Соңғы жаңалықтар
Президент • 09 Ақпан, 2026
Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің басшысын қабылдады
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі еліміздің маңызды стратегиялық серіктесі саналатынын атап өтті. Қаржы институты Қазақстанда басымдыққа ие инфрақұрылымдық және инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Конституциялық комиссия жаңа Ата заңда волонтерлік қызмет мәртебесін бекітуді қолдады
Еліміздің жаңа Конституциясы жобасына азаматтар мен сарапшылар қауымдастығының ұсыныстары негізінде бірқатар маңызды толықтыру енгізілді. Оларды Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов, таныстырды. Ұсыныстардың ішінде волонтерлік қызметті конституциялық деңгейде бекіту бастамасы қолдау тапты, деп жазады Egemen.kz.
Экология • 09 Ақпан, 2026
Маңғыстаулық педагогтер халықаралық жобада жеңімпаз атанды
Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің арнайы пән оқытушылары Досан Қарашаев пен Айнұр Ондаханова «ETF Green Skills Awards 2025» беделді халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ата заң • 09 Ақпан, 2026
Индира Әубәкірова: Жаңа Конституция адам құқықтары мен азамат құқықтарының аражігін айқын белгілейді
Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Индира Әубәкірова Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның оныншы отырысында жаңа Ата заң жобасының 14-бабының 2,3 және 5-тармақтарына енгізіліп отырған өзгерістердің мәнін түсіндірді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Қазақстан Халық партиясы өңірлерде Конституциялық реформа барысын түсіндірді
Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) ел өңірлерінде Конституциялық реформаны түсіндіру жұмысын жалғастырып жатыр. Азаматтарға ұсынылып отырған өзгерістер, жаңашылдықтар және құжаттың нормативтік бөлігіне енгізілетін түзетулер туралы ақпарат беріліп, тұрғындардың да ұсыныстарына назар аударылып отыр, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 09 Ақпан, 2026
Қазақстанда жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады
Донорлық қан көмегінсіз қажетті ота мен медициналық көмек көрсету мүмкін емес. Сондықтан елімізде жыл сайын 80 мың ем алушы донорлық қан алады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Семейде терроризмді насихаттаған азамат 7 жылға сотталды
Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн платформалар арқылы терроризмді насихаттады деп айыпталған жергілікті тұрғынға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Мемлекет басшысы Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің Тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Қостанай облысының әлеуметтік салаларын дамыту: Үкіметте қандай мәселелер көтерілді?
Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен жиында Қостанай облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Жаңа Конституция: Сарапшылар қоғамдық тұрақтылық пен дамуға қолдау білдірді
Бүгін Павлодар қаласында «Жаңартылған Конституция – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында сарапшылар форумы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Логистика • 09 Ақпан, 2026
Қазақстан Қытай арқылы транзиттік автотасымалдау құқығын алған алғашқы ел атанды
Еліміз халықаралық автомобиль тасымалдарының географиясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. 2025 жылы ел 42 мемлекетпен үкіметаралық келісімдер жасасып, автотранзит пен экспорт-импорт бағыттарын әртараптандыруға нақты қадам жасады. Бұл шешімдер отандық тасымалдаушылардың сыртқы нарыққа шығуын жеңілдетіп, өңірлік логистикадағы Қазақстанның рөлін күшейтуді көздейді, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
Қонаевта қатты жел үйлердің шатырын ұшырып әкетті
Өткен түні Қонаев қаласында жылдамдығы секундына 27 метр боран соғып, тұрғын үйлердің шатыры ұшып, инженерлік желілер зақымданған. Осыған байланысты қалада штаб құрылып, коммуналдық қызмет көрсетуші компаниялар күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысқан, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Синоптиктердің болжамынша, 10-12 ақпан аралығында елдің басым бөлігінде боран соғып, жауын-шашын молаяды. Ал ауа температурасы кей өңірлерде -30 градусқа дейін төмендейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Энергия тапшылығынан қалай құтыламыз? Министрлік Ұлттық жоспардың жобасын таныстырды
Елімізде энергия тапшылығын жүйелі түрде шешу және электр стансаларының тозуын еңсеру мақсатында 2030 жылға дейінгі көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспар әзірленіп жатыр. Энергетика министрлігі бұл құжаттың жобасын сарапшылық қауымдастыққа дөңгелек үстел отырысында таныстырды. Ұлттық жоспар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес дайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Әлем • 09 Ақпан, 2026
Португалияда соңғы 20 жылда алғаш рет социалист президент сайланды
Португалияда өткен президенттік сайлауда Социалистік партияның кандидаты Антониу Жозе Сегуру жеңіске жетті. Euronews мәліметінше, сайлаудың екінші турында ол 66,8% дауыс жинаған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Ақтөбеде әйел мен үш бала газдан уланып қаза тапты
Ақтөбе қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінен әйел адам мен үш баланың мәйіті табылды. Бұл туралы облыстық әкімдік хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Тұрғын үй кезегі қайта жүйеленді: Кімдерге жеңілдік беріледі?
