Қазақстан
Спорт • Бүгін, 16:40
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Матч екі сетте аяқталды. Қазақстан-Серб жұбы Анна Данилина мен Александра Крунич «Ролан Гаррос» турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • Бүгін, 14:59
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәлімдеуінше, елде жекелеген интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындауы – магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдануына байланысты болып отыр деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • Кеше
Қазақстан құрамасы Армениямен тең ойнады
Футболдан Қазақстан құрамасы Армения аяқдопшыларымен өткізген жолдастық кездесуде 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан мәдениет саласындағы ынтымақтастықты арттырады
Ташкент қаласында Орталық Азия елдері мен АҚШ-тың C5+1 форматындағы мәдениет министрлерінің кездесуі аясында Премьер-Министрдің орынбасары, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 05 Маусым, 2026
«Әр мәселе бойынша қызу пікірталас жүреді»: Путин Қазақстанмен қарым-қатынас туралы пікір білдірді
»Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастар табысты дамып келеді, дегенмен ынтымақтастық мәселелері бойынша тараптар арасында жиі пікірталастар туындайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 05 Маусым, 2026
Елімізде 34 градусқа дейін ыстық болады
Елімізде 5 маусым күні жылы ауа райы сақталады. Алайда елдің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 04 Маусым, 2026
Мемлекет басшысы Қазақстан Ұлттық банкінің есебін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк басшылығының 2025 жылы атқарған жұмыс қорытындысы мен 2026 жылға арналған жоспары туралы есебін тыңдады, деп хабарлайды Egemen.kz
Халық • 04 Маусым, 2026
Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жуықтады
Ел тұрғындарының орташа жасы 76 жасқа жақындады. Мамандардың айтуынша, бұл денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалардың нәтижесі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 04 Маусым, 2026
Қазақстан жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға тұрақтады
Қазақстан 2025 жылғы Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (WIPO) жаһандық инновациялар индексінде 81-орынға ие болды. Рейтингте мемлекеттердің инновациялық әлеуеті институттар сапасы, адами капитал, инфрақұрылым, цифрландыру және бизнес белсенділігі сияқты негізгі бағыттар бойынша бағаланған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 03 Маусым, 2026
Энергетикадағы оң өзгеріс: Қазақстан профицитке қол жеткізді
Энергетика министрлігі биылғы жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша елде электр энергиясын өндіру көлемі тұтыну деңгейінен асқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz
Экономика • 03 Маусым, 2026
АҚШ Қазақстаннан импортталатын тауарларға қосымша баж салығын енгізуді ұсынды
АҚШ Қазақстанды қоса алғанда тағы 59 елден импортталатын тауарларға қосымша кедендік баж салығын енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Спорт • 03 Маусым, 2026
Еуропаны елең еткізген нәтиже: Қазақстан Португалиядан ұпай еншіледі
19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы алғашқы матчын сәтті өткізіп, А лигасының 6-тобында нағыз сенсация жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
Президент • 03 Маусым, 2026
Президент Қазақстан-Кипр экономикалық ынтымақтастығының жол картасын әзірлеуді ұсынды
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис келіссөздер барысында екіжақты экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің тың бағыттарын талқылады. Тараптар сауда айналымын арттыру, инвестициялық байланыстарды дамыту және логистика, қаржы, туризм мен цифрлық технологиялар салаларындағы әріптестікті күшейтуге келісті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Кипрді Транскаспий халықаралық көлік дәлізі жобасына белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Екі ел президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді
Мемлекет басшысы Кипр Республикасын еліміздің Еуропадағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 03 Маусым, 2026
Қазақстан мен Кипр арасында қандай құжаттарға қол қойылды?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис жүргізген келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекеттер басшыларының қатысуымен ресми делегациялар мүшелері маңызды ведомствоаралық құжаттармен алмасты, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауа райы • 03 Маусым, 2026
Найзағай, бұршақ және дауыл: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Сондай-ақ кей жерлерде бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 02 Маусым, 2026
Қазақстан құрамасы Армениямен жолдастық кездесу өткізеді
6 маусым күні футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ереван қаласында Армения құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Қоғам • 02 Маусым, 2026
