Соңғы жаңалықтар
Жастар • 08 Желтоқсан, 2025
Қостанайда Студенттер ассамблеясының республикалық форумы басталды
Форумның салтанатты ашылу рәсімі Міржақып Дулатұлы атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде өтті. Жиында еліміздің әр өңірінен келген белсенді жастар этносаралық келісім мен бірлікті нығайту, Қазақстан халқы Ассамблеясының құндылықтарын білім беру жүйесінде ілгерілету мәселесін талқылайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Табиғат • 08 Желтоқсан, 2025
«Ертіс орманында» жабайы жануарларға қысқы азық орындары ұйымдастырылып жатыр
Орманшылар түз тағыларына азық ұйымдастыруды «биотехникалық іс-шара» деп атайды. Биыл резерват бойынша 61 азықтандыру орны бар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ауа райы • 08 Желтоқсан, 2025
Еліміздің бірқатар өңірінде 35 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанға қыстың алғашқы аязы келе жатыр. Ауа райын болжаушылар 9 желтоқсанда еліміздің солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс өңірлерінде күн күрт суытып, ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендейтінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Елорда • 08 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» – «Олимпиакос»: матчқа арнайы шаттл автобустар қатынайды
Елорданың «Астана Арена» стадионында 9 желтоқсан күні Чемпиондар лигасының аясында «Қайрат» – «Олимпиакос» матчы өтеді. Көрермендер үшін стадионға арнайы автобустар қатынайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Заң • 08 Желтоқсан, 2025
Енді Whatsapp-тағы хаттамалар да заңды күшке ие болады
Депутат Мұрат Әбенов мессенджерлердегі хат алмасулар мен дауыстық хабарламаларға заңды күш берілуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2025
Антальяда магнитудасы 4,9 болатын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 08 Желтоқсан, 2025
Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды
Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон бойынша ұйымының (IOM) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды. Бұл туралы шешім Женевада өткен ұйым кеңесінің кезекті сессиясында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Желтоқсан оқиғасы кезінде зардап шегіп, кейін сол жараның кесірінен өмірден ерте өткен солтүстікқазақстандық боздақ Нұржан Қалиасқаровты еске алуға арналған волейбол туранирі Петропавл қаласында жыл сайын өткізіліп келеді деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 08 Желтоқсан, 2025
Велоспорт үздіктері марапатталды
Қазақстан велосипед спорт федерациясы жылдың басты жетістіктерін, жүзеге асқан жобаларды және 2026 жылға жоспарланған даму бағыттарын таныстырды. Салтанатты іс-шараға спортшылар, жаттықтырушылар, мемлекеттік органдардың өкілдері мен федерация серіктестері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Заң • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда құқық қорғаушылар ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады
Алматыда ЛГБТ насихатына тыйым салатын заңды қолдау бойынша конференция өтті. Іс-шараға құқық қорғаушылар, заңгерлер мен қоғам белсенділері қатысты, деп жазады Egemen.kz.
Ғылым • 08 Желтоқсан, 2025
«Болашақ» арқылы атом энергетикасы саласының мамандарын даярлау кеңейеді
Бүгін Ғылым және жоғары білім министрлігінде төртжақты меморандумға қол қойылды, деп жазады Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Созақтағы серпіліс: Келешек мектептері – білім сапасының жаңа белесі
Созақ ауданында білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытындағы маңызды бастамалардың бірі – «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында ашылған Ы.Алтынсарин атындағы 900 орындық жалпы білім беретін мектеп. Осы жылдың 1 сәуірінен бастап өз жұмысын бастаған бұл білім ошағы бүгінде ауданның ең заманауи әрі мәртебелі мектептерінің біріне айналды, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Президент алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңды мақұлдады
Ақорда Президенттің алдағы үш жылға арналған бюджет туралы заңға қол қойғанын хабарлады.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Елімізде тұрғын үй кезегін жеделдету мақсатында жаңа ереже енгізілді
Енді азаматтар жеке мәліметтердің өңделуіне келісім бермесе, күту тізіміндегі орны төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Биыл елімізде 14 мың адам аты-жөнін өзгерткен
Биылғы жылдың 3-тоқсанында елімізде фамилиясын, есімін немесе әкесінің атын өзгерту бойынша 14 мың жағдай тіркелген екен. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім қылды, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Сәтбаевта қолына пышақ ұстаған ер адам дүкен қызметкерлерін қорқытқан
Сәтбаев қаласында сауда орнында төтенше жағдай тіркелді. Дүкенге кірген ер адам қолына пышақ алып, дүние-мүлікті бүлдірген. Полиция күдіктіні дереу қолға түсірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент • 08 Желтоқсан, 2025
Депутаттар Қазақстан мен Ресей арасындағы маңызды мәселелерді талқылады
