Фото: kaztag.kz
Оның айтуынша, бұл қызметтердің іске қосылуын жеделдетуге және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен осы жылдан бастап QazTech платформасынан тыс ақпараттық жүйелерді әзірлеуге тыйым салынады. Бұл ақпараттық жүйелердің қауіпсіз режимде іске қосылуын жеделдетуге және олардың интеграциялануын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Біз орталық мемлекеттік органдар мен әкімдіктерге ақпараттық жүйелердің QazTech платформасына көшуге дайындығына техникалық аудит жүргізуді тапсырдық. Биыл бұл мәселеге көбірек көңіл бөлінеді», деді Жаслан Мадиев.