Ерлан Қарин: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қоғамдық қозғалысқа айналды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин «Таза Қазақстан» жобасының қоршаған ортаны қорғаумен қатар жауапты әрі саналы қоғам қалыптастыруға үлес қосып отырғанын айтты. Оның сөзінше, бастама біртіндеп күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналуда, деп хабарлайды Egemen.kz
«Таза Қазақстан» • 02 Маусым, 2026
Тоқаев: «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру – конституциялық міндет
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдіктерге «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын орындау конституциялық міндет екенін еске салды. Мемлекет басшысы Alatau City жобасын дамыту барысында қаланы абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктерді көбейтуге және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 02 Маусым, 2026
Қытайда төбелеске қатысқан Қазақстан азаматы ұсталды
Қазақстан азаматы Махмұтхан Шерназаров Қытайдың Гуандун провинциясында денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген күдікпен ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 02 Маусым, 2026
Еліміздің оңтүстігінде 37 градусқа дейін ыстық болады
«Қазгидромет» 2 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 01 Маусым, 2026
Қазақстан Гонконгқа құны 100 млрд доллардан асатын жобаларды ұсынды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Астанаға жоғары деңгейдегі делегацияны басқарып келген Гонконг әкімшілігінің басшысы Джон Лимен келіссөздер өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективасын, қаржылық әріптестікті дамытуды, сондай-ақ Қазақстан мен Гонконг арасындағы көлік байланысын нығайту мәселесін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz
Экономика • 01 Маусым, 2026
Қазақстанның Иранға агроөнеркәсіп өнімдері экспорты 97%-ға артты
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иран Ислам Республикасының Өнеркәсіп, кен өндіру және сауда министрі Сейед Мохаммад Атабакпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 01 Маусым, 2026
Еуроодақ мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе?
Еуроодақ баспана беру туралы өтініші қанағаттандырылмаған мигранттар үшін арнайы орталықтар құру жөнінде одақтан тыс бірқатар елдермен келіссөздер бастауы мүмкін. Ықтимал серіктестер қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Egemen.kz
Салық • 01 Маусым, 2026
Қазақстан мен Өзбекстанның салық режимі: Бизнес үшін қайсы тиімді?
Соңғы жылдары әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Өзбекстанның салық жүйесін салыстырып, көрші елдегі кәсіп жүргізу шарттары әлдеқайда тиімді деген пікірлер жиі айтылады. Алайда соңғы өзгерістерді саралау екі ел арасындағы айырмашылық әлі де елеулі екенін көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 01 Маусым, 2026
Люксембургтің Қазақстан арқылы әуе жүк тасымалы қайта жанданады
Еуропадағы жетекші жүк тасымалдаушылардың бірі Люксембургтің Cargolux Airlines International – 1 маусымнан бастап Қазақстан арқылы транзиттік рейстерін қайтадан іске қоспақ. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Халық • 01 Маусым, 2026
Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асты
Елімізде халық саны артып келеді. 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан тұрғындарының саны 20 562 993 адамға жеткен. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жариялаған ресми деректерде көрсетілген, деп жазады Egemen.kz.
Балалар • 01 Маусым, 2026
Ата-ана таңдауы: Биыл туған сәбилерге қандай есімдер жиі қойылды?
1 маусым – Қазақстанда Балаларды қорғау күні. Жыл басынан мамыр айының соңына дейін Қазақстанда дүниеге келген сәбилерге қойылған ең танымал және сирек есімдер жарияланды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, ұл балалар арасында – Алан, ал қыздар арасында – Айлин есімі көш бастап тұр, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 31 Мамыр, 2026
1 маусымнан бастап Қазақстанда не өзгереді?
Маусым айы қазақстандықтар үшін тағы да бірқатар маңызды өзгерістермен басталмақ. Елде электр энергиясы мен коммуналдық қызметтердің тарифі өсіп, жаңа мемлекеттік талаптар күшіне енеді. Сонымен қатар жастарға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосылып, халықаралық рейстер саны артады. Еңбек заңнамасына түзетулер енгізіледі, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын пайдалану тәртібі жаңарады. Egemen.kz маусым айынан бастап қазақстандықтардың өміріне әсер ететін бірқатар өзгерістерді тізбектеп шықты.
Экономика • 31 Мамыр, 2026
Отандық өндірушілерді қолдау: шетелдік азық-түлікке жаңа шектеу ұсынылды
Қазақстанда шетелдік азық-түлік өнімдерін екі жылға мемлекеттік сатып алулардан алып тастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz