м
Заң мен Тәртіп • 13 Қараша, 2025
Бәсекелестікті қорғау агенттігі 276 млн теңге табыс тапқан әуе компаниясының үстінен шағым түсірді
Кассациялық сот «Жезқазған-Эйр» акционерлік қоғамына қатысты антимонополиялық тергеу қорытындысы мен заң бұзушылық белгілері туралы хабарламалардың заңды екенін мәлімдеп, төменгі инстанцияларда өткен дауға соңғы нүкте қойды, деп жазады Egemen.kz.
Тағзым • 13 Қараша, 2025
Павлодарда полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды
12 қарашада Павлодар облысында қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу барысында полицейлер Халық қаһарманы Ғазиз Байтасовты еске алды. Салтанатты іс-шараға департамент басшылығы, ішкі істер органдарының ардагерлері және полиция қызметкерлері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 13 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Табиғат • 13 Қараша, 2025
Қазақстанға амур жолбарыстары әкелінетін болды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары шеңберінде Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері - Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 13 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Еуро-2026 іріктеуінде сенсациялық жеңіске жетті
Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы (U19) Еуро-2026 чемпионатының іріктеу кезеңін жарқын жеңіспен бастады. Алғашқы ойында Кекер шәкірттері Ирландия құрамасын 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 12 Қараша, 2025
Павлодарда балалар арасында тұмау өршіп тұр
Өңірлік балалар ауруханасының дәрігерлері күніне шамамен 100-120 баланы қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Әлеуметтік қолдау критерийлері жаңарды: қандай отбасыларға көмек көрсетілмейді?
Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындаудың жаңа тәртібі енгізіледі. Бірыңғай әлеуметтік қолдау шаралары стандартына сәйкес, отбасылардың мұқтаждық деңгейі енді цифрлық отбасы картасындағы деректер негізінде автоматты түрде және жаңартылған критерийлер бойынша айқындалатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Саясат • 12 Қараша, 2025
Владимир Путин: Қазақстан – Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарының құрметіне Кремльде мемлекеттік қабылдау өткізген Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанды Ресейдің одақтасы, стратегиялық серіктесі және тату көршісі деп атады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Мәскеу көшелерінің біріне Шоқан Уәлихановтың есімі берілді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел делегацияларының қатысуымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді. Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 12 Қараша, 2025
Бірлескен жұмыстың шет-шегі жоқ - Президент
Президенттер Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумына қатысушылар алдында сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 12 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин тағы не туралы уағдаласты?
Ақорда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің бірнеше сала бойынша уағдаласқанын хабарлады.
Әдебиет • 12 Қараша, 2025
Шығармашылық зертхана: Әзілхан әлемі
Шығармашылық әлем – күрделі де қызық құбылыс. Әр қаламгердің шығармасы қандай ерекше болса, оны жазу үдерісі де сондай ерекше. Айталық, Бальзак пен Достаевский түнде жазса, Толстой таңғы уақытты құп көрген. Хемингуэй шығармашылық жұмыспен тізе бүкпей, түрегеп тұрып айналысса, біздің ақын Ғалым Жайлыбай өлеңдерін етпетінен жатып жазғанды ұнатады. Мұндай ерекшелік жазушы Әзілхан Нұршайықовта жетерлік. Үшбу мақаламызда қаламгердің хаттары мен естеліктеріне сүйеніп, оның көркемдік кеңістігіне ұмтылдық. «Оның қаламгер болуына не әсер етті?», «кейіпкерлердің образын қайдан алды?», «оларды қандай жағдайда қағазға түсірді?» деген сауалдарға жауап іздеп көрдік.
Президент • 12 Қараша, 2025
Мемлекеттер басшылары Орал қаласында өтіп жатқан XXI Қазақстан – Ресей өңіраралық форумының пленарлық сессиясына бейнебайланыс арқылы қатысты. Биылғы форумның тақырыбы – «Жұмысшы мамандықтары – экономикалық өсімнің қозғаушы күші», деп хабарлайды Ақорда.
Президент • 12 Қараша, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ықпалдастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Цифрлық кодекс туралы заң жобасы қоғамдағы қандай түйткілді жояды?
Цифрлық кодексінің жобасы жөнінде Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі бүгін Мәжілістің жалпы отырысындағы сөйлеген сөзінде, бұл құжат – еліміздегі цифрлық саланың ұзақ мерзімді дамуын айқындайтын және тиімді әрі ашық цифрлық ортаны қалыптастыратын басты құжат екенін атап өтті, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Алматыда ашылған жаңа скверге Нұрлан Смағұлов қоры 1 млрд теңге бөлді
Дәл осы күндері мегаполисте жұрт алаңсыз дамылдап, серуендейтін орындар бірінен кейін бірі кезегімен халықтың игілігіне беріліп жатқаны қуантады. Жасыл желекті жаңа саябақтардың көп қабатты үйлерге қамалған қала тұрғындарының денсаулығы мен көңіл-күйіне тигізетін септігі де орасан.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Утильалымды төлеуді міндеттейді, бірақ ескі көлікті қабылдамайды. Неліктен?
