АҚ
Қоғам • 19 Тамыз, 2024
Биыл көпбалалы отбасыларға 274 млрд теңгеден астам жәрдемақы төленді
2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 583,4 мың отбасы жалпы сомасы 274,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды. Оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды Egemen.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Тамыз, 2024
Қазақстанда көбінесе ер адамдар өзіне қол жұмсайды - статистика
Елімізде суицидтен болатын өлім-жітім саны аздап төмендеген. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметі бойынша, осы жылдың қаңтар-шілде айларында елде аяқталған суицид оқиғаларының саны 2,1 мыңға жуықтап, 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2%-ға азайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.
Қоғам • 19 Тамыз, 2024
Елімізде маска режимі қайта енгізіледі
Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы «2024-2025 жылдарға арналған эпидемия маусымына тұмау, ЖРВИ және коронавирустық инфекция (COVID-19) бойынша санитарлық-профилактикалық, санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу туралы» қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Денсаулық • 19 Тамыз, 2024
Алматылық дәрігерлер құрсақішілік үш ота жасады
Алматыдағы балалар кардиохирургиясы және перинатология орталығында құрсақтағы ұрыққа операция сәтті жасалды. Мұндай операция туа бітті болатын патологияны түзетіп, сәбидің дүниеге дені сау болып келуіне мүмкіндік береді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 19 Тамыз, 2024
Атырауда балабақша тәрбиешісі қыз баланы ұрып-соққан
Атырауда ата-ана балабақша тәрбиешісінің үстінен шағым түсірді. Анасы баласының балабақшаға барғаннан кейін үшінші күні денесінен көгерген жерлерді анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 18 Тамыз, 2024
Ақмола облысында екі жүк көлігі соғысты: бір адам қаза тапты
Ақмола облысында болған екі ауыр жүк көлігінің соғысуы салдарынан оқиға орнында бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 18 Тамыз, 2024
Жаңбыр, бұршақ, жел: Қазгидромет 18 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды
Синоптиктер ертең, 18 тамызда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр мен бұршақ жауатынын және екпіні күшті жел соғатынын болжады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 16 Тамыз, 2024
Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді
Осы жылдың 20-22 тамыз аралығында Тәжікстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтеді. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
Қарғын судан зардап шеккендерге 221 үй сатып алынды
Ақмола облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар үшін 221 үй сатып алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 16 Тамыз, 2024
«Халықаралық бағдарламалар орталығы» мен «Қазақтелеком» меморандумға қол қойды
Кеше «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Әлия Оспанова мен «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 16 Тамыз, 2024
Қазақстанда айлық инфляция 0,7%-ға өсті
Елде жылдық инфляция шілдеде қарқын алып, 8,6% болды. Жылдық инфляцияның екпіні 14 өңірде тіркелді, 4 өңірде баяуласа, 2 өңірде өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 16 Тамыз, 2024
Елдегі коронавирус бойынша ахуал бақылауда - министрлік
Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирусқа қатысты жағдай бақылауда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 16 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Қосшы қаласындағы мектеп-гимназиямен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола өңіріне жұмыс сапары Қосшы қаласындағы 1500 орындық мектеп-гимназияны аралап көруден басталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таза Қазақстан» • 16 Тамыз, 2024
«Таза Қазақстан»: Павлодарда акция аясында ауқымды іс-шаралар өтті
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өңір тұрғындары туған өлкені абаттандыруға белсенді қатысып жатыр. Айта кету керек, «Таза Қазақстан» республикалық акциясына биылғы кезеңде мемлекеттік мекемелер мен жеке ұйымдар, шаруа қожалықтары, жастар, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, мәслихат депутаттары, ПИК, МИБ өкілдері жұмылдырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң • 16 Тамыз, 2024
Эндаумент-қорлар туралы заң: мәжбүрлі қажеттілік пе әлде жаңа жол ма?