Елдегі тұрғын үй кезегіне қатысты сауал көбейген тұста Отбасы банк тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың деректерін орталықтандырылған түрде жүргізу және мемлекеттік қолдауды әділ бөлу үшін қабылданған нақты шешімдерді жария етті. Банк бұл шаралар кезектен негізсіз шығарылу қаупін азайтып, әлеуметтік осал санаттардың құқығын қорғауға бағытталғанын айтады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Анасы терезеден лақтырып жіберген балалардың жағдайы қалай?
Тараз қаласында 36 жастағы әйел екі бірдей баласын 5 қабатты тұрғын үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Оқиғаға қатысты Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдіріп, балалардың қазіргі жағдайы туралы мәлімет жариялады, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Алматыда электросамокаттардың кесірінен 400-ден астам адам жарақат алған
Алматы қаласында электросамокаттарды пайдалану тәртібін реттеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға полиция департаменті, прокуратура, қала әкімдігі басшылығы, сондай-ақ кикшеринг қызметін ұсынатын компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
Қаңтарда қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?
1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 138,1 мың адамға 2,3 млрд теңге сомасында тағайындалған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
19 млрд теңгеден астам заңсыз табыс: «Актив Ломбард» иесінің былығы әшкере болды
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) «Актив Ломбард» ісі бойынша тергеудің аяқталғанын мәлімдеді. Тергеу барысында Сергей Койнов пен оған қатысы бар бірқатар тұлғаларға заңсыз кәсіпкерлік және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру күдігі тағылып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 09 Ақпан, 2026
Су дипломатиясы бүгінге дейін қандай нәтиже берді?
Су дипломатиясы қазіргі заманның негізгі сынағы. Жер көлемінің басым бөлігі Азияға кіретін, жер шарындағы 4 мұхитқа шығатын төте жолы жоқ біздің ел үшін бұл күйіп тұрған тақырып, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2026
«Жарылғыш зат бар»: Атырау әуежайында жолаушылар эвакуацияланды
«Атырау – Алматы» бағытындағы әуе рейсіне тіркеу кезінде жолаушы ер адам қол жүгінде жарылғыш зат бар екенін айтқан. Оның хабарламасынан кейін әуежайдағы жолаушылар жедел эвакуацияланған, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 09 Ақпан, 2026
Оқу-ағарту министрі: Буллинг үшін директорды жұмыстан босату орынсыз
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы Атырау облысында болған оқушылар арасындағы буллинг жағдайына қатысты пікір білдірді. Оның ойынша, бұл мәселе мектеп директорын қызметтен босатумен шешілмейді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 09 Ақпан, 2026
SOS сигналы ажалдан арашалады: Алматы тауларында жартаста тұрып қалған азамат құтқарылды
Алматы тауларында 5 сағатқа созылған құтқару операциясы сәтті аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Армрестлингтен әлем чемпионына 5 бөлмелі үй сыйға берілді
Қол күресінен әлемге танымал «Шардара армспорт» клубы еліміздің көк туын әлемдік және халықаралық ареналарда желбіретіп жүрген үздік спортшыларына ерекше құрмет көрсетіп, арнайы сыйлықтар табыс етті, деп жазады Egemen.kz.
Төтенше жағдай • 09 Ақпан, 2026
Таразда анасы екі баласын терезеден лақтырып жіберді
Тараз қаласында қайғылы оқиға тіркелді. Көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі бірдей жас баланы анасы лақтырып жіберген. Оқиға Төле би даңғылы бойындағы жатақханада болған, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 09 Ақпан, 2026
Енді Ресейде жұмыс істеу қиындайды: Отандастарымыз үшін жаңа талаптар күшіне енбек
2026 жылғы 1 наурыздан бастап Ресейде шетелдік азаматтарды жұмыстан шығару негіздерін кеңейтетін жаңа норма күшіне енеді. Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, егер аймақтық билік шетелдік еңбек күшін тартуға шектеу енгізсе, жұмыс беруші мигрантпен еңбек келісімін бұза алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Заң мен Тәртіп • 09 Ақпан, 2026
Ресейден қуылған Нұрлан Сабуров алғаш рет мәлімдеме жасады
Орыс сахнасында өнер көрсетіп, танымалдыққа ие болған Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынды. Осы жағдайға байланысты әзілкеш көпшілік алдында алғаш рет үн қатты. Өнерпаз бұл мәселемен заңгерлер айналысып жатқанын айтып, тергеу аяқталғанға дейін егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 09 Ақпан, 2026
Президент Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаевты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.