Мәжіліс делегациясы Мәскеуде Мәжіліс пен Ресей Думасы арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі палатааралық парламенттік комиссияның XII отырысына қатысты. Мәжілістің вице-спикері Альберт Рау мен Мемлекеттік Дума төрағасының орынбасары Александр Жуковтың төрағалығымен өткен Палатааралық комиссияның отырысы жоғары деңгейдегі келіссөздердің қорытындыларын талқылаудан басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 08 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы Палестина Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президенттер әңгімелесу барысында Қазақстан және Палестина арасындағы достық, өзара құрмет пен қолдауға негізделген қарым-қатынасты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
WorldSkills Kazakhstan чемпионатына 15 жаңа құзыреттілік қосылды
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада 3 желтоқсанда басталған WorldSkills Kazakhstan 2025 республикалық кәсіби шеберлік чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. Биыл чемпионатқа қатысушылардың саны 1,5 есе артқан. Мәселен, былтыр 548 оқушы қатысқан болса, биыл 825 студент қатысқан, деп хабарлайды Egemen.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Астанада жас жігітті сауда орталығынан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен
Астанадағы сауда орталығының бірінде әскери комиссариат қызметкерлері 23 жастағы жігітті еркінен тыс алып кеткен. Оқиға куәгерлері бұл сәтті видеоға түсіріп алған. Аталған жағдайға елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департамент түсінік берді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бизнес • 08 Желтоқсан, 2025
Салық реформасы: жаңа жылдан бастап өсімпұлдар мен айыппұлдар кешіріледі
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Осыған байланысты шағын бизнеске қатысты салықтық әкімшілендіруді «жаңа таза парақтан бастау» жүргізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Желтоқсан, 2025
Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті
Келер жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-уі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Білім • 08 Желтоқсан, 2025
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау форматы өзгерді
Қазақстанда білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жүйесі жаңарып, оның мазмұны түбегейлі өзгерді. Бұдан былай аттестаттау бақылау шарасы ретінде емес, оқу орындарындағы білім сапасын, қолжетімділігін және мемлекеттік стандартқа сәйкестігін кешенді бағалайтын тетік ретінде жүзеге асырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қаржы • 08 Желтоқсан, 2025
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: доллар бағамы 508 теңгеге жетті
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағасы 508,30 теңгені құрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Мәдениет • 08 Желтоқсан, 2025
Иманбекке «Құрмет ордені» табысталды
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында ел тарихында тұңғыш рет «Грэмми» жүлдесін алған музыкант Иманбек Зейкенов «Құрмет» орденімен марапатталғанын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Алматыда пәтерінде есірткі тектес өсімдік өсірген тұрғын ұсталды
Алматылық полицейлер «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында көпқабатты тұрғын үйлерді тексерді. Тексеру барысында Әуезов ауданында үйін зертханаға айналдырған тұрғын қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Медицина • 08 Желтоқсан, 2025
МӘМС аясында балаларға тіс импланттары салынбайды
Әлеуметтік желілерде Алматы, Астана, Шымкент қалаларымен қоса бірнеше облыста 18 жасқа дейінгі балаларға МӘМС аясында брекеттер мен импланттар орнату бойынша пилоттық жоба басталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Медициналық сақтандыру қоры осы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 08 Желтоқсан, 2025
Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау шаралары күшейтілді
Қазақстанның Азаматтық альянсы ауылдық қоғамдық ұйымдардың кәсіби деңгейін көтеруге және олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасалған «Ауылдағы азаматтық бастамаларды дамыту» жобасын сәтті жүзеге асырды. Жоба Мәдениет және ақпарат министрлігімен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ қолдауымен іске асты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2025
Шнайдер көпіріндегі апат: Басқарма басшысы лауазымынан босатылды
Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Данияр Уахитов қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 08 Желтоқсан, 2025
Қостанайлық тұрғын лицензиясы жоқ салоннан 1,2 млн теңгесін қайтарып алды
Осы жылдың жазында Қостанай қаласының тұрғыны консультативтік-диагностикалық және дерматокосметологиялық қызмет үшін салонға 1,2 млн теңге төлеген. Алайда уәде етілген нәтижені көрмегендіктен келісімді бұзып, салоннан ақшаны қайтаруды талап еткен. Салон тұтынушының талабын ескерусіз қалдырғаннан кейін, қостанайлық тұрғын Тұтынушылар құқығын қорғау және сауда департаментіне жүгінген, деп жазады Egemen.kz.