Бюджетке қысым көрсетілуі білім беру, медицина және мәдениет сияқты салаларға мемлекеттік субсидиялардың азаюына әкеледі. Алайда Қазақстан билігі шығындарды қайта қарастыруды және білім беру бағдарламалары, әлеуметтік жобалар мен ғылыми зерттеулер үшін тұрақты қаржыландырудың жаңа көздерін табуды ниеттеніп отыр. Парламенттің қарауына мақсатты капитал қорлары (эндаумент-қорлар) туралы заң жобасы ұсынылды. Құжат жеке инвестицияларды жинақтау мен осындай ұйымдардың жұмыс механизміне қатысты егжей-тегжейлі сипаттама береді.
Ауа райы • 16 Тамыз, 2024
Қазақстанда күзде ауа райы қандай болады
«Қазгидромет» РМК Қазақстандағы 2024 жылдың күзіне арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2024
291 млн теңгені қайтаруы керек: Ақтөбеде тұрғындарды алдаған әйел сотталды
Ақтөбе қаласының №2 сотында аса ірі көлемдегі алаяқтық жасағаны үшін айыпталған азаматша О.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, ол 17 жәбірленушінің 314 миллион теңгеден астам қаражатын заңсыз иемденген деп танылды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Денсаулық • 15 Тамыз, 2024
Маймыл шешегі: Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады
Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі Конго Демократиялық Республикасында маймыл шешегінің өршуіне және аурудың көршілес елдерге таралуына байланысты шетелге шығатын қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2024
Мемлекет басшысы Үндістан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2024
Президент Пәкістан Премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Шахбаз Шарифті Пәкістанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп жазады Egemen.kz.
Қазақстан • 15 Тамыз, 2024
Елімізде бір айда 300-ден астам эко-акция өтеді
Осы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйек аралығында республикалық эко-акция өтеді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 15 Тамыз, 2024
Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 15 Тамыз, 2024
Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Медицина • 15 Тамыз, 2024
Жоспарлы госпитализацияға дайындық рәсімдері жеңілдетілді
Емханалар мен стационарлардағы медициналық көмекке қолжетімділікті арттыру мақсатында денсаулық сақтау министрлігі халықаралық стандарттарға сай диагностикалық рәсімдерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қоғам • 15 Тамыз, 2024
СҚО-да балабақша қызметкері бюджет қаражатын жымқырған
Айыртау аудандық сотының үкімімен мектепке дейінгі ұйымның қызметкері мемлекет бюджетіне келтірілген зиянды толық көлемде өтей отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Елорда • 15 Тамыз, 2024
Астанада студенттерге арналған 6 жатақхана салынады
Биыл Астанада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында студенттерге арналған 6 жатақхана салынады. Бұл хабар педагогтердің 2024 жылғы тамыз форумында белгілі болды, деп жазады Egemen.kz.
Мәдениет • 15 Тамыз, 2024
Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ бантик» әні кімге арналған
15 тамыз − әндері күллі қазақтың көңілінде әуелеп, жадында жатталған композитор, Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туған күні.
Оқиға • 14 Тамыз, 2024
Қарағандыда балаға қол көтерген тәрбиешіге қатысты үкім шықты
Қарағандыда балабақша тәрбиешісі баланың денсаулығына зиян келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 14 Тамыз, 2024
Ақмола облысында локомотив құрастыру зауыты салынады
Ақмола облысында теміржол машина жасау саласындағы ірі жобаны іске асыру жоспарланды. Атбасар қаласында жылына 360 локомотив секциясы бар локомотив құрастыру зауыты салынады. Осы мақсатта Ақмола облысының әкімдігі мен «Қамқор локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз орталығына сілтеме жасап.
Білім • 14 Тамыз, 2024
Елдегі мектептердің басым көпшілігі инклюзивті білім беруге дайын
Қазақстан мектептерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін кедергісіз орта қалыптастырылып жатыр. Бүгінгі таңда мектептердің 88%-да инклюзивті білім алуға жағдай жасалған, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.