Ескі көліктерді қабылдап, қайта өңдеу бағдарламасы былтыр желтоқсанда басталуы тиіс еді, алайда жоба әлі іске қосылған жоқ. Утильалымын халық пен кәсіпкерлер әлі де төлеп отыр, бірақ көліктерді қабылдайтын зауыттардың жұмысы әлі басталған жоқ, деп жазады Egemen.kz kolesa.kz сайтына сілтеме жасап.
Қаржы • 12 Қараша, 2025
Нарықта доллар бағамы сәл арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Футболдан Қазақстан құрамасы Бельгия қарсы қандай құрамда ойнайды?
Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы соңғы матчын 15 қарашада Бельгияға қарсы өткізеді.
Сауда • 12 Қараша, 2025
4,4 млрд долларға 30 жоба: Қазақстан мен Ресей арасында қандай мәміле бар?
Орал қаласында өтіп жатқан Қазақстан мен Ресейдің XXI Өңіраралық ынтымақтастық форумының екінші күнінде Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев БАҚ өкілдеріне сұқбат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Абай облысында үш басқарма басшысы қызметінен кетті
Облыстық көлік, құрылыс және спорт басқармаларының басшылар ауысты. Көлік басқармасы басшысы қызметіне Мерей Байырхан тағайындалды. Ол 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданында туған.
Алматы • 12 Қараша, 2025
Алматыдағы Медеу ауданын жаңа жылдық безендіруге 200 млн теңге бөлінді
Қаланың Медеу ауданының әкімі Еркебұлан Оразалин бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 12 Қараша, 2025
Байқоңыр ғарыш айлағына «Союз-5» зымыраны әкелінді
11 қарашада Байқоңыр ғарыш айлағына Қазақстан мен Ресейдің бірлескен «Бәйтерек» жобасы шеңберінде жасалған жаңа «Союз-5» зымыраны жеткізілді. Бұл оқиға – Байқоңыр тарихындағы ашылған жаңа бет деуге болады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу жүргізіледі
Келесі жылы Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасына күрделі жөндеу басталады. Осыған байланысты Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті мен «Қазсушар» РМК Ақтөбе филиалы мамандары қайта жарақтандыру жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Аймақтар • 12 Қараша, 2025
«Qarmet» Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөледі
«Qarmet» АҚ-ның Ұлытау облысына 700 миллион теңге бөлу туралы бастамасы облыс әкімдігі мен компания арасындағы меморандум аясында жасалмақ. Маңызды құжат өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Осылайша, Қаражал қаласында кәсіпорынның қолдауымен жаңа әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылмақ.
Қоғам • 12 Қараша, 2025
Асхат Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желіге тіркелуін шектеу туралы ұсыныс білдірді
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Instagram парақшасында балалардың смартфонға тәуелділігінің қауіпті құбылыс екеніне тоқталды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 12 Қараша, 2025
Ақтөбе өңірінде үшем дүниеге келді
Аталған облыстың Шалқар қаласының тұрғындары 27 жастағы Аслан Лайықов пен Ләззат Жоламанованың отбасында үшем дүниеге келіп, оларға Әдемі, Сұлу және Әміре есімі берілді, деп жазады Egemen.kz.
Футбол • 12 Қараша, 2025
Қазақстан құрамасы Бельгияға қарсы матчқа дайындық үстінде (видео)
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Бельгияға қарсы матчқа толық құрамда дайындықты бастады, деп хабарлайды Egemen.kz KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.
Балалар • 12 Қараша, 2025
Балалар құқығын қорғау: 40 оқушы Республикалық кеңес құрамына қабылданды
Елімізде мектеп парламенттері мен балалар қозғалысының көшбасшылары арасында балалар омбудсмендерін сайлау өтіп, іріктеу нәтижесінде еліміздің түкпір-түкпірінен 40 жас құқық қорғаушы қабылданды. Енді барлық өңірлердегі оқушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға атсалыспақ. Еске салайық, балалар өкілдігі институты өз қызметін 2020 жылдан бері атқарып келеді. деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 12 Қараша, 2025
Түркия Қорғаныс министрлігі 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растады
Кеше Грузияда Түркияның C-130 қарулы күштері ұшағы апатқа ұшырады. Түркия Қорғаныс министрлігі қаза болғандардың тізімін жариялап, бортта болған 20 әскери қызметшінің қаза тапқанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz.