жүрек-қан тамырлары ауруының алдын алуға арналған платформа жасап шығарды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғалымдары әзірлеген «Zhurek AI» платформасы дерттің қауіптілігін ерте анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 15 Маусым, 2025
Мемлекеттік қызметшілер citizensec.kz платформасында киберсауаттылық бойынша оқудан өтеді
Маусым айының соңына дейін ҚР орталық мемлекеттік органдарының қызметкерлері citizensec.kz порталында арнайы онлайн-оқудан өтіп, цифрлық қауіпсіздік деңгейін арттырады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Мамыр, 2025
181 мың адам Skills Enbek платформасында оқыған
Биылғы жыл басынан бері 181 мың азамат, оның ішінде 34,4 мыңға жуық жұмыссыз Skills Enbek кәсіптік оқыту платформасында (бұдан әрі - Платформа) онлайн-курстардан өткені туралы сертификаттар алған. Платформада барлығы 712,5 мың отандасымыз тіркелген, оның 213,8 мыңы – 2025 жылы тіркелді. Бұл ретте платформа жұмысының барлық кезеңінде 591,9 мың адам оқудан өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өшпес даңқ • 02 Мамыр, 2025
«Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы өтеді
Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен екінші дүниежүзілік соғысқа Қазақстаннан аттанған майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-порталы Жеңіс күніне орай арнайы жаңартылған еді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өшпес даңқ • 22 Сәуір, 2025
Майдангерлерді іздеуге арналған онлайн платформа іске қосылды
«Батырларға тағзым» деп аталған онлайн платформа – екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлерін іздеуге және байланыстыруға арналған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 13 Наурыз, 2025
Дарынды жастарды қолдауға арналған платформа іске қосылады
5 сәуірден бастап Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы дарынды оқушылар мен педагогтерді қолдау мақсатында SMART Daryn ұлттық цифрлық платформасын іске қосады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 26 Ақпан, 2025
Былтыр 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналасты
Мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі – жастарды жұмыспен қамту мәселесі. Осы бағыт шеңберінде 2024 жылы 400 мыңнан астам жас жұмысқа орналастырылған. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 12 Желтоқсан, 2024
Елімізде жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы құрылады
Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (minerals.e-qazyna.kz) құрылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өндіріс • 31 Қазан, 2024
Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы таныстырылды
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бүгін Цифрлық Үкіметті қолдау орталығының алаңында жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасын көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 10 Қыркүйек, 2024
Астанада «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы жұмыс істей бастады
Биылғы тамызда Астанада «JUMYSTAP.kz» сервистік платформасы іске қосылды. Платформа жұмыс іздеушілерге жұмыс табуды жеңілдетеді, ал жұмыс берушілер кадрларға деген қажеттіліктің орнын толтыра алады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.
Қоғам • 04 Қыркүйек, 2024
Жұмысқа орналасуға көмектесетін жаңа платформа іске қосылды
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ «Мансап компасы» атты жаңа платформаны іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елорда • 28 Тамыз, 2024
Астанада жұмыс іздеуге арналған платформа іске қосылды
Елордада жұмыс пен тапсырыстар іздеуге арналған JUMYSTAP.kz жаңа сервистік платформа іске қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Экономика • 19 Маусым, 2024
Инвесторлар үшін күрес заманында өмір сүріп жатырмыз – Ғабидолла Оспанқұлов
Мемлекет экономикасын ілгерілетудің табысты тетігінің бірі − инвестиция. Дамыған мемлекеттер, соның ішінде, Қытай шетелдік инвестициялар есебінен жоғары дәрежедегі экономикаға қол жеткізген елдердің жарқын үлгісі. Инвестиция тек қаржылай емес, технологиялық, жаңа білім мүмкіндіктерін сыйлайтынын ескерсек, Қазақстанның дамуы үшін де инвестиция көздерін тарту аса маңызды. Ел Үкіметі алдында 2029 жылға дейін экономиканы 2 есе өсіру межесі көзделген. Осы мақсатқа жеткізер бағыттың бірегейі инвестиция тарту екені сөзсіз. Бүгінгі таңда елімізге инвестиция тарту бағытында Сыртқы істер министрлігіне қарасты Инвестиция комитеті мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ нәтижелі қызмет атқарып жатыр. Осы орайда Инвестиция комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен елімізде инвесторларға жасалған мүмкіндіктер төңірегінде әңгіме өрбіттік, деп жазады Egemen.kz.
Технология • 30 Қаңтар, 2024
Қазақстанда жасанды интеллект бойынша цифрлық платформа іске қосылды
Бүгін Astana Hub корпоративтік қоры ai.astanahub.com цифрлық платформасын іске қосты. Жаңа платформа инновациялар мен әртүрлі салаларда жасанды зиятты қолдануға ықпал ететін бірыңғай кеңістікті қалыптастыру үшін үкіметтің, бизнес пен білім беру саласының күш-жігерін жұмылдырады, деп хабарлайды Egemen.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2024
Қазақстанда ұлттық цифрлық инвестициялық платформа іске қосылады
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен Инвестицияларды тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысында жаңа ақпараттық жүйе таныстырылды. Аталған ұлттық цифрлық инвестициялық платформа биыл іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы • 13 Желтоқсан, 2023
Биыл TikTok платформасының қосымшасы қазақ тілінде сөйледі
Таяу күндері TikTok платформасы 2023 жылды қорытындылай келе, Қазақстанның ең жарқын трендтері, көрнекті креаторлары мен басты хиттерінің тізімін жариялады.
Қоғам • 29 Қараша, 2023
«Күміс жас» жобасы: 3,2 мыңнан астам адам тегін курстардан өтті
«Күміс жас» жобасы аясында 50 жастан асқан Қазақстан азаматтары жаңа дағдыларды игеріп, одан әрі жұмысқа орналасу үшін Skills Enbek платформасында тегін оқуға мүмкіндік алды. Платформада арнайы бөлім екі ай бұрын іске қосылып, оған 4,5 мыңнан астам адам тіркелді. Оның 3,2 мыңы оқуды аяқтап, сертификат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мәдениет • 11 Шілде, 2023
Димаштың жаңа әні еуропалық тыңдармандарға жол тартты
Әнші, музыкант Димаш Құдайбергеннің «Weekend» деп аталатын жаңа әні барлық еуропалық музыкалық платформаларға шықты. Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 03 Шілде, 2023
Цифрлық платформа қолдану – білім берудің тиімді тәсілі
Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен оқушылары topiq.kz веб-платформасын белсенді қолданып жүр.
Қоғам • 05 Мамыр, 2023
TikTok балалардың әлеуметтік желіні пайдалану уақытын шектейді
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі TikТok компаниясының Шығыс Еуропадағы мемлекеттік органдармен іс-қимыл бойынша және корпоратив директоры Сергей Соколовпен және Орталық Азиядағы мемлекеттік билік органдарымен жұмыс жөніндегі басшы Дмитрий Пылевпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 03 Ақпан, 2023
100 мың студент Coursera платформасына қол жеткізеді
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек алдағы үш жылда 100 мың қазақстандық студент Coursera платформасына қол жеткізе алатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2023
Онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленеді
Қазақстанда интернет-жарнама және онлайн платформалар туралы заң жобасы әзірленеді, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 20 Желтоқсан, 2022
Қазақстандағы TikTok үздік блогерлерді анықтады
Қысқа бейнелерді жасауға және көруге арналған TikTok қосымшасы жыл қорытындысын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 01 Тамыз, 2022
Құқық қорғауға арналған білім беру платформасы іске қосылады
Азаптауларға ұшыраған адамдарға құқықтық қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындаған, Қазақстанда баламасы жоқ білім беру цифрлық платформасы биылғы қыркүйек айында іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Шілде, 2022
Özinshe: Балаларға арналған қазақша стриминг-платформа іске қосылды
Елордада балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ тіліндегі тұңғыш стриминг-платформаның таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Үкімет • 07 Маусым, 2022
Әлихан Смайылов: Азаматтар кез келген платформада еркін жұмыс істеуі керек
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы ең ірі 8 платформаның басшыларымен кездесу өткізді. Нәтижесінде шілдеден бастап, пилотты түрде әр платформаның спецификасына қарай апробация жасалады. Ал жыл соңына қарай қажетті өзгерістерді заңға енгізеді. Әлихан Смайылов онлайн платформаларға қатысты пилоттық жобаны қолдайтынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 07 Маусым, 2022
Яндекс, Uber, Wolt және Glovo жұмысшыларына әлеуметтік кепілдік беріледі
Енді Яндекс, Uber тәрізді онлайн-платформа арқылы жұмыс істейтіндер әлеуметтік қамсыздандырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.