Оқиға • 17 Қазан, 2024

Алматыда Қазақстан балалар дәрігерлерінің Х съезі өтіп жатыр

83 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін Алматыда «Педиатрия және балалар хирургиясының жетістіктері мен даму болашағы» атты съезд  өз жұмысын бастады.

Алматыда Қазақстан балалар дәрігерлерінің Х съезі өтіп жатыр

Екі күнге жалғасатын съезд жұмысына Италия, Польша, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Беларусь мен басқа да алыс және жақын елдердің педиатрия және балалар хирургиясы саласының жетекші ғалымдары мен сарапшылары,  онлайн және оффлайн форматта отандық 900-ден астам педиатрлар мен балалар хирург-дәрігерлері қатысып отыр.

Мерейтойлық алқалы басқосудың ашылу салтанаты ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың, Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенованың, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің өкілі, клиникалық блок бойынша проректоры Светлана Сұлтанғазиева мен Педиатрия және балалар хирургиясы  ғылыми орталығының Басқарма төрағасы Абай Құсайыновтың құттықтау сөзімен ашылды.

Бүгін Қазақстан балалар дәрігерлерінің алғашқы съезінің өткеніне – 50 жыл. 1974 жылы балалар дәрігерлерінің бірінші съезі өтті. Бүгінде осы аталған сәттен естелік ретінде тек қана фотосуреттер ғана сақталғанымен, съездің рухы, қағидаттары мен міндеттері өзгеріссіз қалды.

Бүгін де бұл залға жиналған барлық дәрігерлерді бір мақсат біріктірсе – ол еліміздің ең кішкентай азаматтарының денсаулығын сақтау мен  жақсарту.

Мерейтойлық шара 400-ден астам балалар дәрігерлерінің басын қосты,  тағы 500-ден астам дәрігер бізді бүгін онлайн тыңдап отыр. Залда өз жұмысының нәтижелерімен бөлісуге дайын шетелдік әріптестерімізді де көру ерекше қуантады. Педиатриялық қызметтің болашағы тұрғысынан аға буын әріптестерінен білім алып, тәжірибе жинайтын және өз тәжірибелерін жетілдіретін көптеген жас мамандар жігерлендіреді.

«Съезд қорытындысы бойынша қабылданған қарар еліміздің педиатриялық қызметін одан әрі дамытуға жаңа серпін береді деп сенемін!», деді съездің ашылу рәсімінде Педиатрия және балалар хирургиясы  ғылыми орталығының Басқарма төрағасы Абай Құсайынов.

 

 

АЛМАТЫ