Ар
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Ұлттық тауарлар каталогі: 2026 жылдан бастап тауар айналымы жаңа цифрлық тәртіпке көшеді
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда тауар айналымына қатысатын барлық өнім Ұлттық тауарлар каталогінде (ҰТК) тіркелуі тиіс. Бұл талап сауда көлемінің, соның ішінде онлайн сауданың күрт өсуіне және елдегі цифрландыру үдерісінің жедел дамуына байланысты қабылданған. Жаңа жүйе мемлекет пен бизнес үшін ортақ, бірізді әрі ашық тауарлық деректер кеңістігін қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әлем • 30 Желтоқсан, 2025
Лукашенко 22 сотталған азаматқа кешірім жасады
Беларусь президенті Александр Лукашенко мереке қарсаңында 22 адамды босату туралы шешім қабылдады. Олардың басым бөлігі экстремизм үшін сотталғандар, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара уақытша жабылады
Қырғыз Республикасының ҰҚМК Шекара қызметінің Ақпарат және коммуникациялар басқармасы Қазақстанмен шекарада азаматтар мен автокөліктердің өтуі уақытша тоқтатылатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Парламент • 30 Желтоқсан, 2025
Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды
Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының үшінші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Grand Tour Biathlon жобасы неліктен маңызды?
Биатлон федерациясы өңірлерден таланттарды іздеу бойынша бірегей жобаны жүзеге асырып жатыр. Бұл әлемдік стандарттарға барынша жақын балалар жарыстарының жаңа форматы. Жаңашылдық туралы Үкімет отырысында федерацияның бас хатшысы Манас Үсенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спорт • 30 Желтоқсан, 2025
Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ел намысын кімдер қорғайды?
Елімізде мәнерлеп сырғанаумен тұрақты жаттығатындар саны жыл сайын артып, бүгінде 2 700 адамға жақындады. Бұл туралы Үкімет отырысында Қазақстандық мәнерлеп сырғанау одағының вице-президенті Талғат Бұрхан айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Мемлекет басшысы жыл басынан бері 95 заң мен 388 жарлыққа қол қойды
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл атқарған нормативтік-құқықтық жұмыстарының қорытындысын жариялады. Мемлекет басшысы стратегиялық маңызы бар кодекстермен қатар, жаңа қалалардың мәртебесін айқындайтын құжаттарды бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жұмысшы мамандықтар жылы • 30 Желтоқсан, 2025
Өнеркәсіп пен құрылыс саласындағы 500-ге жуық қызметкерге жоғары марапаттар табысталды
Президент Жарлығымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы кәсіптік білім беру саласын реформалаумен және қарапайым еңбек адамдарын дәріптеумен есте қалды. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында атқарылған істерді Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай телеграм арнасында қорытындылады, деп жазады Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Биыл Мемлекет басшысы 23 рет шетелге шықты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл ішінде 23 рет шетелге мемлекеттік, ресми және жұмыс сапарымен шыққан. Бұл туралы Президент көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сауда • 30 Желтоқсан, 2025
Ресейдің мыңдаған ескі көлігін Қазақстанда сату отандық нарыққа әсер ете ме?
Ресейде қолданыста болған 50 мың автокөліктің Қазақстанда сатылымға шығарылуы отандық нарыққа қалай әсер етеді? Көршілес елде жаңа жылдан бастап лизингте болған, алайда келісімшарт талаптары бұзылғандықтан иелерінен қайтарылған автокөліктер 5-40 пайыз аралығындағы жеңілдікпен сатылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Президент • 30 Желтоқсан, 2025
Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады
Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының елімізді ірі транзит хабына айналдыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 30 Желтоқсан, 2025
Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астана – Қарағанды тасжолы шұғыл жабылды
30 желтоқсан күні сағат 08:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты Астана – Қарағанды бағытындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Қауіпсіз онлайн-сауда: суық қару сатылымнан алынып тасталуы тиіс
Бас көлік прокуратурасы интернет-кеңістіктегі суық қарудың заңсыз айналымының жолын кесу бойынша шаралар қабылдауда, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Балабақшаларда кезек 2 есе азайды
Президент тапсырмасы бойынша балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру ауқымы кеңейтілді. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз-конференциясында Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Тараз горнизонында бес егіз жұп қызмет етеді
Өңірлік «Оңтүстік» қолбасшылығына қарасты Тараз гарнизоны тек жауынгерлік даярлығы мен тәртібімен ғана емес, ерекше құрамымен де көзге түседі. Мұнда бірден бес жұп егіз ағайынды сарбаз мерзімді әскери қызмет атқарып жүр. Олардың әскердегі ортаға тезірек бейімделуі үшін егіздерді бір-бірінен бөлмеу туралы шешім қабылданған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Ақтоғай ауданында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Ортадересін ауылдық округінде тұрғындар үшін аса маңызды әлеуметтік нысан – жаңа медициналық пункт өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
1 қаңтардан бастап елімізде не өзгереді?
Жаңа жыл табалдырықтан аттаған сәттен бастап еліміздің тыныс-тіршілігінде айтулы өзгерістер болады. Қаңтар айы азаматтар үшін тек демалыс күндерімен ғана емес, құқықтық және экономикалық маңызы бар жаңа ережелермен есте қалмақ. Бұл айда бізді 12 демалыс пен 19 жұмыс күні күтіп тұр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Qarmet-те жаңа буындағы Ахуал орталығы іске қосылды
Қарағанды облысындағы Qarmet металлургиялық комбинатында өндірістік қауіпсіздік пен жедел басқаруға арналған жаңғыртылған Ахуал орталығы пайдалануға берілді. Жаңа буындағы бұл цифрлық платформа тәулік бойы, 24/7 режимінде мониторинг, талдау және қауіпсіздікті басқару үдерістерін бір жүйеге біріктіреді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 29 Желтоқсан, 2025
Мария Хаджиева қызметінен босатылды
Мемлекет басшысының өкімімен Мария Жамаловна Хаджиева Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Медицина • 29 Желтоқсан, 2025
Алматыда жүрек трансплантациясын жасатқан науқас отбасына оралды
Егер оқырманның есінде болса, осы қараша айында Алматы қалалық кардиологиялық орталығы өз тарихында алғаш рет 34 жастағы пациентке жүрек трансплантациясы операциясын жасаған еді. Қазір ауруханадан шыққан пациенттің жағдайы бірқалыпты. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2025
Кеншілер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі деп танылды
Астанада Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өткен «Еңбек жолы – 2025» республикалық байқауының жеңімпаздары салтанатты түрде марапатталды. Марапат иелері қатарында Қарағанды облысының өкілдері де бар. Шахтинск қаласынан шыққан Волокитиндер әулеті елдегі үздік еңбек династияларының бірі ретінде танылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2025
Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды
Францияның аңызға айналған актрисасы, ХХ ғасырдың ең танымал әйелдерінің бірі Брижит Бардо 92 жасына қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Ел экономикасына тартылған инвестиция 6 млрд долларға жетті
Биыл Қазақстан экономикасына «Астана» халықаралық қаржы орталығы арқылы тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай артты. Инвестициялық ағынның өсуі қаржы нарығындағы белсенділікті күшейтіп, орталықтың кіріс базасын кеңейтуге мүмкіндік берді, деп жазады Egemen.kz.
Спорт • 29 Желтоқсан, 2025
«Қайрат» Анарбековты сата ма? Клубтың соңғы шешімі белгілі болды
Алматылық «Қайрат» футбол клубының басшылығы маусым қаһарманы, қақпашы Темірлан Анарбековке қатысты түбегейлі шешім қабылдады. Клуб 22 жастағы дарынды ойыншыны осы қыста ешбір командаға бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Әскер • 29 Желтоқсан, 2025
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы сарбаздардың бес арманын орындады
Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы үміт пен ізгі ниетке толы ерекше кезең Жаңа жылда сарбаздардың ғажайыпқа деген сенімін оятып, шынайы тілектерін орындады, деп жазады Egemen.kz.
Қаржы • 29 Желтоқсан, 2025
Елдегі кәсіпкерлер салыққа бола шетелге көшіп жатыр ма? Қаржы министрі жауап берді
Қаржы министрі Мәди Тәкиев жаңа Салық кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан кәсіпкерлерінің өзге елдерге жаппай қоныс аударып жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 29 Желтоқсан, 2025
Атырау қаласындағы Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан базарлардың бірінің аумағында киім дүкенінен өрт шықты. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі келгенде контейнер үлгісіндегі дүкеннен шыққан қызыл жалынның басқа аумаққа таралу қаупі жоғары болған, деп жазады Egemen.kz.
Экономика • 29 Желтоқсан, 2025
Алматы мен Астананың айырбастау орындарындағы доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Қылмыс • 28 Желтоқсан, 2025
Алаяқтар бұрын алданған адамдарға полиция атынан хабарласқан
Абай облысының полицейлері азаматтарға алаяқтардың жаңа қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертті, деп жазады Egemen.kz.
Қоғам • 28 Желтоқсан, 2025
Соғыс сарбазының сүйегі туған жеріне қойылды
Қызылордадағы «Тағзым» алаңында екінші дүниежүзілік соғыста Ресейдің Псков қаласын азат етуде оққа ұшқан Байбол Рахметов рухына әскери құрмет көрсету шарасы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.